Септіктерді қайталау.

35

Сабақтың  тақырыбы: Септіктерді  қайталау.

Сабақтың  мақсаттары: 

  1. Зат есімнің септелуі туралы білімдерін еске түсіру және нығайту.Септіктердің  түрлерін және сұрақтарын, оның жалғауларын  ажырата білуі.
  2. Сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей  білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
  3. Оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау.

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі:  Саяхат сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта,кесте,слайдтар.

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, бүгін  біздің сабағымызға ұстаздар келіп отыр.Амандасу.

-Бүгінгі сабақта күннің шуағы ананың ыстық алақанындай  сендерді аймалап,  жүректеріңе мейірім  мен шаттығын  үйе  берсін демекпін.

-Сендерге  терең білім, көтеріңкі  көңіл-күй тілеймін!

-Балалар,қазір қай сабақ?

-Бүгін қазақ тілі сабағында септіктерді қайталаймыз.

-Бүгін біз   саяхатқа шығамыз ендеше, бәріміз  дұрыс  отыра  қалайық.

-Саяхатқа біз немен шығамыз?

«Саламатты Қазақстан» поезы.(№2-слайд)

-Поезбен.

Ендеше, біз «Саламатты Қазақстан» поезымен  шығамыз.

-Дұрыс,  айтасыңдар.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Поезымыз орнынан қозғалу  үшін  үй  тапсырмасын  тексеріп шығайын.

-Үйге қандай  тапсырма  берілді?

108 беттегі, 349-жаттығу және септіктерді  жаттау.

-Біз қайда келдік? Астанаға. Астана  қаласы туралы не білеміз?

— Астана қаласы еліміздің астанасы. Астана күннен күнге көркеюде.

«Мен саған,сен маған»   ойынын ойнайық. Септіктердің ережелерін қайталау.

Хан -шатыр киноконцерт кешені.(2-слайд)

Ой қозғау.

Барлығына үлгі болар, қарақтар,
Байсалды да, ақылды да Марат  бар.
Жеке басым ең алдымен Марат… (тың)
Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.
Сенбейсің бе, күнделікті парақта:
Талай «бестік» қойылыпты Марат… (қа)
Батыл емес дей алмайсың Марат…, (ты)
Сол үйретті ауылдағы бар атты.
Алғыссыз күн болған емес Марат…, (та)
Жетеді онда ынта, жігер, талап та.
Қай өнер де табылады Марат…, (тан)
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.
Міне, сондай жақсы бала Марат… (пен)
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттен.

Есіл өзені.(3-слайд)

3.Дәптермен жұмыс.

Күн жадысын  жазғызу. Сс әрпін көркем  жазу.Сағат  сөзін септеп шығамыз.

Сарыарқа велотрек кешені. (4-слайд)

Кітаппен жұмыс.

Кітабымыздың 107 бетіндегі 348 жаттығуға  қарайық.

Сергіту сәті: Қара  жорға биі.

«Астана» мұз қалашығы.(5-слайд)

Топтық  жұмыс.

1-топ Астана туралы 4 жол  өлең жазады.

2-топ Астана қаласы туралы сөйлемдер жазады. (тақтада  жазады)

3-топТақтада жазылған септіктегі сөздердің жалғауларын белгілейді.

Назарбаев университеті.(6- слайд)

Ендеше,  балалар, осы  университетке  түсу  үшін, сабақты қалай оқуымыз керек?

(оқушылар   әр түрлі жауап береді)

Қорытынды.

-Балалар, бүгін қазақ тілі сабағында  не  өттік?

— Қай қаланы  араладық?

—  Біздің   қаламыздың,  Астанамыздың,   республикамыздың   әрі   қарай  гүлденуі  де,  өркендеуі  де  мына  сендердің  қолдарыңда.  Өйткені,   сендер  біздің  болашағымызсыңдар.  Ол  үшін  сендер  не  істеулерің   керек?  Тек  жақсы   оқуларың   керек.

«Астана ғарыштан қарағанда» видеосы көрсетіледі.

Үйге тапсырма. 108 жаттығу 350- жаттығу, септіктерді жаттау.

Бағалау.