Қос сөздер, қайталама қос сөздер

64

Тақырып.  Қос сөздер, қайталама қос сөздер

1а Күрделі сөздердің түрлерін қайталап, қос сөздерге түсінік беру;

1ә. қайталама қос сөздерінің жасалу жолдарын меңгерту

  1. оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру
  2. ана тіліне қызығушылықтарын арттыру

 

Саб.түрі: аралас  сабағы

Жұмыс түрі: жеке, өздік, фронтальдық

Әдіс-тәсілдері: диктант, репродуктивті әдіс, практ.жаттығу, терме диктанты

Құрал-жабдықтары: оқулық,  эл.презентация

Саб.барысы:

 

1       кезең
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсатын қою
3. Үй тапсырмасын тексеру

а\ 87-жаттығу. Көркем әдебиеттерді пайдаланып, күрделі сөздердің әрқайсысына бес-бестен мысал тауып жазыңдар. Сыныпта оларға мағыналық талдау жасаңдар.

ә\ — Диктант

1. Күрделі сөздер қай тәсілмен жасалады?

2. екі немесе одан да көп түбірден құралған сөздер

3. сөз бөлшектері

4. сөз тудырушы, сөз түрлендіруші болып екіге бөлінетін

5. түбірдің неше түрі бар?

4. Ө/т қайталау

Әрі, еш, кей, әлде, бір сөздерімен сөз тіркестер құраңдар. 1 қатар – бөлек жазып, 2 – бірге жазылатын.

1. заттық мағынадағы сөздермен қолданса: әр адам, кей уақыт, әлде  мал, еш ару, бір бала

2. әлдекім, ешкім, кейбіреу, бірнеше

2 кезең
Жаңа тақырып

а\ Репродуктивті әдіс

Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту. /эл.презентация арқылы/

Сөздерді жазып, мағынасын анықтату.

Ата, ана /жалпылық ұғымды білдіретін зат есімдер/, ата-ана/ көптік, жинақтық мағынаға ие болды/.

Тәуір-тәуір, тәп-тәуір/әсерлі әрі көркем/.

Қорытынды: сөздердің қосарланып нмесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп аталады.

2. Кесте арқылы қайталама қос сөздерді түсіндіру. Кестені өз мысалдармен толықтыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
3. Анықтамалық  дәптерге жазғызу.

4. Практикалық жаттығу

а\ Қосарланған сөздердің сыңарларын толықтырыңдар.

… – ерніне, … – мүйе,

… – жас, … – көре,

 … – жұлт, …- бірден.

Керек сөздер: бір, жалт, ерні, көре, түйе, жап, көре

ә\ Оқулықпен жұмыс.

88- жаттығу. Қос сөздердің қалай жасалғанын айтыңдар./ауызша/

92-жаттығу. Мәтінді оқып, баяндау сипатына қарй оның түрін анықтаңдар. Мәтіннен қос сөздерді тауып, қалай жасалып тұрғанын дәлелдеңдер.

Мезгіл-мезгіл, жүріп-жүріп, қырпық-қырпық, шөкім-шөкім, үйді-үйдің, бірте-бірте, тұп-тұнық, әжім-әжім, бұлғаң-бұлғаң.

б\ Терме диктанты. Мәтіннен қос сөздерді теріп жазу. Қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздерді ажырату.

Білдік. Кемпір-шал, қатын-қалаш, бала-шағалар ғана екен. Қолына қару алуға жарайтындардың бәрі аңдушы болып кетіпті. Барлауға баратындар он адам. Олар ауылға лек-легімен жүріп кетті. Олар ауылдың шетіндегі бір үйге келді. Ішінде ешкім жоқ. Үй іші ағыл-тегіл жатқан оны-мұны нәрселер: ыдыс-аяқ, көрпе-жастық, көйлек-көншек дегендер.

Өздік жұмысы

89-жаттығу. Суретке қарап, мәтін құраңдар. Заттарға сипаттама бергенде қос сөздерді пайдаланыңдар. Сол қос сөздердің қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

Үй тапсырмасы

а\ 44б. ережені түсініп оқу

ә\ 90-жаттығу. Қайталама қос сөздерді мағыналық жағынан байланысатын сөздерді тауып, сөз тіркесіті етіп жазыңдар.

Ауызба-ауыз сөйлесті, әрең-әрең келді, бас-басына сыйлық.