Етістіктің шақтары. Осы шақ.

65

      7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары. Осы шақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің түрленуі туралы мәлімет беру, етістіктің шақ категориясын ажырата білуге үйрету, шақ түрлерінің бір – бірінен айырмашылығын таныту. Берілген сұрақтарға толық, анық, нақты жауап беру. Оқушыларға білімді жетік меңгеру үшін әр түрлі тапсырмалар беру.

Тәрбиелік: жан – жақты дамуға адамгершілікке, бірлікке баулу.

Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау, машықтарын қалыптастыру. Сөздік қорын дамыту. Талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Етістіктің шақ категорияларын ажырата біледі. Осы шақтың түрлерін және оның жасалу жолдарын анықтай алады.

Сабақтың ресурстары: кестелер, кубик, «түймедақ сұрақтары», сурет, кластер, бағалау парақшалары

Сабақтың әдіс-тәсілі: миға шабуыл, «бақытты сәт», “Insert”, «блумның сұрақтары», эссе, «домино» ойыны

 

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Модульдер
1. Тренинг «Қуаныш сыйлау» Тақтада тұрған сөзді оқытады Тақтадағы сөздерді оқиды, бір-біріне күлімсіреп қарайды. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Өткен материалды тексеру /үй жұмысы/

«Бақытты сәт» ойыны

 

 

 

 

Оқушыларды ойынның шартымен таныстырады. Жауаптардың дұрыс болуын қадағалайды.

Шеңберде тұрып, кубиктің көмегімен таңдаған сектордағы бір сұрақты алып жауап береді

№1 сұрақ – 1 ұпай

№2 сұрақ – 2 ұпай

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

СТО

Дарынды және талантты б/ж

2. Жаңа сабақ

Тақырыпты ашуға арналған тапсырма

«Миға шабуыл»

«Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан  /өткен шақ/
Келді аңсатып, алыстан армандатып /өткен шақ/
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан /Осы шақ/ »


Талда: Етістіктің қай шақта тұрғанын тап, талдау жаса.

Ойларын жинақтауға көмектеседі.

Тақтада берілген сөйлемді оқып шығып, етістіктердің айырмашылығын табу керек /ауызша жауап береді/ СТО

АКТ

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

Диологтік оқыту

 

 

3. “Insert”әдісі арқылы сабақтың мақсатын анықтау
Білемін Білгім келеді Білдім

Оқушылардың осы тақырыпқа байланысты қандай білімдері бар, сабаққа қандай мақсат қоятының анықтайды

Берілген кестені толтырады Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

СТО

Дарынды және талантты б/ж

Диалогт.оқыту

4. Топтық жұмыс

 

«Домино» ойыны

 

 

 

 

 

 

 

Кесте толтыру

ережеге байланысты

/шың кітабынан/

Оқушылардың топқа дұрыс бөлінуін, топтағы жұмысты қадағалайды, бағыттайды.

І топ-осы шақ

ІІ топ – өткен шақ

ІІІ топ – келер шақ

Топтағы әр оқушының жұмысын қадағалайды.

Оқушылар түстер арқылы топқа бөлініп, үш топ құрайды. Әр топтың үстелінің үстінде тұрған гүлдің бір жапырағын алып сонда берілген сұраққа жауап береді. Соның негізінде берілген сұрақты толықтырады. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

СТО

Дарынды және талантты б/ж

5. «Блумның түймедағы»

 

Топтағы әр оқушы түймедақтың бір жапырағын алып толтырғанын қадағалайды.

 

Осы шақтың түрлерін ажыратып, олардың жасалуын айтады, мысал келтіреді СТО

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

 

 

 

6. Жазбаша жұмыс

114-жаттығу

Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалайды Нақ осы шақты ауыспалы осы шаққа айналдырады, жаттығуды тексереді СТО
Сергіту сәті

 

Оқушылар биді орындайды Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
7. Шығармашылық жұмыс

/суретке қарап,  шағын әңгіме құрастыру/

Тапсырманың дұрыс орындалуына бағыт-бағдар береді Берілген суретке етістіктің шақтарын қосып шағын әңгіме құрастырады. СТО

АКТ

Дарынды және талантты б/ж

Жас ерекш.

8. Сабақты қорыту

«Кластерді түзет»

Тақтада шығып, түзету қажет

Бақылайды, бағыттайды Тақтадағы қате кластерді шығып түзетеді, сабақ бойы өткенді қорытады. СТО
9. Бағалау

/бағалау парақшаларын жинап, сумативті бағаны қою/

Алған ұпайларын қосып, сумативті бағаны қояды Алдарында жатқан парақтардағы ұпайларды есептейді Бағалау
10. Рефлексия

«аяқталмаған сөйлем»

«Аяқталмаған сөйлемдері» бар карточкаларды беріп сабақтан қандай әсер алғандарын анықтайды. Сабақтан алған әсерлерін айтады. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

Диологтік оқыту

11. Үй жұмысы

а/Етістіктен болатын жер-су атаулары туралы мәлімет жинастыру

б/ережені жаттау              д/112-жаттығу

Үй жұмысын түсіндіреді Күнделікке жазып алады.