Етістіктен өткенді қайталау

28

 

Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың етістіктен алған білімдерін тиянақтау,  практикалық тұрғыда тексеру.

Тәрбиелік: ұлтын сүюге, туған жерін, елін аялап қастерлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: берілген мысалдардың мән- мағынасын аша отырып, терең ойлауға, жүйелі ой түюге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: қайталау, бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, топтастыру, ұлттық ойын түрлері.

Сабақтың барыcы

         Қызығушылықты ояту

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-Балалар, Ұлыстың ұлы күнінің алдында өткелі отырған ашық сабағымыздың көңілді, ойдағыдай өтуіне әрқайсымыз өзіндік үлесімізді қосайық.  Барлықтарыңа бүгінгі сабақта қанжығаларыңа бір- бір «бес» деген бағаны байлап қайтуларыңа тілектеспін. Енді бір- бірлеріңе деген тілектеріңді жеткізе қойыңдар.

Мағынаны тану

«Қыз қуу» ойыны арқылы етістіктен өткенді қайталауға кіріселік. Ортаға 2 топтан бір- бірден оқушы щықсын. Біреуі ұл бала, екіншісі қыз бала. Бұл ойында қыз бала ұл балаға бірнеше сұрақ қояды. Сұрақ қою барысында ұл барлық сұраққа жауап берсе, атпен қуып жетті деген сөз. Жауап бере алмаса қамшының астына алынады. Толық жауап берген ұл қыздан сыйлық алады.

Сұрақтары:

  1. Етістік дегеніміз не? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
  2. Етістіктің құрамдық түрлерін ата? (дара, күрделі)
  3. Болымды етістік және болымсыз етістік дегеніміз не? Мысалмен дәлелде
  4. Сабақты етістік пен салт етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
  5. Етістің анықтамасын айтып, түрлерін ата. Мысал келтір.
  6. Көсемше дегеніміз не? Жасалу жолдарын ата. Мысалмен дәлелде.
  7. Есімше дегеніміз не? Жасалу жолдарын атап, мысалмен дәлелде.
  8. Тұйық етістік дегеніміз не? Мысалы.

 

 «Ақсүйек ойыны». Екі топтағы 20 оқушыға конверттер таратылады, тек екі топтан бір оқушыға ғана ақсүйегі бар конверт түседі. Конвертте ақсүйекпен қоса сұрақ болады. Жауап беретін оқушы ортаға шығады.

  • сұрақ

Шашу дегеніміз не?Етістік және зат есім қызметінде жұмсалуына мысалдар келтір.

  • сұрақ

Жасау дегеніміз не?Етістік және зат есім қызметінде жұмсалуын мысалдармен дәлелде.

Қосымша сұрақ

Қалау дегеніміз не?Мысалдар келтіріңдер.

Зат есім және етістік қызметінде қолданылатындықтарына бір- бір мысалдар ойлаңдар .

«Тақия тастамақ» ойыны. Топтан бір оқушы тұрады да, өзі қалаған баланың басына тақияны кигізеді немесе алдына тастайды. Тақияның иесі тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.

1 – тапсырма

Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру. Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді.

Н.Ә.Назарбаев

2 – тапсырма

Қазақ тіліне қамқорлық жасау – менің перзенттік те, президенттік те парызым.

Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.

Н.Ә.Назарбаев

Ой толғаныс сатысы

          Руно тест сұрақтары.Оқушылар тест сұрақтарының жауабын дұрыс табатын болса, бөрік және тымақ деген сөздер шығуы керек.

1.Туынды етістікті табыңдар.

А) Сұра

У) Бөл

Т) Ойла

В) Қал.

2.Ортақ етісті табыңдар.

А) Тарс

Г) Жумас

Ы) Жуыс

Р) Дос.

  1. Ырықсыз етісті табыңдар.

А) Айтқыз

Е) Жуынды

М) Орылды

Т) Жәбірледі.

4.Сабақты етістікті табыңдар.

А) Әкел

Р) Көмектес

В) Қалма

Н) Жатыр.

  1. Омоним болатын етістік.

А) Кел

Ә) Бол

Қ) Бақ

В) Отыр.

  1. 6. Дініңді, ұлтыңды, арыңды сақта.

Сөйлем құрамындағы етістіктің етістіктің қай түріне жататындығын анықтаңдар.

А) Салт етістік

Б) Болымды етістік

Д) Болымсыз етістік

Ж) Тұйық етістік.

  1. Өздік етісті табыңдар.

Ө) Көрінді

Ә) Көргіз

Л) Көрсетіңіз

С) Көрісті.

8.Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.

Сөйлем құрамындағы тұйық етістікті анықтаңдар.

А) Үйге, мешітке

Ә) Қасиетті орындарға

Б) Оң аяқпен

Р) Кіру керек.

9.Субъектісі белгісіз әрекет қалай аталады?

А) Өздік етіс

Ә) Ортақ етіс

І) Ырықсыз етіс

В) Өзгелік етіс

  1. Қазақ үйіне келген адамға дәм таттырып шығарады.

Сөйлемнен көсемшенің жұрнақтары бар сөздерді табыңдар.

А) Қазақ үйіне

В) Келген адамға

П) Үйіне келген

К) Дәм таттырып шығарады.

 

Үй тапсырмасы: « Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты тақырыпта  ойтолғау жазып, құрамындағы 10 етістікке талдау жасау.