Қош бол, құтты ӘЛІППЕ!

31

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.

Тақырыбы: Қош бол, құтты ӘЛІППЕ!
Мақсаты:
1.Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
2.Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
3.Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жетпіс келед жүгіріп.

Немере:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
І-жүргізуші:
Қайырлы күн, уа, халайық!
ІІ-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
І-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
1-оқушы: —                  Гүлім
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы:-                       Дамир
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы-                     Ерназ:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Ән: «Әліппе»
Қане бері қарайық,-    Алина
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.
1.Қарсы ал ерте күн көзін-Фариза

Төсегіңді жина өзің

Асықпай іш тамақты

Жалама ыдыс аяқты

2.Астанам ,ұлы Астанам,Ұлылыққа бастаған-Елмұрат

Мақтан тұтар өзіңді,кіп-кішкентай жас балаң

3.Зау-зау заңғар,заңғарлар,Замандар бар, заңдар бар-Жаннұр

З-да барлық заңдылық,Заңда з мен заң болар.

4.Ана тілің арың бұл,Ұятың боп тұр бетте-Дархан

Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте.

5.Қарағанды көмірі,Қостанайдың егіні,-Мөлдір

Даласындай жомарт қой, қазағымның көңілі

6.Жағасында Ертістің,Семей деген қалам бар-Айгерім

Туған мұнда атақты Абай, Мұхтар бабалар

7.жарақты жаумен жұлқысқан,Қылышты жаумен қырқысқан,-Дильназ

Ең ежелгі астана қасиетті Түркістан

8.Піскен алма топ-топ түсті,топ-топ түсті көптен түсті-Әлфараби

9.Ас біткен анасы қасиетті нан осы-сабина

10.Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?-Ақжол

Қазақстан

Ендеше сендерҚазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар

1-оқушы:-                        Ернұр
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
2-оқушы:-                         Жансая

Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
3-оқушы:-                       Толғанай
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
4-оқушы —                    Айман
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
«Отан» әні.

  1. Келгенде алғаш мектепке,- Айгерім
    Білмеуші едік әріп те.
    Оқимыз қазір ертекті,
    Үйреткен оны Әліппе.
    2. Бұрқыраған білімнің,- Досымжан
    Қайнар көзін көріп пе ең?
    Том — том қалың кітаптың,
    Басы болар Әліппем.
    3. Бар кітапқа бас болған,- Ислам
    Әліппе – ғылым анасы.
    Әліппеден басталған,
    Даналықтың данасы..
    4. Әліппем менің әліппем.-  Бекжан
    Өмірді көрем танып мен
    Қайталап айтам мың рет
    Өзіңе көп – көп рахмет.
    5. Бүкіл қазақ баласы дәріптеген-
    Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.
    Ризамыз бәрімізді таныстырған,
    Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен
    6. Таныстырып 42 әріппен,-            Алина
    Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
    Сенің арқаң оқи жаза білгенің
    Сауатты адам қатарына кіргенім
    7. Ең алғаш алғанымда «Әліппені»- Дильназ
    Қызығып қарай бердім әріптерді
    Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
    Ұстазым оның кілтін алып берді
    «Бір оңға, бір солға-ән

Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді мақалдар құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік. Мақалдарды дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан сөзді оқимыз.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
ІІ- жүргізуші:-Әлфараби
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)
Қыздардың орындауында би.
1-оқушы:-Алина
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
«Ұстазым» әні.
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.
«Буратино» биі.
Әліппе:
-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге

Ана тілі  оқулығымен де таныстыңдар.
 

 

 

Ана тілі: Қызғалдақ
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
2-жүргізуші-Әлфараби

«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

«мектебім»немесе «Балдәурен»әні.

Жеке номер. Алина орындауында ән

Әйгерім-би

Ән « Алғашқы әліппе  »  Хормен

Ант қабылдау
1.Отанымды сүюге

  1. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,
    3. Отанымызды мақтаныш етуге;
  2. Ата-ананы қадірлеуге;
    5. Білімге ұмтылуға;

6.Салауатты өмір салтын ұстануға;
7. Табиғатты аялауға;

  1. Мектеп ережесін сақтауға
    9. Үлкенді құрметтеуге

10.Кішіге қамқор болуға
Барлығы хормен: Ант етеміз, Ант етеміз, ант етеміз