Қазақстандық батырлар. Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау.

117

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық батырлар. Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:

Отан қорғаған Қазақстандық батырлар туралы мағлұматтар алады және сөйлем мүшелерінен өткенді практикалық жолдармен меңгереді.

2.Дамытушылық:

Оқушылардың қазақша ауыз екі сөйлеу тілдері дамиды, сөздік қорлары көбейеді және ойлау қабілеттерін дамыта отырып,  танымдық деңгейлері артады.

3.Тәрбиелік:

Жас ұрпақтың бойына отансүйгіштікті жеткізе білу, отанын сүйетін, елін қорғайтын ержүрек, патриот тәрбиелеу.

 

Сабақтың эпигрофы: «Батыр туса — ел ырысы» (мақал)

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

 

Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстандық батырлар туралы  слайд-презентация, жаңа сөздер, кәртішкелер мен тапсырмалар, ақ қағаз бен түрлі түсті маркерлер.

 

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап әдісі, топпен жұмыс, жекелеген жұмыс түрлері, ізденушілік жұмыс, бес жол құрау әдісі, венн диаграммасын жасау әдісі, ой қозғау, ой толғау әдістері

 

Сабақтың пән аралық байланысы: қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, музыка сабақтары.

 

Сабақта қолданылатын  жаңа  технологиялар элементтері: сыни тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері және ынтымақтастыра отырып оқыту технологиясының элементтері

 

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесіп, көңіл күйлерін сұрап, сабаққа бейімдеу

2.Кезекшімен сұхбат

І. Қызығушылықты ояту (сұрақ -жауап әдісі)

Балалар, біздің Отанымыз қандай мемлекет?

(иә, тәуелсіз, егеменді, бай мемлекет)

Тәуелсіз мемлекетте қанша ұлт өкілдері тұрады?(130дан астам ұлт өкілдері)

Бірі-бірімен осы ұлттар қалай тұрады?(бейбіт, тау-тәтті өмір сүреді)

Осы бейбіт өмір үшін, бостандық үшін,бейбітшілік үшін кімдер қан мен тер төкті?

Олар біздің батыр ата-апаларымыз, аға-әпкелеріміз, қазақстандық батырлар.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

1.2. Балалар, «Жеңіс» сөзін естігенде  естеріңе қандай жақын сөздер түседі?

(ассосация жасату)

 

Ержүрек               9-мамыр                  Қорғау

Батырлдар        Жеңіс                    Ерлік

Қаһарман                           Батырлық

Отан         Әлия мен Мәншүк       Туған жер

1.3. Енді осы сөздерді қатыстыра  сөз тіркесін жасатып, сөйлемдер құрату.

(айтылым )

Ержүрек батыр, 9-мамыр  Жеңіс күні, Ерлік көрсетті, қаһарман жауынгер, Әлия мерген, Мәншүк батыр, туған жерім,Отан ыстық.

 

1.4. Сөздікпен жұмыс(сабағымызға қатысты жаңа сөздермен таныстыру)

 

Ардагер-ветеран

Ерлік-героизм

Ержүрек-храбрый

Қорғаушылар-защитники

Батыр, қаһарман-герой

Жауынгер-солдат

Майдан даласы-фронт

Жаудан-от врагов

Мәңгі- вечно

Тағзым -поклон

 

 

 

ІІ. Мағынаны ажырату

1.1. Жаңа тақырыпты түсіндіру(тыңдалым)

Ұлы Отан соғысы 1418 күн мен түнге созылды. Осы соғыста Кеңес Одағының 27млн. адамы құрбан болды. Қазақстандық 1млн.200 мың адам майданға аттанды. 5000 Қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. 4 адам екі мәрте кеңес Одағының батыры атағына ие болды.  Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова , Сергей Луганский, жиырма сегіз Панфиловшылар, Леонид Беда, Талғат Бигелдинов бұлар — қазақстандық батыр-жауынгерлер. Ұлы Отан соғысына елін, жерін жаудан азат ету үшін біздің жерлестеріміз бен ауылдастарымыз қан майданға аттанды.  Дмитриевка ауылынан Лука Семенович  Зацепин және Мария Зацепиналар  Отанын жаудан қорғауға қолына қару алып, майданға аттанды.

1.2. Үй жұмысын сұрау, яғни оқушылардың  «Қазақстандық батырлар» туралы дайындап келген материалдарын тыңдау. (айтылым)

Света- халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы туралы, Константин- Қасым Қайсенов туралы, Никита -Әлия Молдағұлова туралы, Нұрлан — Мәмшүк Мәметованың өмірі мен ерліктері туралы айтып береді.

Роза Рымбаеваның орындауындағы «Әлия» әнін тыңдату

Мұғалім : Шығыс Қазақстан облысынан шыққан батырлар мен ержүрек жауынгерлер туралы слайд-презентация көрсетеді және мектептегі өлкетану мұражайынан алынған көрнекіліктер , яғни Дмитриевка ауылынан соғысқа қатысқан Зацепиндердің фото суреттері мен олардың медальдарын, алған марапат қағаздарын, жауынгер каскасы мен заттарын көрсетіп, қысқаша айтып береді.(аймақтық компонентті қолдану)

Сергіту сәтін орындату:

ГҮЛДЕРДІҢ ЕРТЕМЕН ҚАУЫЗЫН АШҚАНЫН

Көктемнің көкпеңбек  мөп-мөлдір аспанын

Таулардың қол жетпес асқарын-

Ұнатамын бәрінде,

Өйткені ол-Отан, Ұлы Отан!

 

1.3. Тапсырмалар орындау , тақтамен жұмыс(жазылым)

Берілген сөйлемді тақтаға жазып, сөйлем мүшелеріне талдату (сөйлем мүшелерін қайталау)

 

Лука Семенович Зацепин соғыстан кейін мектепте мұғалім болған.

Мәншүк — ержүрек, батыр жауынгер.

Отан оттан ыстық.

Отанды сүй, қарашығыңдай қорға.

 

1.4. 1.Топпен жұмыс . Венн диамграммасын жасату

Шығыстың қос шынары

     Әлия                                                                         Мәншүк

   мерген                                                                 пулеметші

  Қобда ауданында туған                                 Орда ауданында туған

              Лия                                                                    Мәнсия, Моншақ

Батыр қыздар,

18 жаста болған

Батыс Қазақстандықтар

Беларусь жерінде қаза болған

Ержүрек жауынгерлер

 

 

  1. 2. 5жол өлең құрату әдісі. (жұппен жұмыс) (әр жұп өздерінің өлеңдерін оқиды)

Батырлар

Батыл, ержүрек,

болған,қорғаған

Отанын қорғаған батырлар мәңгі біздің есімізде.

Жауынгерлер

1.5.     1. «Ой түрткі «стратегиясы. Қорытынды.

Балалар, сендер «батыр» болсаңдар адамдарға қандай ақыл айтасыңдар?

(оқушылар өздерінің ойлары мен ақылдарын  айтады)

  1. Тақтада берілген мақал-мәтелдердің ішінен біздің сабағымызға қатысты мақалдар мен мәтелдерді тапқызу.(оқылым.)

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Отан  оттан даыстық.

Отан отбасынан басталады.

Кітап- асыл қазына.

Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

 

  1. Үйге тапсырма: жаңа сөздерді пайдалана отырып «Қазақстандық батырлар» туралы шағын шығарма жазып келу,

«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» мақалының мағынасын ашқыза отырып, бәріміз бірге болып, елімізді, жерімізді бірігіп қорғайық, тек достықта, сыйластықта өмір сүрейік дей отыра  сабақты аяқтау, оқушы білімін бағалау.