Қазақстан қалалары Грамматикалық тақырып : Салалас құрмалас сөйлем.

58

 

Модульдің  тақырыбы : Көне қалалар

Лексикалық тақырып : Қазақстан қалалары

Грамматикалық тақырып : Салалас құрмалас сөйлем.

Сабақтың мақсаты : Оқушыларды зерттеу жұмысына баулу. Қазақстанның қалалары туралы  мәлімет  беру, берілген мәтінді дұрыс оқуға, түсінуге дағдыландыру, модуль бойынша алған білімдерін кеңейту. Өз ойларын еркін айта білуге үйрету.

Сабақтың міндеті : Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой — өрістерін арттыру. Оқушылардың лексикасын байыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Топтық процеске байланысты пікір алмасу, ақпараттарды зерттеу барысында проективтік ойлау, ортақ қорытынды шығару қасиеттерін арттыру. өз Отанын, халқын, жерін сүюге, өз жеріне мақтаныш ету тәрбиелеу. Ұжымдық шығармашылыққа , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : дәстүрлі емес, зерттеу сабағы.

Сабақтың типі : аралас сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдер : сұрақ – жауап , іздендіру, тестік әдіс, топтық жұмыс, ой ашар тәсілі, алгоритм , дұрыс – бұрыс жаттығу , сыни тұрғысынган ойлау ( инцерт стратегиясы , Венн диаграмма стратегиясы, рефлексия стратегиясы ).

Сабақтың формасы : топпен жұмыс , жалпысыныптық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі : Қазақстан картасы, қалалардың суреттері, кесте, оқулық, буклеттер, кітаптар, тест тапсырмалары, әр деңгейлік тапсырмалар жазылған карточкалар, электрондық оқулық, бейнежазба, кластер, жетондар, Венн диаграммасы, зерттеу жұмысының кестесі, плакатқа жазылған сабақтың ұраны, плпкатқа жазылған жаңа сөздер.

Пәнаралық байланыс : жағрапия, орыс тілі, информатика,Қазақстан тарихы.

Сабақтың ұраны : « Еңбек етсең ,

Білім , өнер сенікі»    ( С. Мұқанов )

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі .

  1. Сәлемдесу
  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  3. Сабақтың мақсатын айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Буклет дайындап әкелу. (Алматы, Астана, Петропавл туралы)

ІІІ. Жаңа сабақ.

1 кезең. Фонетикалық  жаттығу.

  • Біз өткен сабақатарда қандай жұмыспен айналыстық ?
  • Қазақстан қалалары туралы әңгімеледік.
  • Салас құрмалас сөйлемдерді талдадық
  • Дұрыс, бүгінгі сабақта осы тақырыпты жалғастырамыз және қорытындылаймыз
  • Сабағымыздың басында «Әлем қалалары» туралы айтайық.Ол үшін үстелдің үстінде жатқан папакаларды ашайық. Бірінші бетінде өлең берілген. Өлеңнің бірінші қатарында қала аттары жазылу тұр. Екінші қатарда – несімен сол қала даңқты екенін көрсететін сөздер берілген. Сәйкестігін табыңдар. Дайын болған өлеңді хормен айтамыз.

      ӘЛЕМ ҚАЛАЛАРЫ

Қалалар бар әлемде,

Таңқалдыратын халықты.

Ол қалалар әр елде

Несімен даңқты?

ПАРИЖ –                                          Кремлімен

НЬЮ – ИОРК –                                Ақ үйімен

МӘСКЕУ –                                       Қожа Ахмет кесенесімен

ВАШИНГТОН –                             София мешітімен

СТАМБУЛ –                                   Бродвеймен

САНКТ – ПЕТЕРБУРГ –              Эйфель мұнарасымен

ТҮРКІСТАН –                                халқының санымен

МЕХИКО –                                    Эрмитажымен

СОЧИ –                                         Медеуімен

ӨСКЕМЕН –                                Бәйтерегімен !

АЛМАТЫ-                                    демалыс үйлерімен

Ал, Астана ше ?

Меніңше, —                                  спорт сарайымен

 

  1. кезең. Қазақстан картасымен жұмыс.

                                      

 

  • Әлем қалаларын жақсы білесіңдер, бірақ біздің тақырыбымыз «Қазақстан қалалары». Оларды қалай білесіңдер қазір тексереміз
  • Жерімізге бұлт төңбес үшін әр бұлтты ашып, сұрақтарға жауап береміз. Қай қала екенін анықтаймыз. Кім бірінші бастайды ?

Бұлттағы сұрақтар.

  1. Қазақстаның орталық аймағында орналасқан, алтын өндіретін, ауыл шаруашылығымен айналысатын қай өңір?
  2. Қазақстаның батысында орналасқан химия, машина жасау өндірістері дамыған аймақ?
  3. Оңтүстік шығыста орналасқан ауыл шаруашылығымен айналысады, жеміс – жидек мол жер?
  4. Батыста, Каспий маңында орналасқан, мұнай өндіреді?
  5. Шығыста орналасқан, полиметалл рудасын өндіреді?
  6. Оңтүстік орналасқан, ауыл шаруашылығымен айналасады, қызылша өсіреді?
  7. Батыстың солтүстік жағында орналасқан, ауыл шаруашылығымен айналасады, газ өндіреді ?
  8. Орталықта орналасқан, көмір, қара металды аймақ?
  9. Республиканың оңтүстігінде орналасқан күріш өсірумен айналасады?
  10. Батыста орналасқан, газ, мұнай өндіреді, бай өлке?
  11. Республиканың солтүстігінде орналасқан, ауыл шаруашылығымен айналасады, темір рудасын өндіреді?
  12. Солтүстік Шығыста орналасқан, трактор шығарады?
  13. Республикамыздың солтүстік аймағында орналасқан ауыл шаруашылығы астық бай өлке.
  14. Республиканың оңтүстігінде орналасқан мақта, қызылша өсіреді.

 

  1. кезең. Бейнесюжетті көру.

— Аталған қалаларды мен жұлдыздармен белгіледім. Ерекше үш жұлдыз тұр. Ол қандай қалалар? (Алматы,Астана,Петропавл)

— Неге бұл қалалар ерекше деп ойлайсындар ?

— Алматы – бұрынғы астанамыз.

— Петропавл – біздің туған жеріміз.

— Астана – жаңа ел ордамыз.

— Астана туралы не білесңдер ? (оқушылардың жауаптары)

— Жарайсыңдар, енді Астана туралы бейнесюжетті көрейік. (бейнесюжетті көру).

 

4 кезең. Топпен жұмыс.

— Балалар, бүгінгі сбағымыз күндегі сабақтан ерекше болмақ. Себебі біз үш топқа бөлініп, зерттеу жұмысын жасаймыз.

-Үш топ: А тобы – Алматы қаласын зерттейді.

Б тобы – Астана қаласын зерттейді

М тобы – Петропавл қаласын зерттейді.

 

Топтың ішінде әр оқушының қызметі болады

А – 1 –жетоны бар оқушы  —   ЗЕРТТЕУ ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

КОНСУЛЬТАНТ  қызметін атқарады

А – 2 – жетоны бар оқушы  —  ЛИНГВИСТ  қызметін атқарады.

А – 3 – жетоны бар оқушы  —  ТАРИХШЫ   қызметін атқарады

А – 4 – жетоны бар оқушы  —  ГЕОГРАФ  қызметін атқарады

  • Әр топқа зерттеу жұмысының жоспары берілді, және компьютер бойынша слайд көріп, мәтінді тыңдап шығасыңдар.

 

ЗЕРТТЕУ  ЖҰМЫСЫНЫҢ  ЖОСПАРЫ

  1. Географтардың зерттеу жұмысы

—  географиялық орналысуы

— қаланың көлемі

— халықтың саны

— су ресурстары

— қала мәртебесін алған жылы

  1. Тарихшылардың зерттеу жұмыстары

— қаланған жылы

— бұрынғы аттары

— мәдени орындары

— тарихы ескерткіштері

  1. Лингвисттардың зерттеу жұмысы

— мәтінін  ішінен  екі жай сөйлемдерден   құрмалас сөйлем құрастыру;

— құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасау ;

— фонетикалық талдау жасау ;

— сөз құрамына талдау жасау ;

— морфологиялық талдау жасау ;

  1. Жетекшінің зерттеу жұмысы

— топтарды басқару;

—  түсініксіз, таныс емес, бұрын кездеспеген сөздерді , сөз тізбектерді түсіндіру;

— топтардың оқулық іскерліктерін ұйымдастыру;

— оқушылардың сөйлеу сапасына, сөздік құрамына, дыбыс ерекшеліктеріне басты назар  аударып ,керекті жерлерін  түзетіп , қайталатып, қажет сөзді табуға көмектеседі.

— Сендердің жұмыстарынды біздің қонақтар кесте бойынша бағалайды.

  • Жұмысқа кірісейік! (көмекші папкаларымыздың 2 – ші бет. ұранды оқу)

Ұран

 

Бәріміз бір топпыз

Жалқаулыққа жоқпыз.

Аянбай еңбек етеміз,

Мұратымызға жетеміз.

Бір – бірімізге тірекпіз,

Бірге соққан жүрекпіз

Аламыз білім жақсы ғып,

Тілейміз бәрімізге сәттілік!


5 кезең. Зерттеу  жұмысы

— компьютермен жұмыс

— мәтінмен жұмыс

— жоспар бойынша зерттеу жұмысы

 

6 кезең. Қорғау кезеңі.

  1. Басшылар.

— мәтіннің мазмұнын айту

  1. Географтар. Жоспар бойынша кестені толтырып, қорғайды.

 

Алматы Астана Петропавл
1. Географиялық орналысуы
2. Көлемі
3. Халықтың саны
4. Су ресурстары

 

  1. Тарихшылар. Жоспар бойынша кестені толтырып, қорғайды.

 

Алматы Астана Петропавл
1. Қаланған жылы
2. Бұрынғы аттары
3. Мәдени орындары
4. Тарихы ескерткіштері
5. Қала мәртебесік алған жылы

 

  1. Лингвисттер.
А
1.                                                     ФОНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
ӘРІП ДЫБЫС                    ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР     ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
жуан жіңішке ашық қысан еріндік езулік қатаң    ұяң үнді
 А
 Л
 М
 А
 Т
 Ы

(Б тобына АСТАНА  сөзі беріледі, М тобына ПЕТРОПАВЛ)

 

  1. Төмендегі сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.

А – Желтоқсаннан, Б — Гүлденген , М Жерінде .

  1. Морфологиялық талдау жасаңдар.

А — Көктөбе аспалы жол. БЖиырма бірінші ғасырда. МАстықты аймақ

  1. Құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

   (Оқушылар өздері мәтіннен тауып алады)

 

7 кезең. Бекіту кезеңі.

— Бүгінгі сабақта алған білімдерінді тест бойынша тексереміз. Бір – бірімізді қалай тыңдадық. Тест сұрақтары алмастырып берілген. Мысалы: Алматы қаласын зерттеген топ тек қана Астан, Петропавл қалалары туралы  сұрақтарға жауап береді.

 

8 кезең. Қорытынды.

(Рефлексия арқылы).

Топ Сабақта не істедік ? Сабақта не үйрендік? Сабақ ұнады ма ?
А      
Б      
М      

 

9 кезең. Баға қою.

үй тапс. басшылар геогр\р тарих\р лингв\р қорытынды
А – тобы
Б – тобы
М – тобы

 

10 кезең. Үй  тапсырмасы.

Шығарма жазу: «Егер мен әкім болсам…»