Әліппемен қоштасу мерекесі

Әліппемен  қоштасу мерекесі

 Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін бекіту,  олардың

алған  білім-беру   дағдыларын көрсету.

  1. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
  2. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Ертеңгілік

Әдісі: Ұлттық этно-педагогикалық салт-дістүрді насихаттау

Көрнекілігі: Бет перде әріптер, ұлағатты сөздер, оқулықтарға арналған банерлер, шарлар, гүлдер, слайд, фотомонтаж.

Қатысушылар: Ата-аналар,ұстаздар,оқушылар,тәлімгерлер

Жүргізушілер: 5-сыныптағы шәкірт-оқушы тәлімгерлерім

Ертеңгіліктің барысы:

1- жүргізуші:  Мергенбай А

-Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін

тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы.

2-жүргізуші: Фауедден А

-Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып  үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын Әліппе оқулығы. Міне, бүгін сіздер барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі- Әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларың тойға ұлассын! Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

1-жүргізуші  Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

2- жүргізуші  Бала деген шіркін-ай балдай екен!

Тәттілігі жая мен жалдай екен!

Арып –ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен- деп

Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық.

1-жүргізуші: Бар ғылымның бастауы

Бар білімнің бастау

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан?

Оқушылар: Әліппе, әліппе, әліппе.

2-жүргізуші: Олай болса бәрімізге ең қымбат Әліппе өмірі  туралы  білесіңдер ме?

— Жазда,ыстық шілдеде Әліппе өмірге келіп, а-а-а- деп алғашқы жылап, ал депті..Одан кейін біраз уақыттан кейін тісі шыққанда ә-ә-ә-депті,б-б-б –басын бұрыпты,бер-депті.Тәй-тәй басып ата,апа депті. Сөйтіп, ержетіп өсіп,ол да қазір ата болыпты.Енді қазір атамыздың 15 қызы, 25ұлы, 2 немересі бар екен.Әліппе атамызды ортаға шақырайық. Қане, хормен:

— Әліппе, әліппе, әліппе.!

Әліппе: Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажайыптың,

Әліпбиін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Әліппенің сұрағы:

1-сұрақ:  -Балалар, әліппені алғаш жазған кім?

2-сұрақ: -Балалар, ең алғаш мектеп ашқан кім?

Ән «Мектебім»

Балалар тақпақтар оқиды.

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреткен оны  Әліппе.

Білім тапсырмаларын орындау.

Әліппе атамыздың ойындарын тамашалайық:

-Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Әліппе тойының тойбастарын ашайық!

(Тойбастарда әріптер)

Балалар бір-бір әріп алып,оларды ата-аналарына береді.Ата-аналары 1-2-3 сигналы арқылы алфавит ретімен орнын тауып тұру керек..

Әліппе деген даңғыл жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

Тақтамен жұмыс.ойын «Тез тап,жаз!»

-Мадина Аспанда не бар?

Дамира –Атаң сабаққа немен әкеледі?

Дильнара –Ұзын құлақ,сұр….

-Сағындық,  атаңыз қандай?

-Әлия мемлекеттік туда не бейнеленген?

— Нұрсұлтан.  немен көресің?

-Гүлназ шайды немен ішесің?

-Жолжақсы,  орманда не бар?

 

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен таныламын.

Түсіндірер бәріне,

Ертегі қойылымен..

Көрініс «Шалқан» ертегісін сахналау.

Әліппе атамыздың құрметіне «Қара жорға» биін тамашалайық.

Әлшіппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға  Ана  тілін  аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауаты боп шықты міне балаңыз.

Ән «Шоқ жұлдыздар»

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.

Әліппеге сөз беру.

Білімнің бетін жарық ет!

Ұл-қызымды білімді ет,

Келесі оқу жылына,

Аман-есен түгел жет!

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып .

Өсе берсін санамыз!

Әумин.Қош болы ңдар, балалар!

Барлығы: «Қош Әліппе!»