Тұңғыш Президент

50

Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш Президент

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының мақтанышы Қаныш Сәтбаев туралы кеңірек мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау белсенділігін, ой-өрісін арттыру, сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке баулу, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, слайд суреттер.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

а) амандасу.

ә) кезекшімен сөйлесу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

— Балалар, біз өткен сабақта Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімесін өттік?   (Жауап береді).

— Ол әңгімеде не туралы айтылып еді, енді соны еске түсіріп өтейікші… (Тақтаға 4 оқушы шығып, рөлге бөліп, жатқа оқиды).

— Ал енді үйге қандай тапсырма берілді? (Жауап беріледі).

— Тапсырма бойынша, бұлақ басындағы «Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!» деген жазудың мағынасын басқаша қалай жазар едіңдер? (2-3 оқушыдан сұрау).

— Енді, балалар, мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші:

  1. Бұрынғы Қазақ КСР Ғылым академиясы қазір қалай аталады?
  2. Қазақ Ғылым академиясы қай жылы ашылды?
  3. Ғылым академиясы кімнің есімімен аталады?
  4. Қаныш Сәтбаев кім?

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

— Балалар, бүгінгі сабағымыз осы қазақ халқының біртуар ұлы Қаныш Сәтбаев туралы болмақ. (Слайд-шоуды тамашалау).

(Мұғалім Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелейді).

 

— Күннің жады мен бүгінгі сабақтың тақырыбын дәптерімізге жазып қояйық.

Мәтінмен таныспай тұрып, жаңа сөздерге назар аударайық.

 

ІV. Сөздікпен жұмыс. 

Көпқырлы – разносторонний

Ықпалын тигізу – оказать влияние

Қағида – правило

Қорған – защита, опора

Ұшан-теңіз – безгранично

Баршынгүл – гладиолус

Бөртегүл – сирень

(Әуелі мұғалім оқиды, оқушылар хормен қайталайды, жеке оқушы оқиды).

 

Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау.

 

  1. Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім оқиды. 3 бөлікке бөліп, 3 оқушы оқиды.

 

VІ. Топтық жұмыс.

І топ:

  1. І бөлікке ат қою.
  2. Синонимін тап: тұңғыш, табыс, ынтымақ, сіңірген.
  3. «Бейнетте – береке» деген не мағына береді?
  4. «Еңбек» сөзін тәуелдік жалғауының І жағында септе.

ІІ топ:

  1. ІІ бөлікке ат қою.
  2. Синонимін тап: байлық, ерлік, ұшан-теңіз, тірегі.
  3. «Жер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» деген мақалдың мағынасын талдау.
  4. «Ерлік» сөзін тәуелдік жалғауының ІІ жағында септе.

ІІІ топ:

  1. ІІІ бөлікке ат қою.
  2. Синонимін тап: есім, ықпал, үлкен, жан-жақты.
  3. «Ерлік – ердің ісі» дегеннің мағынасын талдау.
  4. «Ел» сөзін тәуелдік жалғауының ІІІ жағында септе.

 

VII. Сөйлесу (Диалог).

VIII. Сабақты қорыту:

Бағалау.  

Үйге тапсырма:  

«Кім боламын?»  тақырыбына эссе  жазу.