Тіл білу өнер

127

 

Сабақтың атауы Тіл білу өнер
Жалпы мақсаты Отбасының қолданатын тіл жайында әңгімелеу. Қазақстан отбасында сөйлеу тілі туралы әңгімелей біледі.

Отбасылық қарым – қатынаста ана тілімен бірге мемлекеттік тілді қолдана алуға үйренеді

 

Оқушылар үшін оқу нәтижелері 1.      Тіл үйренуге қызығушылығын қалыптастыру.

2.       Қазақстан отбасында сөйлеу тілі туралы әңгімелей біледі.

3.      Жай сөйлем, шылау, құрмалас сөйлем туралы білімдерін жинақтайды.

4.      Сөйлемде  шылаулардың атқаратын  қызметін біледі.

5.      Тіл білу өнер дегеннің мән мағынасын түсінеді.

6.      Шығармашылық жұмысқа үйренеді.

 

Сабақта туындаған негізгі идеялар Тарау бойынша алған білімдерін қолдана алады, тақырып бойынша  пікір алмаса алады. Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді.Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау.
Тапсырмалар: Топтастыру, оқулықпен жұмыс, диалог құрастырады, жаттығу жұмыстары.
Ойлау деңгейлері Мақсаты Күтілетін нәтиже Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар                                 Бағалау
Формативті Критерийлері Дискриптор Ұпай
Білу

 

 

 

Тілдің адам өміріндегі маңызын білу.

 

Қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артады. Топтастыру

«Жеті елдің тілін біл жеті түрлі өнер біл» тақырыбына постер құру

Формативті бағалау
Түсіну

 

 

 

Тақырып бойынша аудио мәтіндерді түсінеді Тақырып бойынша тыңдағанды түсінеді АКТ аудио мәтінді тыңдау Формативті бағалау
Қолдану

 

 

 

Мәтін бойынша сұрақтар қоя білу, сұрақтарға жауап бере білу.

 

Мәтінді өз бетінше  мазмұндайды.

 

Бақылау сұрақтары

. «Өзіңді тексер»

Сөздерді қатесіз жазу

Көп сөз жазу

Жылдамдық

 

Ұпаймен бағалау
Талдау

 

 

 

Полиглот деген не екенін түсіну. Полиглот адамдарды мысалға келтіре білу. Терминнің мағынасын біледі. Өз тарапынан мысалдар келтіреді. «Сен білесің бе?»

Блиц турнир

Смайликтер арқылы бағалау 1 сөйлемді дұрыс талдау

1 ұпай

Жинақтау

 

 

 

 

Тіл білу өнер екені туралы пікірін білдіруге машықтану Тақырып бойынша шығарма жаза біледі АКТ

Рефлексия

 

Формативті бағалау Топтық  ұпай санына қарай

бағалау

Бағалау

 

 

 

 

 

Өзін өзі бағалай отырып, өзінің оқудың қай сатысында екенін бағалау Бақылау жұмысы

Нәтиже сабақ

 

«Өзіңді тексер» Көп дұрыс жауап  беру
Дереккөздер мен жабдықтар

 

 Интернет, электронды оқулық, интерактивті тақта, Power Point  бағдарламасымен жасалған слайдтар, Activinspire  бағдарламасы бойынша жасалған флипчарттар, жұмыс дәптері.
Кейінгі  тапсырмалар мен портфолио  деректері

 

 

Отбасы  дәстүрлері тақырыбына шығарма жазу    
Кейінгі оқу

 

 

Тақырыпты қайталау
Сабақты талдау

 

 

Тәжірибелік сабақты талдау

 

 

 
Сабақ бойынша өзгертулер

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  барысы

Ұйымдастыру  кезеңі:

Қазір  жылдың қай  мезгілі?

Күз айлары ата?

Қазір күздің қандай  айы?

Бұл айда қандай мерекелер бар?

Тіл мерекесі қай күні тойланады?

Не себептен бұл күн «Тіл мерекесі» күні деп белгіленді?

Күзде қандай мерекелер бар? (Білім күні,  Тіл мерекесі күні, Ұстаздар күні)

Тобымызды Білім, Тіл, Үстаз деп үш топқа жұлдызшалар арқылы бөлінейік.

1 топ  «Білім»

2 топ «Ұстаздар»

3 топ «Тіл»

Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.Топ басшылары  сайланады.Бағалау  парақшалары беріледі.Топ ережесін еске түсіреді.

  1. Ой түрткі

Тыңдалым 

Бейнеролик көрсету.

Бейнеролик туралы сұрақтар қойып балалардың пікірін білу.

Төмен, жоғары сұрақтар қою.

  1. Полиглот деген сөзді сендер қалай түсінесіңдер?
  2. Көп тілде сөйлейтін адамдарды білесіңдер ме?
  3. Көп тіл білу өнер ме?
  4. Сендер бірнеше тілде сөйлегілерің келеді ме?
  5. Қазір сендер неше тіл үйреніп жатырсыңдар?

Ендеше бізде қазақ тілін үйренуді жалғастырайық, балалар.

  1. Білімді өз бетінше меңгеру

 Тапсырмалар

Оқылым. Инсерт әдісін қолдану.  Оқулықпен жұмыс.

Әр топ 1 абзацтан оқып мәтін бойынша «+» — түсінікті, «-» — толықтыру қажет , «?»- түсініксіз белгілерін қойып белгілерге сәйкес мәтін бөліктерін бір-біріне түсіндіреді.

  1. Біліктілік дағдыларын қалыптастыру  кезеңі.

Әр топ «Тіл білу — өнер» мәтіні бойынша постер құрады.

(Жабдықтар: А3 форматтары, маркерлер, фломастерлер, кітаптар)

4 . Жазылым. Интерактивті тақтамен жұмыс.

2 тапсырма.  Шылауларды қатыстырып жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырады.

  1. Қазақ тілін жақсы білу үшін  үнемі сөйлеу керек.
  2. Отбасында ана тілінде және қазақ тілінде сөйлеуге тырысу керек..
  3. Сөйлеу ортасы болуы адамға тілді жақсы үйрену үшін көмектеседі.
  4. Отбасында және достарыммен қазақ тілінде сөйлесемін.
  5. Тіл өлмесін десең ол үшін күрес..

(Жабдықтар: интерактивті  тақта , үлестірмелі қағаздар)

Сергіту жаттығуы .(Бейне таспадан  жаттығуды көрсете отырып, қайталау).

(Жабдықтар: интерактивті  тақта, слайдтар)

  1. Тілдесім. Диалог пікірталас.

Жаңа тақырып: Тіл білу —  өнер.

  1. Кіріспе сөз: Біз үйде қай тілде сөйлейміз?

Ерте заманда қазақ  елінде қазақтар тек қана қазақша сөйлеген

Қазір қалай ойлайсыңдар қазақ отбасында қазақтар қазақша сөйлей ме?

Кім үйде қай тілде сөйлейді айтыңдаршы?

 

  1. Сөздік жұмысы: 30 — бет.

А) мәнерлеп хормен, жекеше оқу, аудару.

Ә) сөз тіркестерін, шағын сөйлемдерін құрастыру.

 

  1. Оқулықпен жұмыс: 30-  бет.

А) өзім оқимын, мәселе қоямын: ойланыңдар, кім туралы? не туралы?

Ә) Топ арқылы жұмыс: әр топ өз бөлігін оқып, аударып, сұрақтар қояды, мәтін бөліктеріне ат қояды.

Б) Жұп арқылы жұмыс: диалог құру

  1. Грамматикалық тақырып:

А) таблица арқылы түсініктеме жұмысы.

Ә) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жалғауларымен танысу, сөйлемдер құрастыру.

  1. Жазбаша жұмыс:

А) сөздік: 31- бет танысу, меңгеру.

Ә) 31 — беттегі 3 — тапсырманы орындау

 

Бекіту:  1. пікірлесу ( оқушылардың құрған сұхбаты негізінде)

  1. сызба бойынша салалас құрмалас сөйлемдер құру — 30 — бет 1- ші тапсырма
  2. Сабақты бағалау. Бағалау парақшаларын смайлик арқылы  бағалау.
  3. Үй тапсырмасын беру:

а)  Сөздерді  жаттау

ә)  3- тапсырма

Рефлексия кезеңі.

  • Ал балалар, бүгінгі  сабақта  не ұнады?
  • Бүгін не үйрендік?
  • Қазақ тілін үйренуге тырысамыз ба?