КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ ЖАС қАЛА .

47

КЕЛЕШЕГІ  КЕМЕЛ  ЖАС қАЛА .

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

БІЛІМДІЛІК – Оқушылардың  білім  деңгейін  көтеру, ұжымдық  түрде  білім  алуға  баулу, сөздерді  өзара  байланыстыра  білу , өз ойын жүйелеп айту  дағдысын  қалыптастыру.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ – алған білімдерін толықтырып , ауызекі сөйлеу  тілін  , ойлау  қабілетін  дамыту.

ТӘРБИЕЛІК – отанға деген  сүйіспеншілік  рухында  тәрбиелеу ,астанамызды  сүюге , аялауға  тәрбиелеу .  Оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  беру.

САБАҚТЫҢ  КӨРНЕКІЛІКТЕРІ – қала  көріністеріне  байланысты  суреттер ,,буклеттер , альбомдар  ,бейнекөріністер , кеспеқағаздар , үлестірмелі материалдар , магнитофон , әр  топқа  берілетін  плакаттар.

 

САБАҚТЫҢ  ТҮРІ – педагогикалық шеберхана .

1 . Индуктор :

1 ) . Астана  туралы  бейнефильм  көру .

2 ) . Бейнефильм  көру   барысында  қандай ойлар келді?

Жаңа , ескі  қала  туралы  2 – 3  сөйлем  жазу .

2 . Жұптық  жұмыс .

Мақалалардан  бөлек – бөлек сөйлемдер  жазылған  кеспеқағаздар  үлестіріледі ,  сол  сөйлемдерден   оқушылар  мәтін  құрастырады , оқиды , мақалалармен  салыстырады . Бір – бірінің  қателерін түзетеді .

3 . Топпен  жұмыс .

Әр  топ  туристік орталық , өз  аудандары  бойынша  жарнама  даңғылын  жасайды .

1 топ – Ханшатыр  ауданы  .

2  топ – Есіл  ауданы .

3  топ  —   Тәуелсіздік  ауданы .

Жарнама  даңғылын  жасау  үшін  әр  топ келесі  жұмыс  түрлерін  жасаулары тиіс :

а ) . Әр туристік компания  өз  ауданының   таңбасын  салады .

б )  . туристерге арналған саяхат  картасын  құрастырады .

в )  .Астана туралы шығарылған ән ,өлең  айтады , музыкалық  шығармалар, күй  орындайды , не  болмаса  жақсы  ой  —  пікірлер , толғаулар , ақындық жолдарды  жарнамаға  қосады  ,  коллаж  салады .

г ) . Әр ауданның  келешекте даму ,  кеңею  жоспары , жобасы  жасалынады .

4 . Топтық  жүмыстың  нәтижесін  шығару . Әр  топ  өз  жұмысын  қорғайды .

5 . Рефлексия .:

Менің  бүгінгі  сабақтан  алған  әсерім………

Біздің астанамыз  келешекте ………

Менің  бас  қаламыздың  көркеюіне , дамуына , қосар  үлесім …

Оқушылар өз  ойларымен  сөйлемдерді  аяқтайды .