Кішіге қамқормын

Сабақтың тақырыбы:     Кішіге қамқормын

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік:  отбасы қарым-қатынастары жайлы білім беру, қазақ тілі саласынан        сабақтас құрмалас сөйлем туралы білімдерін қалыптастыру;

Ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын      пайдаланып, тиянақты нақты жауап беруге, өз ойын толық жеткізе білуге, алған  білімдерін қолдануға баулу.

Б)тәрбиелік: оқушыларды өз туыстарын, жақындарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа білім меңгерту  сабағы

Көрнекілігі:тапсырмалар,кесте,мәтін

Пәнаралық байланыс:психология, әдеп

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәтінмен жұмыс,әңгімелесу,тапсырмалар орындау,өздігінен жұмыс істеу,сұрақ-жауап,сөздікпен жұмыс

Сабақтың барысы:

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңі:

*Сабаққа деген  дайындықтарын тексеру.

*Оқушылармен амандасып түгендеу,кезекшімен сұхбаттасу

2.Үй жұмысын тексеру: «Мен көмекшімін»-әңгімелеу

Сөздік қорларын тексеру  (мәтіндерге байланысты)

3.Білімдерін жан-жақты тексеру:
Ережені еске түсіру (салалас құрмалас сөйлем),мысалдар келтіру

4.Жаңа білімді меңгертуге дайындау.Сабақтың тақырыбын,мақсатын,барысын түсіндіру:

**  Мәтіннің ішінен сөз тіркестерді,таныс сөздерді аудару

  • Жаңа сөздерді көшіріп жазу,аудару бұрышта,жылап тұрған,шалшық су,күлімсіреп қарады, дәл ортасында,жүгіре жөнелді,жадымда,ренжітпей
  • Мәтінді кезектеп оқып,аудару

Сұрақтар құрастырып,диалог құру(мәтін бойынша)

Кішіге қамқормын

Мектептен үйге келе жатып, бұрышта жылап тұрған кішкентай қызды көрдім.Не болғанын сұрап едім,қыз үндемеді,жылап тұра берді.Тек көзімен шалшық су жақты нұсқады.Көрсеткен жағына қарасам,шалшық судың дәл ортасында қызыл ала доп жатыр.Кішкентай қыздың жылау себебін енді түсіндім.

Мен судағы допты алып,қызға бердім.Ол көз жасын сүртіп, маған күлімсіреп қарады да,жүгіре жөнелді.

«Өзіңнен кішіні ренжітпей, қамқор болып» деген әкімнің сөздерін үнемі жадымда ұстаймын.

5.Білімді меңгерту

* тапсырма:мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдер құру

** тапсырманы орындау: түбірлес сөздерді теріп жазу,құрамын анықтау

*** мәтіннің ішінен етістіктерді теріп жазу,дара күрделі екенін  анықтау

Сабақтас құрмалас сөйлем-ережені түсіндіру,жаздырту

6.Білімдерін бекіту

Жұппен жұмыс:

  1. Мәтіннен құрмалас сөйлемді тап.
  2. Құрамындағы жай сөйлемдер санын ата.

7.Білімдерін қорыту

* Қамқор адам қандай болу керек?-пікірлесу

**  мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

Нені білдік?

— Сөздер мен сөз тіркестерді аудару

— Сабақтас құрмалас сөйлем туралы не білдік?

8.Үйге тапсырма:Сөздерді жаттау,ережені жаттау

Бағалау.Қоштасу.