Жаңа оқыту технологиялары

189

Проблемалық оқыту технологиясы – бұл дамыта оқыту технологиясы. Оның қызметі – белсенді таным әрекетін ынталандыру, ойлаудың зерттеушілік стилін қалыптастыру.

     Саралап оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру формасы ретінде қолданылады. Оқушыларды оқу процесі барысындағы олардың бойындағы ортақ қасиеттеріне қарай топтарға бөліп оқыту.

      Жеделдетіп оқыту технологиясы оқытудың дәстүрлі сыныптық-сабақтық тәсілінің мүмкіндіктерін неғұрлым толық ашуға бағытталған.

  • оқу материалдарын іріндірілген блоктармен жеделдетіп оқыту;
  • міндетті кезендік бақылау жұмыстары;
  • көп қайтара қайталау;
  • тірек материалдарын, сигналды карточкаларды, символдарды мол пайдалану.

Саралап оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру формасы ретінде қолданылады.   Оқушыларды оқу процесі барысындағы олардың бойындағы ортақ қасиеттеріне қарай топтарға бөліп оқыту.

Модульдік оқыту технологиясы – әлемдік (Дж. Блок, Дж.Керрол, В.Монахов, Р.М. Грановская, Ю.С. Крижанская) және отандық тәжірибеде (М.М. Жанпеісова) танылған технология. Ол өзге тілді аудиторияларда тіл пәнін оқытуда да кең қолданыс тауып отыр.

      Модуль дегеніміз – белгілі жүйенің ішіндегі бөліктердің өзара жинақталған дербес топтамасы (С.И. Ожегов). Қазақ тілін оқыту тәжірибесінде оқу материалдары белгілі бір ортаға қатыстылығы тұрғысынан, белгілі бір ортада сөйлеу дағдыларын меңгеру мақсатында бірнеше оқу модульдеріне топталып беріледі. Мысалы: «Менің отбасым», «Менің мектебім», «Менің қалам», «Менің Отаным», «Дәрігерде», «Дүкенде», т.б. Әр модульге 5-12 сағат аралығында уақыт бөлінуі ықтимал.

Ақпараттық оқыту қазіргі білім беру жүйесіне молынан, нық енуде. Ол қоғамның ақпараттану сипатына бағдарланады. Тұлғалықдамудың негізгі дидактикалық шарттарын ұстана отырып, ақпараттық оқыту технологиясы оқу материалдарын компьютермен жұмыс істеу арқылы меңгеруге, ақпар жинай және жүйелей білуге, сондай-ақ оларды қалауынша түрлендіре қолдануға бағытталады; оқушының ақыл-ой белсенділігін , шығармашылығын дамытуға қызмет етеді.

Ойын технологиялары (имитациялық модельдеу  технологиясы). Бұл технологияның өзіндік ерекше сипаты оның өмірде маңызды жағдаяттарды модельдеу, соларға ұқсастырылған, еліктеп құрастырылған жағдаяттар түзу және оларды шешу жолдарын іздеу арқылы жүзеге асатындығында. Ойын технологиясының жетекші әдісі – ойын.

Ойындардың іскерлік, рөлдік, оқиғалық, саяхаттық, дидактикалық сияқты түрлері бұл технологияның ұйымдастыру формалары болып табылады.

Коммуникативтік технология деп оған қатысушылардың барлығының мүмкін болған құрал-жабдықтарды, ақпарларды қолдана отырып, өзара белсенді тілдік-танымдық  қатынас әрекетіне ену негізінде оқу үрдісін құруды айтады. Оның жетекші әдісі – тілдік өзара қарым-қатынас. Қолданылатын жұмыс түрлері: ынтымақтастықта оқу, өзара оқыту (бір-бірін), жұптық құрамда және топтық құрамда жұмыс істеу (олардың құрамы ауыспалы болуы шарт), оқу диалогі, білімдік пікір алысу.

Инновациялық интарактивті оқыту технологиялары жеке тұлғаның белсенділігін, талабын және өз бетінше дербестігін оқу процесінде мейлінше жүзеге асыруға, қолдануға бағытталады. Олардың бәрінің аса маңызды міндеті – осы мақсаттарға жетуге жағдай туғызу.

5, 6, 7 – орыс сыныптарда қазақ тілі пәнінен сабақ беру барысында сын тұрғысынан ойлау әдістемесімен және деңгейлік тапсырмаларды (Қараев технологиясы) жиі қолданамын.

Алдымда тұрған басты міндетім – «Білім туралы Заң» негізінде еліміздің болашақ иелеріне бүгінгі талапқа сай тиянақты білім беріп, сапалы тәрбие үйретіп, саналы да сауатты етіп өсіру.