Одағайдың түрлері.

82

 

Сабақтың тақырыбы: Одағайдың түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік –  Сөз табының түрлерін пысықтау, одағай сөздердің қолданылу аясы, жазылу емлесі,

тыныс белгілері туралы білімдерін тиянақтауға тапсырмалар орындату.Одағайдың

түрлерін меңгерту;

Дамытушылық-Сөз табының ережелерін  мысалдармен бекіту,өздік жұмыс  жасау

дағдылары мен икемдерін дамыту. Тіл байлықтары мен сөздік қорын молайту,

сауатты  жазу мен каллиграфиясын дамыту.

Тәрбиелік-Тіліміздегі одағай сөздерді  орынды қолдана білуге  тәрбиелеу, жазушылық өнеріне

баулу;

Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорытындылау.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, кубизм стратегиясы,оқу мен жазу арқылы сын

тұрғысынан ойлауды дамыту.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: тест,деңгейлік тапсырмалар, төрт түліктің суреті,кубик,кесте.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Білген сайын келеді біле бергім

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім, -деп А.Тоқмағанбетов ақын жырлағандай, сендер де ақынның ойымен келіседі деген үміттемін. Сондықтан да бүгінгі сабақта білім алып, тағы да бір сатыға жоғарылайық.

 

ІІ.Үй тапсырмасы:  

 а) Одағай сөз туралы түсінік.

ә) 376-жаттығуды талдау

 

 

-Қазақ тілінің қандай салалары бар?

-Сөз таптарын қай сала зерттейді?

-Сөз таптары дегеніміз не? Қанша түрі бар?

— Шылау сөздер дегеніміз не?

— Одағай дегеніміз не?

— Одағай сөздер не үшін қолданылады?

-Одағайға тән негізгі белгілерді ата

— Олар сөйлем мүшесі бола ала ма?

-Одағайлардың тыныс белгілерінің қойылу ережесін түсіндір.

Мұғалімнің үй тапсырмасын қорытуы.

Паһ, мықты екен – ау мынау палуан! Қап, барлық еңбектері далаға кетеді –ау! Аухау – аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді. Осы сөйлемдердегі одағайларды таптырып,тыныс белгісін,дауыс мәнерін пысытады.

ІІІ.Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндіруі.

* Одағайда — лексикалық (негізгі) мағына болмайды.

— сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады,

сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.Олар тек қосымшалар қабылдап барып, белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады. Мысалы:

Майланбаған арбалардың шиқылдай шығарған ойбайы (бастауыш)өгіздердің бақайының сыртылын естіртер емес.Досжанның астапралласын (толықтауыш)естігенЫрысбек, Болысбектер күлісіп жатты.Досының қиналып, уһілегенін (толықтауыш) сезіп отыр. Оның кім екенін Алдияр ә дегенде (пысықтауыш)білген жоқ.
* Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.

 

Қазақ халқы ежелден мал иесіне сыйынып, одан малдың амандығын тілеген. Біраз бір-бірімен көріспей қалса «мал-жан мана ба?» деуі қазақ халқының малды аса қадірлеуінен болса керек. Олай болса  атадан мұра болып келе жатқан төрт түлікті өсіріп баптау, асырап сақтау,жас ұрпақ бізге аманат.Төрт түлік жайында не білетінімзді ортаға салайық.

ІҮ. Ой қозғау.

1) Төрт түліктің пірлерін атау.

2) Төрт түліктен алынатын өнімді атау.

3) Төрт түлікке қатысты мақал-мәтел айту.

4) Төрт түлік малды жасына қарай атау.

                                           Ү.  «Сәйкесін тап» ойыны.

Қой                          шөре-шөре

Жылқы                    әукім-әукім

Түйе                         құрау-құрау

Ешкі                         көс-көс

Сиыр                       пұшайт-пұшайт

Мұғалім:Ниет етіп қана қою аз,сол ниетке жете білу керек.

               Біліп қана қою аз,білгеніңді қолдана білуің керек,алған білімді жаттығулармен тиянақтаймыз.

                                             ҮІ.  Оқулықпен жұмыс.

1-қатар 377 – жаттығу. Одағайлардың мағыналық түрлеріне қарай 3 бағанға бөліп жазыңдар.

2-қатар 378-жаттығу. Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар. Үлгі: туу – көңіл-күй одағайы.

 ҮІІ. «Кубизм»  әдісі бойынша жұмыс.

1) Баяндаңыз (Одағай  туралы айту)

2) Қолданыңыз   (Одағайға сөйлем құрау)

3) Салыстырыңыз (Шылаумен салыстыру)

4) Топтастырыңыз (Одағайдың негізгі белгілерін айту)

5) Зерттеңіз (Одағайлар қандай жағдайда сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын түсіндіру)

6) Қорытынды жасаңыз (Одағайдың түрлерін айтып, мысалдармен дәлелдеу)


                                        ҮІІ.Көру диктанты                      

                        І қатар 

 

О, шіркін, ғажапсың-ау, көңіл деген!

Жартас жоқ толқыныңа көмілмеген.

Құлдырап құламаған құзың да жоқ,

Қыран боп шырқамаған кезің де кем.

(Ж.Молдағалиев)

     ІІ қатар

Бүгін, менің туған күнім, ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім – ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны –ай!

(М.Мақатаев)

 

                                       


ҮІІІ.Деңгейлік тапсырмалар.


І деңгей

Төмендегі сөйлемдердегі одағайдың астын сызыңдар.

1.Әй,шырағым, ар жағыңда әкең тұр, әуелі соған сәлем бер.

2.Жә, қой деймін,бала!

3.Ойпырым-ай,мынау не деп отыр өзі?

ІІ деңгей

Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.

1.., әжем ауылдан қонаққа келді!( алақай)

2…, мынау не деп тұр!- деді атам.( ойпырым-ай).

3…, … әзер жеттім.( аһылап, уһілеп).

ІІІ деңгей

Берілген одағай сөздермен сөйлем құраңдар.

Шіркін-ай, әй, ух, ойпыр-ай,қап,шөре-шөре.

                                                          ІХ.«Кесінді сыз» ойыны.

Координат системасынан  Х осінде орналасқан сөздер арқылы  У  осіндегі одағай сөздермен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосыңдар

                    Х

 

Көңіл-күй

 

Шақыру

 

Жекіру

                                                                                                                                                                 У

                         Пәлі  қос-қос  жә  алақай  тәйт  түу  моһ-моһ  тек   пай-пай бәрекелді

                                                     Х. Бекіту.

 

-Одағай нені білдіреді?                                                 -Одағайдың негізгі белгілерін ата.

-Әдетте одағайлы сөйлемнің соңында                           -Мән-мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

қандай тыныс белгі қойылады?                                    -Көңіл-күйді одағайларын айтыңдар?

-Қайталанып келетін одағайлар қалай жазылады?        -Көп мағыналы одағай сөздер бола ма?

-Одағай сөздер бізге қажет пе? Себебі?                  -Шақыру  одағайларын атаңдар.

-Одағайдан басқа сөз табы жасала ма?                        -Жекіру одағайын қай кезде қолданамыз?



                                               ХІ. Үйге тапсырма.

І деңгей Әдеби кітаптан одағайдың түрлеріне мысал жазады.

ІІ деңгей  Өтірік өлең құрап жазу. Құрамында одағайдың түрлері болу керек.

ІІІ деңгей  «Жануарлардың адам өміріндегі пайдасы» эссе жазу.

 

                                                    ХІ.Бағалау.

Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Ой қозғау Сәйкесін тап Оқулықпен жұмыс «Кубизм»

әдісі

Көру диктанты Деңгейлік тапсырма «Кесінді сыз» ойыны Қорытынды баға