Тіл дыбыстары сөйлейді

49

 

Сабақтың тақырыбы:    Тіл дыбыстары сөйлейді

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген тақырыптар бойынша меңгерген білімдерінің қаншалықты деңгейде екендіктерін байқап, білімдерін бекітіп,  қорыту.

2.Берілген сұрақтарға толық жауап беруге, өз ойын еркін жеткізуге, талдай білуге үйрету.

3.Мәдениетті,  сауатты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, деңгейлік тапсырмалар, тест

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Оқушылардың назарын, зейінін сабаққа аудару.

Оқушыларды топқа бөлу.

І топ —  «дауыстылар»

ІІ топ – «дауыссыздар»

Жаңа сабақ өту кезеңі:

Балалар, бүгін дауысты және дауыссыз дыбыстан өткен тақырыпты қайталап, бекітеміз.

Ол үшін сыныпты  екі топқа бөлеміз. Әр топқа  тапсырмалар беріледі.

І тапсырма: сұрақ-жауап

«Дауыстылар» тобы

  1. Фонетика нені зерттейді?
  2. Дауысты дыбыстар нешеу?
  3. «Әліпби» сөзі қандай сөзден шыққан?
  4. Әріп деген не?
  5. Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата.
  6. Езулік дауыстыларды ата.

«Дауыссыздар» тобы

  1. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2. Ашық дауыстыларды ата.
  3. Қатаң дауыссыз дыбыстарға мысал келтір.
  4. Қысаң дауыстыларды ата.
  5. Ашық дауыстылар дегеніміз не?
  6. Еріндік дауыстылар дегеніміз не?

ІІ. «Қызықты грамматикалық ойындар»

Бұл ойында анаграммалар беріледі, соның шешуін тауып, дыбыстық талдау жасайды.

«Дауыстылар» тобына

1.Жылқышының қолында-

«Ұ» әрпімен,

Ондық саны тобында-

«Ы» әрпімен. (құрық-қырық)

2.«С»-мен айтсаң,

Тағам ішем онымен.

«З»-мен айтсаң,

Қағам жерге оны мен. (қасық-қазақ)

 

«Дауыссыздар» тобы

  1. «Қ» -мен егер бітірсең,

Ыдыс-аяқ ол бірі.

«Н» — егер бітірсең,

Балықтың түрі ол. (Табақ-табан)

  1. «Ж»-дан бастасаң,

Жыл мезгілі болады

«Қ»-дан бастасаң,

Құсқа айнала  қалады. (Жаз-қаз)

ІІІ. «Кім тапқыр» ойыны

Жұмбақ шешу:

«Дауыстылар»  тобы

 

  1. Білімнен мол сый-асы,

Балғдырғандардың  ұясы. (Мектеп)

  1. Білімнің жол басшысы,

Шәкірттің қолбасшысы     «Мұғалім)

  1. Шәкірттерге жанашыр,

Мейірман кім, жаны асыл? (Ұстаз)

  1. Қабы сояу,

Діні – бояу. (Қарындаш)

 

«Дауыссыздар» тобы

  1. Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Ұстаз)

  1. Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (Қоңырау)

  1. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)

  1. Оқушыға күнде еріп,

Жүретін не? (Күнделік)

ІV. Сурет бойынша  жұмыс:

Екі топқа әр түрлі суреттер таратылып беріледі, оқушылар сол сурет бойынша  мәтін құрастырып, жазады.

Сабақты қорытындылау:

Екі топқада бірдей тапсырма:

Бірыңғай дауыстылардан басталатын мақал-мәтелдер жазамыз.

Қай топ  тез және  көп мақал- мәтел жазып айтады.

     Үйге тапсырма: 

Әдебиеттен тек қана дауысты дыбыстан басталатын  өлең шумақтарын жазып келу.

Бағалау: белсене қатысып, сұрақтарға толық жауап берген топтарды бағалау.