Ақжайық өлкесі. Жайықтан шыққан тұлғалар грамматикалық минимумдарды қайталау.

86

 

Сабақтың тақырыбы Лексикалық: Ақжайық өлкесі. Жайықтан шыққан тұлғалар.

Грамматикалық:  грамматикалық минимумдарды қайталау.

Мақсаты Туған өлке тарихын тереңірек таныту, отансүйгіштікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру

арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер

 

 Өз бетінше ақпараттарды тауып үйренеді, диалог бойынша сөйлесу дағдылары қалыптасады, туған жер туралы ұғымды өз саналарынан өткізеді, өз ойларын айта білуге машықтанады. Сөйлеу дағдылары дамиды, ойларын дәлелдеуге үйренеді.
Керекті жабдықтар

 

Оқулық, Қазақстан, БҚО туралы интернет материалдары, флипчарт, суреттер.
  Қолданылатын әдістер:  Негізгі бөлімде диалогтық әңгімені қолдану, сұрақ- жауап , АКТ қолдану, зерттеушілік әңгіме, топтық әңгіме, сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау, мәліметтерді өзара бөлісу және түсіндіру. Бекітуде флипчартқа постер шығару,  сыни ойлау сұрақтары, дарынды балаларды оқыту, өз идеяларын жеткізу, өзін және өзгелерді оқыту.                                              

 

 

Кіріспе

Топқа бөліну. Жайлы психологиялық ахуал орнату. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.

 

І   Тұсаукесер

Біз сіздермен Қазақстанның экономикалық аймақтарымен танысып жатырмыз.

— Қазақстан неше экономикалық аймаққа бөлінеді?

— Біздің тұрған жеріміз қай аймаққа  жатады ?

-Туған жер деген сөзге қандай синонимдер қолдануға болады ? (кластер құрастыру)

— Бүгінгі сабақта не туралы сөйлесеміз?  Оқушылар сабақтың мақсатын өздері айтуы тиіс.

 

Оқушыларға бағалау критерийлары жазылған парақ үлестіріледі. Олармен бағалау бағамдары келісіледі.

 

ІІ     Негізгі бөлім

Оқушыларға алдын-ала өз беттерінше ізденіп, материал жинау тапсырылады. Әр оқушы берілген тақырыптар  бойынша мәліметтер жинастырып, қысқаша хабарлама жазып келеді.  Дайындалған хабарламалардың жақсы жазылғанын  топ ішінде таңдап,  3 топ 3 түрлі тақырыпты оқуға ұсынады.

Хабарламалардың тақырыптары:

  1. БҚО экономикасы, географиялық жағдайы
  2. Орал қаласы туралы
  3. Өлкеміздің  ұлы тұлғалары, атақты адамдар

 

Лексикалық тапсырмалар

 

1 – топ Батыс Қазақстан облысы туралы

 

БҚО республиканың солтүстік-батыс бөлігінде, Жайық өзенінің орта

ағысында орналасқан. Жер көлемі 151,2 мың  шаршы км. Жер беті негізінен

құмды алқаптар, ойпаңдар алмаса жатқан жазық. Облыс жер қойнауында

мұнай, газ, тұздар, 60-тан астам құрылыс заттарының кен орындары  бар.

Жазы ыстық, қысы суық. Облыста егіншілік, мал шаруашылығы, газ өндіру

дамыған .Өзендері: Жайық, Аңқаты, Шідерті, Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты, Қараөзен, Шыңғырлау т. б. Көлдері: Шалқар, Соркөл. Оңтүстік батыста Нарын құмы орналасқан. Аудандары: Зеленов. Приурал, Теректі, Тасқала, Шыңғырлау, Бөрлі, Сырым, Қаратөбе, Ақжайық,  Жаңғала, Бөкейорда, Жәнібек, Казталов. (картадан көрсетіп шығады)

 

БҚО-ның экологиялық жағдайы туралы фильм көрсетіледі.

 

2 – топ  Орал қаласы туралы

Орал –облыс орталығы, Орал тауы атымен қойылған. Орал қаласы 1613

жылы Жайық өзенінің  бойында бекініс ретінде салынған. Пугачев

көтерілісіне  дейін Жайық қалашығы  деп аталған. Қалада орыстың атақты

ақын-жазушылары И. В. Даль, А.С.Пушкин, Л. Н. Толстой, И. В. Крылов,

А. Шолоховтар болған. Ұлы Отан соғысы кезінде қалаға көптеген завод,

фабрикалар көшірілген. Соның негізінде “Зенит” машина жасау , “Омега”

прибор жасау заводтары,тері илеу, “Диана” фабрикалары , құрылыс

материалдарын шығару , ет комбинаттары сияқты ірі өндіріс орындары

жұмыс жасауда.Қалада көптеген мұражайлар, демалыс орындары бар.

 

Орал қаласының көрікті жерлерінің суреттері көрсетіледі. Қай топ ғимараттардың аттарын бірінші болып тапса, сол топқа ұпай есептеледі.

 

3 – топ  “Жайықтан шыққан тұлғалар”  Суреттерді классификациялау. Топқа бірнеше адамның суреттері үлестіріледі. Сол суреттердің ішінен БҚО-да туып-өскен тұлғаларды іріктеп алып, әрқайсысы туралы қысқаша мәлімет береді.Суреттерді флипчартқа орналастырып, постер құрастырады.

 

Қосымша ретінде Құрманғазының күйлері, Ескендірдің әндерінің мәтіні мен әндері, Қадыр Мырза Әлінің афоризмдері, Махамбеттің жырлары, Ж. Молдағалиев өлеңдері, Динаның күйлері берілген, «Қыз Жібек» фильмін тамашалауға болады, тағы да басқа қосымша материалдар берілген.

Әр топ жасалған жұмыстар бойынша бір-бірін бағалап, жұлдызша, ұсыныс айтады.

Грамматикалық тапсырмалар:

1– топ   Сөйлемдерді аяқтау:

а) Мен өзімнің туған жерімді мақтан етемін, себебі……………

б) Жайық өзенін, Шалқар көлін қорғау керек, себебі…………..

 

2 – топ   Аудару, екі сөйлем құрастыру

Полезные ископаемые-

Родина великих людей-

Развито сельское хозяйство-

Пески Нарын-

Природный газ-

 

3 – топ       Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрау, синтаксистік

 талдау жасау

1  Қаласы, көтерілісіне, Жайық, қала, дейін, аталған, Пугачев, деп.

2  Мұражайлар, қалада, көптеген, орындары, бар, демалыс.

 

Әр топ бір – бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалайды.

 

 

Тіл дамыту тапсырмалары

Әр топ туристік агенттік ретінде Орал қаласына туристерді

тарту үшін өз жарнамаларын құрастырулары керек.

(флипчартқа)

Әр топ жасалған жұмыстар бойынша бір-бірін бағалап, жұлдызша, ұсыныс айтады.

ІІІ    Қорытынды

Бекіту

Сұрақ-жауап түрінде блиц-турнир өткізіледі. Қай топ жауабын бірінші тапса, соған ұпай есептеледі.

 

  1. Желтоқсан оқиғасы кезінде жырымен жастарға дем берген, «Мен қазақпын» деген ақын.
  2. Батыс музыка мектебінің үлгісін қалыптастырған Мұхит Мералыұлының әндерін насихаттаушы, әнші-композитор.
  3. Дауылпаз ақын, ұлт-азаттық көтерілісінің басшыларының бірі.
  4. 24 жасында тұңғыш кітабы жарық көрген, Жымпиты өңірінің даңқты

ұлдарының бірі, Халық ақыны.

  1. Белгілі компизотор, “Атамекен” әнінің авторы.
  2. Кеңес Одағының батыры, пулеметші.
  3. Күй атасы.
  4. Облыстың оңтүстік-батысындағы құм.
  5. Облыстағы аудандарды атап шығу.
  6. Өңірдегі өзендерді атап шығу.

 

Жауаптары:

  1. Жұбан Молдағалиев
  2. Ғарифолла Құрманғалиев
  3. Махамбет Өтемісұлы
  4. Қадыр Мырза Әлі
  5. Ескендір Хасанғалиев
  6. Мәншүк Мәметова
  7. Құрманғазы
  8. Нарын
  9. Зеленов. Приурал, Теректі, Тасқала, Шыңғырлау,

Бөрлі, Сырым, Қаратөбе, Ақжайық,  Жаңғала, Бөкейорда, Жәнібек,

Казталов.

  1. Жайық, Аңқаты, Шідерті, Өлеңті, Бұлдырты, Қараөзен,Қалдығайты,

Шыңғырлау т. б.

 

Бағалау, қорытындылау

Оқушылар  сабақта грамматикалық және лексикалық тақырыптар бойынша не туралы  сөйлескендерін  өз сөздерімен қорытындылайды, бір-бірін бағалайды, сабақтың өтілу барысында неге үйренгендері туралы айтады. Рефлексия.

Мұғалім оқушылардың сөздерінен кейін сабақты тәрбиелік мақсатта қорытындылайды, бағалайды.   

Үй тапсырмасы: “Орал қаласына саяхат”  Әр оқушы шағын репортаж дайындайды.

 

 

Сабақтың талдауы.

 

Сабақ  Батыс Қазақстан облысының географиялық орналасуы, экономикалық,  экологиялық  жағдайы,  осы өлкеде туып-өскен ұлы тұлғалар, олардың шығармашылығы туралы мәліметтер береді. Сабақ оқушылардың өзін-өзі оқыту мен өзгелерді оқытуға, мәліметтерді өз бетінше тауып үйренуіне, ойларын дәлелдеуге, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға, өз елінің тарихын білуге,  тарихта есімі қалған ұлы адамдарға құрметін тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар грамматикалық, лексикалық, тіл дамыту жаттығулары берілген. Жаңа формат бойынша құрастырылған сабақта суреттерді классификациялау, жарнама құрастыру, репортаж дайындау сияқты стратегиялар қамтылған. Сабақта Құрманғазы күйлері, Қадыр Мырза Әлінің афоризмдері, Махамбеттің жырлары, Е. Хасанғалиев әндері, Орал қаласының суреттері, «Қыз Жібек» фильмі, тағы да басқа қосымша мәліметтер  беріліп отыр.

Түрі:     жай сабақ

Әдісі:   сұрақ – жауап,  баяндау

Лексикалық тақырып:  Ақжайық өлкесі. Жайықтан шыққан тұлғалар.

Грамматикалық тақырып:  грамматикалық минимумдарды қайталау

Пәнаралық байланыс:  география, тарих, музыка

Сабаққа қойылатын талаптар:

  1. Пәнаралық байланыс
  2. Сабақтың ғылыми негізде меңгерілуі
  3. Мазмұнның өмірмен байланысы
  4. Тәрбиелік мақсаты
  5. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі
  6. Ұжымдық, жекелеп оқытуды ұйымдастыру
  7. Тіл дамыту, жазу дағдысының қалыптастыру
  8. Бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын пайдалана білу

Сабақ  психологиялық оң ахуал орнатумен басталды. Түрткі сұрақтардан соң,

кластер құрастырып, оқушылар сабақтың мақсатын мұғалімнің көмегімен айтады.

Оқушыларға бағалау критерийлары жазылған парақ үлестіріледі. Олармен бағалау бағамдары келісіледі.

Негізгі бөлімде алдын-ала өз беттерінше жинаған материалдар бойынша әр оқушы берілген тақырыпқа мәліметтер жинастырып, қысқаша хабарлама жазып келген болатын.  Дайындалған хабарламалардың жақсы жазылғанын  топ ішінде таңдап,  3 топ 3 түрлі тақырыпты оқуға ұсынады. Тексергенде кейбір орыстілді оқушылардың мәліметтерді орыс тілінде жазып әкелгенін байқадым.1 топтың берген мәліметінен кейін, өзім БҚО туралы фильнен үзінді дайындап көрсеттім. 2 топ өз мәтінін оқып болғаннан соң, Орал қаласының көрікті жерлерін көрсетіп, бұның қай жер екенін және ол туралы қандай мағұлмат бере алатындықтары туралы сайыс өткіздім. 3топқа суреттерді классификациялау керек еді. Оқушылар кейбір тұлғаларды таба алмады, не оның кім екені туралы толық  мәлімет бере алмады.Құрастырған постерлерін қорғап болғасын,  осы адамдар туралы арнайы слайдтарды көрсеттім. Тұлғаның суретін басқанда сол адам туралы мәлімет және оның бір шығармасы орындалады не мәтіні жазылып тұрады.

Әр топ өзара жасалған жұмыстарына жұлдызша мен ұсыныс айтты.

Әрі қарай грамматикалық тапсырмалар орындалды.

1– топ   Сөйлемдерді аяқтау:

а) Мен өзімнің туған жерімді мақтан етемін, себебі……………

б) Жайық өзенін, Шалқар көлін қорғау керек, себебі…………..

2 – топ   Аудару, екі сөйлем құрастыру

Полезные ископаемые-

Родина великих людей-

Развито сельское хозяйство-

Пески Нарын-

Природный газ-

3 – топ       Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрау, синтаксистік

талдау жасау

1  Қаласы, көтерілісіне, Жайық, қала, дейін, аталған, Пугачев, деп.

2  Мұражайлар, қалада, көптеген, орындары, бар, демалыс.

Әр топ бір – бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалау парақтарын толтырып отырды. Грамматикалық тапсырмаларды  орындау көп қиындық туғызбады.3 топ та жақсы орындап шықты және орындау барысында белсенді оқушылар топ жұмысына басшылық жасап отырды. Жауап беруді үлгерімі орташа оқушыларға жүктеді.

Тіл дамыту тапсырмаларында әр топ туристік агенттік ретінде Орал қаласына туристерді тарту үшін өз жарнамаларын құрастырулары керек болатын. (флипчартқа) Әр топ жасалған жұмыстар бойынша бір-бірін бағалап, жұлдызша, ұсыныс айтады. Жарнама құрастыруда оның нанымдылығы, сөйлемдердің ұтымдылығы, адамдарды қызықтырып, тарта білу қабілеттіліктері бойынша бағаланатындықтарын ескерттім. Жарнамалауға алған объектілерінің көбі бір  болып шықты. Кей сөйлемдері ұқсас, ал  кейде бір объектіні әр топ әр қырынан көрсетіп жатты.Соңында әр топ бір-бірінің жұмысына баға берді. Мен де олардың құрастырған жарнамаларына өз пікірімді және ұсынысымды білдірдім.

Қорытындыда бекіту ретінде сұрақ-жауап түрінде блиц-турнир өткізілді. Қай топ жауабын бірінші тапса, соған ұпай есептелінді. Сабақ соңында оқушылар  сабақта грамматикалық және лексикалық тақырыптар бойынша не туралы  сөйлескендерін  өз сөздерімен қорытындылады, бір-бірін бағалады, сабақтың өтілу барысында неге үйренгендері туралы айтты.

Өзім оқушылардың сөздерінен кейін сабақты тәрбиелік мақсатта қорытындыладым, бағаладым.  Сабақты рефлексиямен аяқтады.

Үй тапсырмасына  “Орал қаласына саяхат”  деген тақырыпқа әр оқушыға шағын репортаж дайындауға тапсырылды.

Сабақ барысында оқушылар туған өлкесі туралы көп мағұлмат алды, қосымша деректер білді, көрді, тамашалады. Бұл сабақ оқушылардың туған жерінің тарихын тереңірек білуге қызығушылығын арттырды деп ойлаймын.