Қазақ тілі «Білім сайысы»

66

 

Сабақтан тыс шара (бастауыш класс орыс мектебінде)

Қазақ тілі «Білім сайысы»

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың білімдерін пысықтау, қайталау
  2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, шешендікке, тапқырлыққа баулу, сабаққа белсендігін арттыру
  3. Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу

Түрі: Қорыту сабақ

Әдісі: іздену, сұрақ-жауап, ойлану, ойын, топпен жұмыс

Көрнекілік: интеррактивтік тақта, суреттер, кәртішкілер.

Сабақтың барысы:

І..Ұйымдастыру

ІІ..Қонақтармен және оқушылармен сәлемдесу

Мұғалім сөзі: Туған жері —  түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы

Туған дәстүр салт-санасы, тірегі

Қадамыңа шуақ шашар үнемі,-деп Мұхтар Шаханов, ардақты ақын ағамыз айтқандай, туған тілді, салт-дәстүрді дәріптейтін қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Сабақтың ұраны: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» Н.Назарбаев.

ІІІ. Білім сайысы.

Кел балалар, келіңдер

Тамашаны көріңдер

Бізде қызық ойын бар

Барлығың ден қойындар!

 

Армысыңдар, құрметті ұстаздар және сайыскерлер! Сайыскерлерге сәттілік тілеп, сайысымызды батаймыз.Сайыс бес бөлімнен тұрады.

1 бөлім – Сұрақ-жауап сайысы

2 бөлім — Мақал — мәтелдер сайысы

3 бөлім – Тапқырлық сайысы

4 бөлім – Тіл -өнер сайысы

5 бөлім – Ертегілер елінде сұрақ-жауап

 

І. Сұрақ-жауап сайысы. Екі топтың басшылары берілген кестелерді алып, оқушылармен ақылдаса отырып, сұрақтарға жауап береді.(дайындыққа 3 мин уақыт беріледі.)

№1 кесте. Жыл мезгілдерін ата.

Адамның дене мүшелерін ата

Төрт түлік малды ата

Ай аттарын ата

№2 кесте. Апта аттарын ата

Уақыт өлшемдерін ата

Ұлт ойындарын ата

Отбасы мүшелерін ата

ІІ. Мақал — мәтелдер сайысы. Қазақ халқы сөз өнерін аса жоғары бағалаған. «Сөздің көркі — мақал» дей отырып, қай топ көп мақал-мәтел біледі, байқап көрейік. (әр мақал 1 ұпай)

ІІІ. Тапқырлық сайысы. Көп тіл білу — өмір талабы. Жұмбақтың шешуін оқушылар екі тілде айтуы керек.

  1. Жабырқаса жылайды,

Жадыраса құлайды.

(Бұлт — Туча)

  1. Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған.     (жұмыртқа — яйцо)

  1. Күннен көзін алмайды,

Өзгемен ісі болмайды.  (күнбағыс-подсолнух)

  1. Уақытты өлшеп, санап,

Таппайды бір тағат. Бұл не сонда?  (сағат-часы)

  1. Тілі жоқ, ақыл- кеңес береді. (кітап-книга)

ІV. Тіл -өнер сайысы. Мақал-мәтелдерді толықтырып, өздерінің шешендіктерін көрсету.

  1. Отансыз адам – ормансыз ……   (бұлбұл)
  2. Отан оттан да ……..         (ыстық)
  3. Батамен ел көгерер, жаңбырмен ……..    (жер көгерер)
  4. Батыр бір рет өледі, қорқақ ………     (мың рет өледі)
  1. V. Капитандар сайысы. «Дұрыс па, бұрыс па?»

№1 Бәйге қазақтың ұлттық ойыны.

Бесбармақ орыстың ұлттық тағамы.

Наурыз шығыс қазақтарының мерекесі.

Қымызды сиыр сүтінен жасайды.

Наурыз жаз айында басталады.

№2 Мектепте біз сауатты жазуға, оқуға үйренеміз.

Абай орыстың ұлы ақыны.

Астана  — Қазақстанның астанасы.

Бота – сиырдың төлі.

Бір аптада жеті күн.

VІ. Ертегілер елінде сұрақ-жауап. ( «Бауырсақ», «Үш аю», «Мақта қыз»)

Әділқазылар алқасы сайыс шешімін шығарғанша оқушылар ән орындайды.

Сөз әділқазылар алқасына беріледі. Марапаттау рәсімі өткізіледі.

Мұғалім сөзі.:  Тіл ырысың, өрісін де,

Тіл көктем ғажап күнің

Ғажап күнсің

Мен үшін де

Бабам тілі – қазақ тілім.

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыз.