Үстеуден өткенді қайталау. (Жаттығу, талдау жұмыстары)

148

 

Сабақтың тақырыбы: Үстеуден өткенді қайталау. (Жаттығу, талдау жұмыстары)

Сабақтың мақсаты:

  1.Білімділік: үстеу, үстеудің құрамдық, мағыналық түрлерінен өткен тақырыптарды қай-талау, алған блімдерін бекіту.

  2.Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәде-ниетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, ой-пікірін қалыптастыру, лин-гвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

  3.Тәрбиелік: оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ұлтжандылыққа,елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау, бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: салыстыру, сұрақ-жауап, жаттығу, тапсырмалар орындау,  бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі:  тапсырмалар, сөзжұмбақ жазылған слайд, электронды оқулық,се -мантикалық карта

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.

 

   ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1.294-жаттығу.Мәтіндегі үстеулерді тіркескен сөздерімен бірге теріп жазғандарын оқиды.

Үстеудің қай түрі екенін айтады.

Үлгі: енді тым-тырыс болды – мезгіл үстеуі,кейіннен білінбейді – мезгіл үстеуі,артына қарады – мекен үстеуі, біраз жүрген соң – мөлшер үстеуі, жан-жағына қарап тұрды – мекен үстеуі, еркекше киініп – сын-қимыл (бейне) үстеуі, таңертең ерте түскен екен – мезгіл үстеуі , лезде тыпырлағандай болды – сын-қимыл (бейне) үстеуі,енді шығып – мегіл үстеуі, тіпті жақындап қалған сияқты болды – күшейткіш үстеуі, қыстыгүні жаяу келе жатқан – мезгіл үстеуі, бұрын тұрған – мезгіл үстеуі, көлегей тұрған – сын-қимыл (бейне) үстеуі,

ақырын жақын келді  – сын-қимыл (бейне) үстеуі , тіпті жақын көрінді – күшейткіш үстеуі, жан-жағына бұрып – мекен үстеуі, артына бұрылып қарады – мекен үстеуі,

жоғары ұшып бара жатқанын көрді – мекен үстеуі , жоғары көтеріліп – мекен үстеуі .

 

 

 ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту

Сызба бойынша сұрақ-тапсырмалар беріледі.

1.Үстеу дегеніміз не?

2.Үстеудің  мағыналық түрлері қандай?

3.Орхон-Енисей  ескерткіштеріндегі үстеулердің мағыналық түрлері нешеге бөлінеді?

4.Мезгіл үстеуі дегеніміз не?

5.Мекен үстеуі дегеніміз не?

6.Сын-қимыл (бейне) үстеуі дегеніміз не?

7.Мөлшер үстеуі дегеніміз не?

8.Күшейткіш үстеуі дегеніміз не?

9.Мақсат үстеуі дегеніміз не?

10.Себеп-салдар үстеуі дегеніміз не?

 

Оқушыларға күн реті мен сабақтың тақырыбы, мақсатын хабарлау.

 

ІV.а). Үстеуден өткенді қайталау.(Жаттығу, талдау жұмыстары)

Сөзжұмбақ «Наурыз»

 

 Н  
А  
 У  
  Р  
 Ы  
  З  

1.Мөлшер үстеуінің сұрағы.

2.Мағынасына қарай қай үстеу қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді?

3.Жұрнақ арқылы жасалатын үстеуді қандай үстеу дейміз?

4.«Ендігәрі» тұлғасына қарай қандай үстеу?

5.Биыл 22 наурызда «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі» тойланады.Сөйлемде қандай үстеу сөз бар?

  1. «Ертең» мағынасына қарай қандай үстеу?

 

ә).Кітаппен жұмыс

296-жаттығу. Сөйлемдерді оқып шығып, негізгі үстеулерді бір бөлек, туынды үстеулерді бір бөлек тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар.

 

Үлгі: негізгі үстеулер:                                                            туынды үстеулер:

ерте оянды                                                                            түнде тауып алды

енді бозарып келеді екен                                                     алдында келе жатып

тым үйірсек                                                                         бірге барып тұрайықшы

енді қайтесің

тіпті көңілді

бұрынғыдан да жақсы көріп кетті

 

б). Электронды оқулықпен жұмыс.

№ 54 тапсырма. «Қожа қонақта».Үстеу сөздерді тауып, құрамдық, мағыналық түрлерін ажыратыңдар.

Қожанасыр қыдырып жүріп, әр елге сын тағып жүреді екен. Бір күні бір ауылға келіп:

-Қайырлы күн! – деп үйге кіріпті.

Үй иесі:

-Мархабат, төр сенікі, — деп жоғары шақырады.

Қожекең төрге шығып, мән-жайын, үй ішін сұрасып, әңгімелесіп отырыпты. Бірнеше сағат-тан кейін алдына шағындау ас келіпті. Бағанадан бері аш отырған Қожекең ап етіп, бір пәсте жеп қойыпты. Біраздан кейін атын отқа қою үшін далаға шығып бара жатса, үй иесінің бір та-бақ еті мен басын тығып қойғанын көріпті.Тез арада үйге оралыпты. Сонан соң жүрер алдын-да:

 

Ас беріп азанда,

Жартысы қалды қазанда.

Көріп қалды көзіміз,

Тоймай қалдық өзіміз, —

деп бата жасап, Қожанасар жөніне кетіпті.

 

    в).Ойлының ойы ұшқыр

Өз ойларыңнан үстеу сөздерді қатыстырып, «Наурыз мерекесіне» байланысты сөйлем құраңдар.Сөйлем ішіндегі үстеу сөздерге морфологиялық, фонетикалық сатылай кешенді талдау жасаңдар.

Мысалы: Биыл 22 наурызда « Наурыз» мерекесі тойланады. Мерекеге халық анағұрлым көп жиналады.

 

Морфологиялық сатылай кешенді талдау

Биыл

1.Бұл сөз екі құрамнан тұр: бұл +  жыл

2.Тұлғасына қарай – биыл – туынды түбір.Себебі,екі түбірдің дыбыстық өзгерістерге ұшырап, кірігуінен жасалған туынды сөз.

3.Құрылысына қарай – күрделі, кіріккен сөз.Себебі, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып, дыбыстық өзгеріске ұшырап, кірігіп тұрақталған құрама сөз.

4.Сөзде бір лексикалық, бір граматикалық мағына бар.

5.Лексикалық мағынасы – іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіріп тұр.

6.Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – үстеу.

7.Биыл – қашан? деген сұраққа жауап береді.Ендеше, бұл – үстеу.

 

Фонетикалық сатылай кешенді талдау

Анағұрлым

1.Жуан буынды сөз.

2.а-на-ғұр-лым

V  V   V    V

а.б  а.б  б.б  б.б

3.Ана-ғұрлым

Анағұр-лым (екі түрлі жағдаймен тасымалданады).

4.Анағұр-лым – сөз екпіні -лым буынындағы ы дауысты дыбысына түседі.

5.Сөзде буын үндестігі бар

Анағұр-лым – лім

А – дауысты, жуан, ашық, езулік

Н – дауыссыз, үнді

Ғ – дауыссыз, ұяң

Ұ –дауысты, жуан, қысаң, еріндік

Р – дауыссыз, үнді

Л – дауыссыз, үнді

Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік

М – дауыссыз, үнді

 

VІІ. Сабақтың қорытындысы:

 

                                                 

                                                   Семантикалық    карта

 
        Мысалдар Мезгіл Мекен Мөлшер Сын-қимыл Күшейткіш Мақсат Себеп-салдар
  Ақырын              +      
  Анағұрлым            +        
  Орасан         +    
  Бүрсігүні         +            
  Бірталай     +        
  Әдейі                 +  
  Бірте-бірте              +      
Сонда       +          
Қаннен-қаперсіз             +      
Босқа                    +
Жорта                +  
Қыруар           +        
Әжептәуір           +        
Күні-түні       +            
Бері       +          
Өңкей                   +    
Осында       +          
Мұншама           +        
Бағана        +            
Емін-еркін             +      
Ең                   +    
Шарасыздан                     +
Таң сәріде        +            
Әлгінде        +            
Қолма-қол             +      
Өте                   +    
Әдейілеп                +  
Балаша             +      
Мұншама           +        
Төмен       +          

 

 

VІ.Бағалау.

Оқушылардың білімдерін талапқа сай бағалаймын.

 

VІІ.Үйге тапсырма. 295-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін.

1.Сөйлемдерден негізгі үстеу мен туынды үстеулерді ажыратып, олардың қалай жасалғанын айтыңдар.

2.Берілген үстеулерді қатыстырып, мәтін құрап жазыңдар.

3.Өткен тақырыптар бойынша ережелерді қайталау.