Ы.Алтынсарин әңгімелері

356

 

Ы.Алтынсарин әңгімелері

Сабақтың мақсаты:а)Ы.Алтынсаринның әңгімелеріне тоқтала отырып,әңгіменің идеялық мазмұнына талдау,оқушыларға ойландыратын  сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды        жасату;

ә)білімділік; танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б)еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Cабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:сын тұрғысынан ойлау( ой қозғау,топтастыру, Венн диаграммасы )

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,кесте

Пән аралық байланыс:тарих

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1)оқушыларды түгендеу

ІІ Үй тапсырмасы

1-тапсырма “Жылдар сөйлегенде”

Ы.Алтынсарин өміріндегі елеулі оқиғаларды айтқызу

1)1841                  3)1859     5)1864      7)1879-1883        9) 1896

2)1850-1857       4)1860     6)1876       8)1886-1887        10)1889

 

2-тапсырма “Қазақ хрестаматиясына енген өлеңдері”

-Ы.Алтынсарин өлеңдері (аттары,тақырыбы)

-Қазақ хрестаматиясы қандай өлеңмен басталған?

(Оқушыларға өлеңін жатқа айтқызу)

ІІІ Жаңа сабақ

Жоспары:

1.Ыбырай-жазушы.

2.Ыбырай-аудармашы.

3.Ыбырай-әңгіме жанрының негізін салушы.

1.Мағынаны тану.

-Балалар,бүгін алған білімдеріңді толықтыру мақсатында Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен танысамыз

-Әңгіме дегеніміз не?

2.Оқушыларға оқыған әңгімелерін айтқызу

3.Ыбырай әңгімелерінің тақырыптары

а)Адамгершілік тақырыбындағы әңгімелері;”Таза бұлақ “,”Бақша ағаштары”,”Сауысқан мен қарға” т.б.

ә)Еңбексүйгіштік жайлы әңгімелері;’’Бай  баласы мен жарлы баласы” “Әке мен бала’’  “Қыпшақ Сейтқұл,” “Дүние қалай етсең табылады?” т.б

б)Өнер,білім жайлы әңгімелер; “Зеректік” “Aтымтай  Жомарт” “ Талаптың  пайдасы”  “Білімнің пайдасы’’

3)Аудармалары ;

И.Б.Паульсон:  “Бір уыс мақта” “Тәкаппарлық” “Әдеп”  т.б.

Л.Н.Толстой: “Жақсылыққа жамандық”  “ Жаман жолдас” “Үш ұры’’

К.Д.Ушинский : “Түлкі мен ешкі’’    “Сауысқан мен қарға’’

И.Крылов; “Қайырымды түлкі”

4)’’Таза бұлақ” әңгімесін рөлге бөліп оқыту

5)Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы . Шығармалары қысқа  мазмұнға  құралады .Аз сөзге көп мағына  сыйғызу мақал-мәтел қолдану,әр әңгіменің тәлім-тәрбие мәніне ерекше көңіл бөлу-Ыбырай шығармаларының ерекшеліктері.

ІV  Жаңа сабақты бекіту.Ой толғаныс

-Біз Ыбырай Алтынсарин туралы не үйрендік? (топтастыру)

Ыбырай

ғалым

 

ағартушы

ақын

 

жазушы                   оқулық              педагог

аудармашы          авторы

 

Ыбырай

2.Венн диаграммасы

Абай

 

 

 

 

 

 

 

V Сабақты қортындылау

1” Егемендіктің ең алғашқы шарты білім . Білім- қай заманда да маңызды , өзекті мәселе”

(пікірталас)

2” Сабақтан алған әсерім”

(оқушылар жазып тақтаға іледі)

VІ Үйге тапсырма ; Ы .Алтынсарин әңгімелері .

“Ата тәрбиесі мен ғибраты( ой толғау) ”

VІІ Бағалау

(бағалау парағы арқылы)