Қосарлама қос сөздер

139

Қазақ тілі  6-класс

Сабақтың тақырыбы : Қосарлама қос  сөздер

Мақсаты : Қайталама қос сөздерді қайталата отырып, қосарлама қос сөздерді меңгерту ,сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге ,қосарлама қос сөздерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жүргізу .

 

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі : СТО жобасы  бойынша

Пәнаралық байланыс : Әдебиет , математика

Көрнекілігі : Интерактивті тақтадан көрсетілетін слайдты  түсіндірме жұмыстармен тапсырмалар  .

Күтілетін нәтиже :

  • Оқушы қосарлама қос сөздерді меңгереді;
  • Мысал келтіріп, оның жасалуын  ажырата алады;
  • Қосарлама қос сөздерді пайдалан отырып , фонетикалық  талдау жүргізеді ;

 

Сабақтың барысы

1 Психологиялық дайындық :

Оқушының зейінін аудару , түгендеу.

Оқушыларға өздерінің аты-жөні жазылған   бағалау парағын таратып , толтырылу ережесімен түсіндіру / Әр жауаптары сайын  тапсырмның түріне қарай бөлінген графаға  бір балдан қосып отырады .

 

2 Қызығушылықты ояту :  «Кубизм» стратегиясы бойынша  / Экранда кубиктің қырына сай  сұрақтары шығып отырады./

1- қырының тапсырмасы : Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?

2- қырының  тапсырмасы : Күрделі сөздердің түрлерін ата

3-қырының тапсырмасы : Қос сөз дегеніміз не?

4-қырының  сұрағы: Қос сөздер нешеге бөлінеді , оларды ата ?

5- қырының сұрағы : Қайталама қос сөз дегеніміз не ?

6- қырының сұрағы : Қайталама қос сөздер қалай жасалады ?

3 Мағынаны тану

— Экранда жазулы тұрған  өлеңді бір оқушыға оқыту

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап

Жоғары-төмен үйрек-қаз

Ұшып тұрса сымпылдап,

Қыз-келіншек үй тігер

Бұрала басып былқылдап

Абай .

  • Кімнің өлеңі ?
  • Осы өлеңде кездесіп тұрған қос сөздерді атайық

Құлын-тай , жоғары-төмен , үйрек-қаз , қыз-келіншек

/ Осы жерде қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөзді  салыстырмалы түрде жазып ережесін шығару/

 

Құлын-тай                             көре-көре

Жоғары-төмен                       жарқ- жұрқ

Үйрек-қаз                              Үйді-үйге

Қыз-келіншек                        өз-өзіне

  • Бұл сөздер қалай жасалып тұр ?
  • Неше түбірден қосарланған ?

** Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерді –қосарлама қос сөздер дейміз. / Экраннан  көрсету /

  • Енді қосарлама қос сөздер қалай жасалады ? Оны білу үшін мына экранға көңіл аударамыз

Елу түйесі , екі жүздей қой –ешкілері тағы бар .

  • Бұл сөйлемдегі қосарлама қос сөздерді көрсет ? / Екі түбірі де бір-біріне мағыналас сөз.
  • Олай болса , қосарлама қос сөздер , мағыналары бір- біріне жақын/ синоним/ сөздер я қарама-қарсы / антоним /сөздер қосарланады . Мысалы : қысы-жазы, жата-жастана, аға-іні ,ауыл-аймақ , ағайын- туыс.

     Ол үйдің  бала-шағасына дейін тыным таппайды.

  • Бір мағыналары мағыналы , екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.

Мысалы: көйлек-көншек, жүн-жұрқа , қыз-қырғын т/б

 Шаға, жұрқа, көншек, қырғын сияқты сөздерді көне немесе басқа тілден енген сөздер деп атайды .Себебі  бұл сөздер ерте кезде белгілі бір мағынаға ие болып қазіргі кезде ұмытылып кеткен. Мысалы: «Шаға » сөзі «Кішкентай ,қызыл шақа» деген мағынаны берген  т/б  түсінік беріп кету.

 Сандалып келе жатты ақсақ киік

Бір тоқтап , анда-манда есін жиып

 Ақ бөкен сахараның ботагөзі

Атты екен қандай мерген көзін қиып .

                           Сәкен Сейфуллин .

  • Екі сыңарыда мағынасыз сөздер қосарланады . Мысалы : анда-санда, оқта-текте , ығы-жығы, некен-саяқ т/б.

 Мұғалімдерге оқу -әдістемелік құралдар  жіберілді.

  • Кейіңгі кезде қалыптаса бастаған қосарлама қос сөздердің тобы . Олардың сыңарлары әртүрлі тұлғада кейде бір тұлғада келеді .Мысалы : Оқу-әдістемелік ,мәдени-ағарту ,қазақша-орысша үгіт-насихат т/б .

                    

               Оқулықпен жұмыс / ауызша/

№ 93  / Тізбектей отырып, оқушылар ауызша қосарлама қос сөздердің жасалуын талдайды .

№ 95  / Тақтамен жұмыс /

 Сөз тіркесін жасайды .

  • Ойын-тойдың сәні, көші-қон қамы т/б .

«Жалғасын тап»  ойыны

 Дос- …….                        Егжей -…….                     …….- Жарақ

Сәлем -…..                     ………..- Насихат             …….-  Сарсаң

………- келбет               Қант-  …………..                Ығы- ……..

                  

            Математикалық талдау

 3 топқа тапсырма

  1-топ : Дос-жаран сөзіне фонетикалық талдау жүргізу

   2- топ: Кескін-келбет сөзіне

 3- топ : Ығы-жығы  сөзіне талдау

                              Ой толғаныс :                 

  • топ : Қосарлама қос сөздерінің анықтамасын айту, мысал келтіру.
  • Топ : Қосарлама қос сөздердің жасалу түрін айт
  • Топ : Қосарлама қос сөздердің жасалуына сай мысал келтіру
  • Үйгетапсырма : №100 , ережелерді ереже дәптерге түсіру

Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру.