МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР, ОЛАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ.

136

 

Тақырыбы:

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР, ОЛАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мақал-мәтелдер халықтың рухани қазынасы екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктерін, мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру.

Дамытушылық: тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерінн өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін дамыту;

Тәрбиелік: мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуге, ұшқыр ойлы сөйлеуге, ұлжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Дістүрлі емес, талдау сабағы

Сабақтың әдісі: Іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, даралық және топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, орыс тілі, ағылшын

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сызбалар, үлестірмелі парақшалар

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) Оқушыларды түгендеу

Ә) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

«Жүректен — жүрекке» (тренинг)

Оқушыларға жүрекшелер таратылып, сабақ барысында білім шыңына жету үшін керекті қасиеттерді бір-біріне тілейді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. 121 – жаттығу
  2. Тұрақты тіркес пен еркін тіркестердің айырмашылықтары мен ортақ белгілерін ата.

Үй тапсырмасын қорытындылау

Тест жауаптарын таба отырып, тұрақты тіркестің ережесін шығару

  1. Тұрақты тіркеске тән белгіні көрсет

А) Бетінен оты шықты – ұялды

Ә) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Ереже: Тұрақты сөз тіркестердің құрамындағы сөздер 4-еу немесе 5-еу болса да бір мағына береді.

  1. Қай тұрақты сөз тіркестің құрылысы дұрыс орналасқан?

А) Тайға таңба басқандай

Ә) Зу жүрегі етті

Ереже: Тұрақты сөз тіркес сыңарларының орнын ауыстыруға, алмастыруға болмайды.

  1. Тұрақты тіркестің ерекшелігін тап.

А) Оның бетін қақпай (қалай? пысықтауыш) өсірді

Ә) Ерке түнімен көзін ілмеді (Несін? Нені? Не істеді? толықтауыш, баяндауыш)

Ереже: Тұрақты тіркес бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

І Ізденіс кезеңі

Үйден оқушыларға өз беттерімен ізденіп, мақал-мәтелдерді жазып, жаттап келуге берілген болатын.

Ұжымдық жұмыс. Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.

Даралық жұмыс. Мақал-мәтелдің мағынасын ашып, өмірде тиімді қолдана білудің ерекшелігін дәлелдейді.

Жаңа сабаққа өздіктерінен ізденіп, қол жеткізуге бағыттау үшін кестеге назар аударады.

Мақал-мәтелдер Сұрақтар Болжамдарын растау
Еңбек түбі — береке 1.     Құрамындағы сөздердің орны тұрақты ма? Сөздердің орны тұрақты
Ақ жүрген азбас 1.     Аз сөзбен көп мағына беріліп тұр ма? Аз сөзбен көп мағына береді
Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

 

Үлкенді сыйласаң,

Қадірлі боласың.

1.     Ақыл-өсиет айтылған ба? Үлкенді сыйлауға өсиет айтып тұр

 

ІІ Жаңа білімід меңгерту кезеңі

Мақал мен мәтелдердің айырмашылығы мынада:

  1. Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.
  2. Мақал көбінесе құрмалас сөйлем күйінде келеді. Ал мәтел жай сөйлем күйінде келеді. Кейде баяндауышы айтылмаған толымсыз сөйлем күйінде келеді.

Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері

 

Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады

Белгілі бір тұжырым, түйінді береді

 

Ақыл, өсиет айтылып, адамгершілікке үндейді

 

 

Мақал-мәтелдердіңерекшеліктері

Р/с Мақал Мәтел
1 Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді Көбіне бір бөлімді болып келеді
Әке – асқар тау, шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ Кәрі түлкі қақпанға түспес
2 Ой неғұрлым ашық айтылады

 

Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.

Ой-пікір ишара, тұспал түрінде беріледі.

Көп түкірсе – көл.

3 Ақыл, өсиет түрінде келеді

 

Бірлігі күшті ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.

Көбіне эмоциялық реңк басым.

 

Қызым, саған айтам, келін, сен тыңда.

 

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді.

Мысалы: Отан, еңбек, батырлық, достық, адамгершілік, оқу-білім т.б.

 

ІІІ Практикалық дағды кезеңі

Балалар, сабақ барысында білімімізді ең биік шыңға көтеруге ұмтыламыз. Сіздер бағындыратын білімнің биік шыңы Білім пирамидасымен өлшенеді.

І саты (Оқушылық деңгей)

  1. Бірнеше сөздер беріледі: Ана, еңбек, дос,ел. Мақал-мәтелдер құрап, оларды қатыстырып бір-екі сөйлеммен өз сезімдерін білдіреді.

 

ІІ саты (Алгоритмдік деңгей)

 

126-жаттығу, Мақал-мәтелдерді аяқтау.

 

ІІІ саты (Ізденімдік деңгей)

 

  1. 127-жаттығу. Мақалды бөлек, мәтелді бөлек жазу.

Мақалдар

  1. Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сіулесіне зәру.
  2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
  3. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер қарады.
  4. Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.
  5. Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз.

Мәтелдер

  1. Жақсы адамға жау жоқ.
  2. Кәрі түлкі қақпанға түспес.
  3. Екі қораз ен қорағасыймас.
  4. Ауыртпалық ақыл қосар.
  5. Ұжданы ақтың жүзі ақ.
  6. Қыздың көзі қысылды.

Ә) «Жылдам жауап» ойыны. Сәйкестендіру тесті.

Еңбек түбі —                              Зейнет

Бейнет түбі —                             Береке

Ұрлық түбі —                             Қорлық

Сөз анасы —                               Құлақ

Су анасы —                                Бұлақ

IV саты (Шығармашылық деңгей)

Оқушыларды үш топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.

  1. Әр топқа тақырып беріледі. І қатар – Ата-ана

ІІ қатар – Отан

ІІІ қатар – Еңбек

 

  1. Тақырыпқа сай сурет.
  2. Тірек сөздер мен сөз тіркестері, мақал-мәтелдер.
  3. Оқушылар құрған сөздер мен сөз тіркестерін орыс тілі мен ағылшын тіліне аудар.

Ата-ана тақырыбына: аялы алақан, мейірім, парыз, сәби тілегі, «Қыздың ұяты – шешеге», «Шеше көрген тон пішер».

Отан тақырыбына: қызмет ету, еңбегі жану, «Отанды сүю – отбасынан басталады», «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас», «Отан үшін отқа түс — күймейсің».

Еңбек тақырыбына: еңбек ету, маңдай тер, мақсат қою, «Еңбек түбі – береке», «Ердің артын – еңбек шығарар».

Сабақты қорытындылау:

  1. Мақал-мәтелдер әдебиеттің қай түріне жатады?
  2. Мақал-мәтелдердің айырмашылығы неде?
  3. Мақал мен мітелдердің авторы кім?

Қорытындылау: Сөзжұмбақ.

  1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі.
  2. Заттың атын білдіретін сөз табы.
  3. Жылқы пірі.
  4. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер.
  5. Жеке заттарға қойылатын атау.
  6. Балаға ең қымбат.
  7. Білім беретін мекеме.
  8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді.
  9. Көркемдеп суреттеуде затты немесе құбылысты екінші затпен не құбылыстармен салыстырып бейнелеу.
  10. Сиыр пірі.
  11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.

 

О М О Н И М
З А Т Е С І М
Қ А М Б А Р А Т А
О Д А Ғ А Й
Ж А Л Қ Ы
А Т А А Н А
М Е К Т Е П
М Ә Т Е Л
Т Е Ң Е У
З Е Ң Г І Б А Б А
Ш Ы Л А У

 

 

 

Үйге тапсырма:

Әр сыныпқа мақал-мәтел жазып келу.

131-жаттығу

Бағалау: