Сөздердің байланысу тәсілі мен байланысу түрі

39

 

Сабақтың  тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілі мен байланысу түрі

Сабақтың білімділік мақсаты:

  • Сөздердің байланысу тәсілі мен байланысу түрі туралы түсініктерін еске түсіріп, тілдік талдау жасау.

Сабақтың  дамытушылық мақсаты:

  • Оқушылардың пәндік білім –білік,дағдыларын қалыптастыру, тілдік терминдерді, пәннің ғылыми  негіздерін тануға бағдар беру.

Сабақтың  тәрбиелік  мақсаты:

  • Сөйлеу тілін дамыту, тілдік сауаттылыққа тәрбиелеп, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың  түрі: Қайталау сабағы негізінде  шығармашылық таным  сабағы.

Сабақтың  әдіс – тәсілдері: Ой тастау, шығармашылық, ізденіс тапсырмаларымен  жұмыс.

Жұмыс формасы: топтық, жұптық, жекелей.

Сабақтың көрнекілігі: Бор, тесттер жинағы, дидактикалық материалдар.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Саламатсыңдар ма, балалар?

Болашақ ғалым, даналар

Бүгінгі біздің сабақта

Қонақта апа –ағайлар,

Сәлем сөздің анасы

Сәлемдесіп алайық

Сәлеметсіздер ме  апа-ағайлар.

Олай болса, балалар

Сабағымызды бастайық.

 

Бүгінгі  сабағымыз М.Жанпейісованың «Модульдік технологиясы» бойынша «Бақытты сәт» ойыны түрінде өтіледі.

 

Өткізілетін сабақ негізімен ойын ерекшелігіне қарай  сендерге екі  топқа  бөлініп, әр топ өз топтарына  ат қойып келулеріңді тапсырғанмын.

 

  • Топ «ҚЫРАНДАР » 2-топ «ҚАЗАҚСТАН»

 

Алдымен сабағымызға  мақсат  қойып алайық.

 

Бүгінгі  сабақ біз үшін:

1-ден Тағылым

  • Тыңдағанға ғибарат, іздегенге ғылым.

2-ден, Өсиет

  • Өсемін дегенге –өріс,

Өзек  нәрін  танығанға жеңіс

Талшық қылғанға жеміс

Мағанасын түсінбеген адамға –керіс.

 

Оқушы жетістігін сырттай  бағалау.

3-ден Адамдық ар.

Жүрегінен бастау алатын ізгілік бұлағы

Әр топ жетекшісіне бағалау парағын ұсынамын. Әр кезең бойынша қарсылас топтың мүшелерін  бағалап отырасыңдар?

1-топ  жетекшісі: Айбол

2-топ жетекшісі: Сымбат

 

                                  I — Кезең

Сабағымыздың алғашқы кзеңі «Ой қозғау» кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде ір топқа өткен  тақырыптар  негізінде  10сұрақ беріледі.

 

                                         II  — Кезең

«Ой көкпар» бұл кезеңде өткен тақырып негізінде «Сөздер байланысу тәсілдері мен түрі» тақырыбындағы оқу  материалын еске түсіру

 

» Сөздердің байланысу тәсілі мен түрі» оқушылардың түсіндірмесі.

1-топ                                                                             2-топ

Сөздердің байланысу тәсілі                          Сөздердің байланысу түрі

(Бота , Айбол, Айзат, Думан)                               ( Сымбат, Толғанай, Елдар, Алтынай , Гүлбаршын)

              III    —  кезең  «Шпаргалка » Өткен  материалдарды қайталау.

Бұл кезең де түсінгенімізді нақтылай түсу үшін әр топ қарсы топтың түсіндірмесін қайта түсіндіріп өтеді.

Сергіту  жаттығуы. Зейін қойып қасиетін дамытуға  арналған «тыныс алу» жаттығуы

            IY-  кезең «Жұмбақтас » Тест тапсырмасы 15 сұрақ.

            Y- «Бақытты  сәт » (Бекіту)

Бұл кезеңде 1-топ Абай , 2-топ Мұқағали аталарымыздың өлеңдері жазылған бір әнді таңдап алады.Әр  топтан 2 оқушы шығып, таңдаған әннің  1 шумағын жазып,  талдау жасайды.

Басқа топ  мүшелері әнді хормен орындайды.

Оқушылардың 5- кезеңі бойынша  алған баллдары  қорытындыланып, топ жетекшілері таныстырады.

YI- кезең «Шешендікке ұмтылу» (Қорыту)

  • Надандық дегеніміз не?
  • Пасықтық пен өараңғылық тұрағы .
  • Бағыңыз нешеу?
  • Бағым біреу: Ұстаздық- адам ғұмырым
  • Тағыңыз нешеу?
  • Мың. Әр шәкіртім шыққан шың.
  • Ең бақытты күніңіз?
  • Шәкіріттің алдындағы әр күнім.
  • Бақыт деген не?
  • Бақыт –деген сенің бала күндерің,

Бақытсыз –ақ бақытты  боп жүргенің.

YII  Сабақты  қорыту ,бағалау?

YIII. Үйге тапсырма беру.