Қазақстан – бейбітшілік пен келісім жері зияткерлік сайысы

Қазақстан – бейбітшілік пен келісім жері зияткерлік сайысы

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын  арттыру;
Дамытушылық: ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, жаратылыстану пәндеріне қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: безендендірілген зал, нақыл сөздер, слайдтар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Негізгі бөлім:

Жүргізуші: -Армысыңдар, бүгінгі “ Қазақстан – бейбітшілік пен келісім жері” атты сайысға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келдіңіздер

Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

Бүгінгі сайысымызға  5 оқушы қатысады.

Зияткерлік сайысымызды  бастамас бұрын сайыс шарттарымен таныстырып өтейік

Сайыс шарттары:

  1. Бәйге. Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған 4 сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай беріледі. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.Әр тур сайын ұпай саны аз оқушы ойыннан шығып отырады
  2. «Терминдер». Әрбір оқушыға тарих ғылыма  байланысты 3  терминдер оқылады. Ол терминдерге анықтама берілуі керек. (Толық  жауапқа 10 ұпай 
  3. Сиқырлы ұяшықтар. Қатысушыларға әр салалардан 10,20,30,40,50 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы сұрақты және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезеңі ұпайы көп оқушыға беріледі. Сұраққа жауап бере алмаса, жауап беру құқығы қарсыластарына беріледі.

Екі кезең барысында барынша көп ұпай жинаған 2 оқушы 4-ші кезеңге шығады.

  1. «Қазақстан әлемдік қауымдастықта» Бұл кезеңде таңдау кезеңі ұпайы көп оқушыға беріледі., берген жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарлыластары да өз жауаптарын айтуына болады.

 

Жүргізуші: Бүгінгі ойынымызға әділ баға беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:

  1. ________________________________________________________________________
  2. ________________________________________________________________________

3.

_____________________________________________________________________

  1. Бәйге. Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған 4 сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай беріледі. Ойлануға уақыт беріледі.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

1-ойыншы:

  1. Қазақстан Республикасының контитуциясы неше баптан тұрады /98 /
  2. Елімізде ұлттық валюта-теңгені айналысқа енгізу туралы жарлыққа қашан қолылды? /1993ж 15 қараша/

 

  1. Грек тілінен аударғанда “халық билігі” деген мағына беретін сөз / демократия/

4.Қазақтан шыққан тұңғыш грек-рим (француз) күресінің шебері, әлем чемпионы /Қажымұқан/

2-ойыншы:

  1. Қазақ елінің дарынды күйшісі, “Кісенашқан”, “Көбікшашқан”, “Кішкентай” күйлерінің авторы/ Құрманғазы
  2. “Мыңжылдық Адамы” атағы берілген ұлы қолбасшы, жиһангер, империя әміршісін атаңыздар /Шыңғыс хан/
  3. Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады? 22 кыркүйек
  4. Жоңғарлармен шайқаста қаза тапқан уақ руының батыры, М. Жұмабаевтың поэмасының кейіпкері / Баян батыр/

 

3-ойыншы

  1. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім? Р.Қошқарбаев

2.Металл ақшалардың айналымын, тарихын зерттейтін ғылым саласы нумизматика

  1. 2010-шы жылы жүз жылдығы тойланған қазақ батырын, жазушысын атаңыздар. Б. Момышұлы
  2. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақтың ұшқыш қызы/Х. Доспанова

 

4-ойыншы.

  1. Алаш партиясының көсемі, ұлт зиялысы, қоғам қайраткері. Ә. Бөкейхйханов
  2. Қазақ шежіресін хатқа түсірген ақын, ғұлама ғалым  /М. Ж. Көпеев
  3. Қазақстандағы қола дәуірінің мәдениетін зерттеуде өлшеусіз еңбек сіңірген жерлес археолог ғалым/ Ә. Марғұлан
  4. «Невада-Семей» антиядролық, экологиялық қозғалысының жетекшісі? О.Сүлейменов

5-ойыншы.

  1. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жоғары оқу орындарынан қанша студент оқудан шығарылды? 246 студент
  2. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жігерлі жас, жалынды ақын? Қ.Рысқұлбеков
  3. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар қалай аталады? «Бұрқасын-86»
  4. 1989 жылдың 28 ақпанында бой көтерген антиядролық, экологиялық қозғалыс? /Невада-Семей

 

2тур «Терминдер».  Әрбір оқушыға ғылым салаларына байланысты терминдер беріледі. Ол терминдерге анықтама берілуі керек.

  1. Басқақ— Алтын Орда дәуіріндегі, жаулап алынған мемлекетіндегі салық жинаушы.
  2. Гуньмо— үйсін басшыларының лауазымы.

3.Жабғу қаңлылардың билеушісі

4.Түмен – мыңдықтан құрылған әскери-әкімшілік бірлік.

5.Шаньюй ғұн билеушісінің лауазымы.

  1. Шах­ристан – қала би­ле­ушілері, ақсүйек­тер мен діни қыз­меткер­лердің тұрағы

7.Ра­бад қала­ның қолөнершілері мен са­уда­гер­лері тұра­тын бөлігі

8.Cардар қолбасшы деген сөз

9.Қорамсап садақтың жебесі салынатын қорап.

10.Жылнамалар – уақиғаны болған жылы бойынша баяндайтын ортағасырлық жазба деректер

11.Баһадүр түркі дәуіріндегі әскери өнерді мегерген, өзінің жеке басы арқылы соғыс кезінде ерлік көсеткеткені үшін берілетін атақ.

12.Геральдика елтаңбаларды зерттейтін ғылым

 

          3 тур. Сиқырлы ұяшықтар. Қатысушыларға биология пәнінің салаларынан 10,20,30,40,50 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы сұрақты және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезеңі ұпайы көп оқушыға беріледі. Сұраққа жауап бере алмаса, жауап беру құқығы қарсыластарына беріледі.

 

        

Тақырып5101520
РәміздерЕлтаңбадағы шанырақта не бейнеленген?

достық

 

ҚР әнұраны қашан және қай күні қабылданды?

6 қантар 2006 ж

Қашан ҚР рәміздері туралы заң қабылданды?

1992 ж.4 маусым

ҚР әнұраны мен елтаңбасының авторларын атаныз?

Сөзі- Н.Назарбаев Ж.Нажімеденов

Музыка-Ш.Қалдаяқова

елтаңба – Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков

 

Ата Заң

 

ҚР Конституциясының VIII бөлімі қалай аталады?

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбiр адам, заңда көрсетiлгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты мекендi өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.Бұл қай бапта айтылған 21-бап

 

Бiрiншi сайланған Сенат депутаттарының жартысы төрт жыл мерзiмге, депутаттардың екiншi жартысы екi жыл мерзiмге конституциялық заңмен белгiленген тәртiппен сайланады. Бұл бап қай бөлімнен алынған?

IX БӨЛIМ

ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi. Бұл қай бапта жазылған?

30-бап

Тарихтағы айтулы

 күндер

 

Қазақстан Республикасның конституциясы қашан қай күні қабылданды?

30 тамыз 1995 ж

16 желтоқсан 1991 жыл қандай күн?

ҚР Тәуелсіздік алған күн

Қай жылы ұлттық валюта шығарылды?

1993 ж. 15 қараша

 

ҚР тұңғыш президенті қашан сайланды?

1991 ж. желтоқсан

Тәуелсіз ҚазақстанҚР алғашқы қорғаныс министрі кім болды?

С.Нұрмағамбетов

Мемлекетіміздің негізгі заңы? Конституция

 

 

ҚР жоғарғы бас қолбасшысы  кім?

Н.Назарбаев)

Қазақстанда Еуропа қауіпсіздігі және  ынтымастығы ұйымының саммиті қашан болды?

1-2 желтоқсан 2010 ж

 

        

  • Тур «Қазақстан әлемдік қауымдастықта» Таңдау кезеңі ұпайы көп оқушыға беріледі, берген жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарлыластары да өз жауаптарын айтуына болады.

 

10-Бұл–екінші дүние жүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания      мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым.Біріккен Ұлттар Ұйымы

20-Бұл  ағылшынша: Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік.-Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы

30-Бұл ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО

40-Бұл ұйым ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

50-2001 ж. 15 шілдеде  алты мемлекеттің Қытай,Ресей,Қазақстан,Қырғыстан,Тәжікстан,және Өзбекстан бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. Шанхай ынтымақтастық ұйымы

60-БҰҰ-ның негізгі мекемелерінің бірі,екінші дүние жүзілік соғыс тауқыметін тартқан Еуропа балаларына көмек қоры. 1946 ж. 11 желтоқсанда 2-дүниежүзілік тікелей зардап шеккен елдердің балаларына көмектесу үшін уақытша ұйым ретінде құрылған. ЮНИСЕФ

 

Бағалау. Марапаттау.

 

Қорытынды: Қадірменді ұстаздар мен оқушылар және сайыскерлер осымен сайысымыз аяқталды.  Баршыңызға сәттілік тілеймін!