Менің тәуелсіз Қазақстаным.

53

Сабақтың тақырыбы: Менің тәуелсіз Қазақстаным.

Сабақтың барысы:

  1. Жаңа тақырып бойынша өз ойын жүйелі түрде әңгімелеуге үйрету.
    Оқушылардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.
    3. Оқушыларды Отанды сүюге, салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін қастерлеуге баулу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
    Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өз ойын қорғауға әрекет ету.
    Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, кестелер
    Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен сұхбат
ІІ. Тіл дамыту
Интерактивтік тақтадан мына өлеңді  алдымен мұғалім, сонысон бір оқушы оқып шығады.
Өзіңдікі – Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де.
Өзіңдікін өзің еткен Бақ –
Тәуелсіздік – төрінде!

Асқар тау да – сенікі,
Бақша, бау да – сенікі.
Қалтқысыз дос пенен
Қатал жау да – сенікі.

Өзіңдікі – Туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса, Қазақстаным
Белді бекем буын да!

Мұ,алімнің сөзі

— Оқушылар мына өлең не туралы?
— Бұл өлең туған жер туралы?
— Туған жер дегеніміз не?
— Ол адамның туып-өскен жері, сол елдің тарихы, мәдениеті, әдебиеті, тілі, салт-дәстүрі, табиғаты.
— Ал сендер қай елде туып өстіңдер?
— Туған ел туралы не білесіңдер ме?
— Міне осы сұраққа жауап бере отырып, біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын өзіміз табуға тырысамыз. Әрине, «Тәуелсіз Қазақстан» дейміз.

Ал енді оқушылар біз Қазақстан, Отан деген сөздерді бірінші рет естіп отырған жоқпыз,осы сөздерді естіген кезде ойларыңа не түседі, нені көз алдарыңа елестетесіңдер, өз ойларыңды алдарыңа жатқан дәптерлеріне «Отан» немесе «Қазақстан» деген тақырыпқа бес немесе алты сөйлемнен тұратын шағын шығарма жұмысын жүргіземіз.
1-3 оқушыға жазған шығармаларын оқып шығу мүмкіндігі беріледі. Шығарма жиналып келесі сабақта бағаланады.
Интерактивтік тақтадан Отанымыз туралы слайт-шоп көрсетіледі.
Мұғалім өз сөзімен коментарий беріп өтеді.

Жаңа сөздер:
Қор-фонд, запас,резерв, ресурс
Қабылдау-принять
Белгілеу-назначить
Мерей-репутация
Сайлау-избирать
Ынтымақ-солидарность
Айналу-превратиться

— Аудару,
— сөз тіркестерін құру,
— буынға бөлу,
— кезектесіп оқу
— хормен оқу
— «болашақ» -сөзін тәуелдеу.

Мәтінмен жұмыс. Тапсырмалар.
1.Мәтінді оқып мына сөйлемдерді толықтырыңдар.
Бұл дүниеде біздің … ғана Отанымыз бар.
Ол — … Қазақстан.
Егеменді … болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш … сайлады.
Қазақ тіліне мемлекеттік … берілді.
1991 жылы қазақ жігіті … … ғарышқа ұшып,ұлттың мерейін көтерді.
Біздің туымыз — … , тілегіміз — … , тыныштық.
Біздің елімізде газеттер … тілде шығады, теледидарды … тілде көріп, радионы … тілде тыңдап жүрміз.

2.Мәтін бойынша «Өз жұбыңды тап» ойыны.
Ойынның шарты: берілген сұраққа дұрыс жауап немесе оқылған жауапқа қойылатын сұрақты дұрыс таба білу қажет. Оқушыларға араластырылып біреуіне сұрақ, біреуіне жауаптар үлестіріледі. Бірінші отырған бала сұрағын оқығанда оқушы қолындағы жауапты тексеріп,дұрыс болса жауап беру қажет.

Мысалы: Қазақстан тәуелсіз Республика болып қашан жарияланды?
-1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды.
— Тәуелсіздік не әкелді?
— Республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.

Енді оқушылар сұраққа дұрыс жауап бергенін немесе жауапқа дұрыс сұрақ құрылғанын интерактивтік тақтадан тексере алады?

Жаттығулар интерактивті тақтадан беріледі, тақтаға шығып жұмыс жасау.

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңдар.
    Суверенный –
    Общий –
    Луч –
    Свобода –
    Летящий тулпар –
    Все народы –
    ООН –
    Единство народов –
    Воля –
  2. Мәтіннен етістіктерді теріп жазу, «жүру» сөзін етістіктің келер шағында талдау.

Үй тапсырмасын беру: Мәтіннің мазмұны, сөздерді жаттау, 28-бет 3-тапсырма.

Қорытынды:

Тақтада берілген сөздермен сөйлемдер құрастыру: тәуелсіз, мемлекеттік тіл, рәміздер, тату-тәтті, ғарыш, ел, халық, азамат.