Қалау рай

124

 

Сабақтың тақырыбы: Қалау рай

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Етістіктің рай категориясын топтастыра отырып , қалау райдың жасалу жолдарын игереді.Жаттығу жұмысын орындайды

Дамытушылық : Ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамиды    , сауатты жаза біледі,  ойларын еркін жеткізеді.

Тәрбиелік : Адамгершілікке  тәрбиеленеді  , отансүйгіштікке тәрбиеленеді

Мақсаты :Қалау райдың жасалу жолдарын үйреніп , оның ерекше рай екеніне оқушылардың көңілі аударылады.

Пәнаралық байланыс : орыс тілі , әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі : Сызбалар. Суреттер. Тақта , бор, кітап.

Сабақтың түрі :Жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс –тәсілдер : СТО технологиясы

Қызығушылығын ояту :  1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) амандасу

Ә)кезекші диалогы

 

2.Нені білеміз?

Шартты рай дегеніміз не?

Шартты рай қалай жасалады?

Мысал келтіріңдер.

 

  1. Мағынаны тану .

Ой қозғау.

 

Етістіктің рай категориясы дегеніміз не?

Рай  сөзі қандай сөздермен мәндес  келеді ?.

 

Етістіктің рай категориясы

Етістіктің рай категориясын топтайық

Ашық рай

 

Бұйрық

рай

Шартты рай

 

 

 

Қалау рай

 

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қалау рай.

Қалау – ниет , тілек дегенді білдіреді

Сонда қалау рай дегеніміз іс иесінің  қимылды ,  іс- әрекетті  қалауын, соған ынтасын , ниетін білдіреді , бірақ беретін мағынасы нақтылы емес  және белгілі бір жолдармен  жасалады.

Мысалы : Менің кітап оқығым келеді.

Сабақтан шыққан соң үйлеріңе  аман жетсеңдер игі еді. .

 

Қалау райдың жасалу жолдары.

  1. –ғы/гі ; -қы/кі жұрнақтары  және тәуелдік  жалғауы жалғанып , кел көмекші  етістігімен тіркеседі.

 

Мысалы : Менің теледидар көр-гі-м келеді

Менің қалаға бар-ғы-м келеді.

  1. Етістікке –ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары мен жіктік  жалғауы  жалғанып жасалады.   Мысалы : Сен  досыңа хат жаз-ғай-сың.

Ол ертерек кел-гей.

  1. Етістікке –ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары жалғанып еді көмекші етістігімен  тіркесіп те қолданылады.

Мысалы : Мен оны  көр-гей едім.

Ол    барғай еді .

 

  1. Етістіктің шартты рай тұлғасына екен сөзі тіркесіп , қалау рай  жасалады.

Мысалы: Анам қаладан кел-се екен . Мен  оны жақсы біл-се-м екен .

Енді қалау райының жіктелуіне тоқталайық ( кесте арқылы түсіндіру),

Мысалдар келтіреді.

Кестеге сүйене отырып 175 –жаттығуды орындау ( тақтамен жұмыс ).

І қатар:     Көргісі келеді ,

 

ІІ қатар : Орындағым келді.

 

ІІІ қатар : Жазғайсың

 

174- жаттығу. ( ауызша)

 

177- жаттығу  Етістіктерді тауып , оларды рай  түрлеріне қарай талдаңыздар .

Шығармашылық жұмыс  :     

Болар адам он бесінде бас болар ,

Болмас адам қырық бесінде жас болар

мақалдың  мазмұнына байланысты  , мағынасы ашылатындай  шағын эссе құраңдар.

Оқыту .Тәуелсіздікке  кімдердің арқасында қол жеткенін айта кету

«Ойлан , тап »

Қалау рай  жасауға  қатысатын көмекші етістіктерді атаңдар . Оларсыз  қалау рай  жасала ма?

Ойларыңды  дәлелдеңдер .

 

 

 

Ой қорыту .

«Түртіп алу жүйесі »

 

Сабақты бекіту :  Оқушыларды бағалау.

Үйге:   «Кім болғым келеді?»тақырыбында шағын шығарма жазу .

Қорытынды :

«Біле бер  қанша білсең , тағы тіле. Жетерсің мақсатыңа   біле-біле ».

( Жүсіп Баласағұн).