«Қазақ деген елміз біз!»

76

 

Тақырып: «Қазақ деген елміз біз!»

І. Кіріспе:

  1. қазақ қандай халық?
  2. қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру.

3.қазақстан және ЕҚЫҰ.

  1. «Қазақ елі» монументі.

 

ІІ. Негізгі бөлім:

1 топ тапсырмасы:

Қазақтың ел билеу тәртібіне және кәсіпке байланысты атаулары.

2 топ тапсырмасы:

Мақалдардың мағынасын орыс тіліне аудара отырып, қазақ дүниетанымына мағлұматтар жинау және тыйым сөздер.

3 топ тапсырмасы:

Үш тұғырлы тіл-уақыт талабы.

4 топ тапсырмасы:

Қазақша ай аттарының мағынасы мен уақытты зерттеу. Ұлттық тәрбиеге байланысты сұрақ-жауаптар.

 

ІІІ. Қорытынды:

  1. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт -2020» жобасы.
  2. Үй тапсырмасы.
  3. Бағалау.

 

 

 

 

 

І Білімділік мақсаты:

Халық педагогикасы негізінде қазақ халқының кешегі өмірімен бүгінгі күнін салыстыра меңгерту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, «Тілдің үш тұғырлығы» мәдени жобасын қолдай отырып, жүзеге асыру.

 

ІІ Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың мақал-мәтелдер, тыйым сөздер арқылы шешендік өнерге баулу, сауатты, дұрыс сөйлеуге төселдіру, сөздік қорын молайту, тақырыптық ғылыми негізділігін қалыптастыру.

 

ІІІ Тәрбиелік мақсаты:

Қазақ ата-бабалар жолын қастерлей отырып, саяси сауатты, жан-жақты өмірге бейім азаматты тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың түрі: әңгімелеу, пікірталас, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: интертақта, топтамалар, оқушылар жұмыстары.

І Кіріспе

  1. Түп шежіресі сонау, ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, іргелі ел, жаралы жұрт, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – оның еркіндік сүйгіш ерік-жігерінің, асқақ рухының арқасы.

Қазақ жақсылыққа жаны құмар, пейілі кең, парасаты биік, мінезі дарқан халық.

Қазақ қандай халық?

Біздің қазақ елі, мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,

Елімізді басынбасын деп,

Ордамыздан құт қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Жау аяғына басылмаған елміз,

Дұшпан аяғына жаншылмаған елміз.

Басымыздан намысты асырмаған елміз,

Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз,

Адал ниетті ақтай білген елміз,

Атаның өсиетін балаға,

Баланың өнерін атаға,

Айтып, тарата білген елміз.

Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп,

Жасап жатыр анық той,

Тұңғыш рет көріп тұрсын сен оны,

Нағыз қазақ осы міне,

Танып қой!

Қазақ осы:

Күй шығарып,

Ән салып,

Көкпар тартып,

Қыз қууға жаралған.

Қазақ осы

Айтатұғын желге сыр

О, ағайын,

Халық емес ол кесір

Қазақ осы:

Дала дейтін

Күн дейтін.

Қазақ осы:

«Өнер алды-тіл» дейтін

Қарасың ба,

Ақсың ба,

Қоңырсың ба,

Жатырқауды білмейтін

Қазақ осы:

Ашық жарқын қабағы

Қонақ келсе,

Шабылып бір қалады.

Байқа да тұр

Саған да ол кетерде

Ат мінгізіп,

Жібек шапан жабады.

Қазақ осы:

Көргенінен таңбайтын

Той – думансыз оты түзу жанбайтын.

Қазақ осы:

Құда бол деп қинатын,

Құдаларын құдайындай сыйлайтын.

Қазақ осы:

Дүние мен малыңды

Оңды – солды шашу үшін жинайтын.

Қазақ осы:

Жайып жатқан қанатын.

Батыр халық,

Ақын халық – дәл аты.

  1. Әлем жұртшылығы Президент Нұрсұлтан Назарбаевты әйгілі реформатор, ұлт лидері деп таниды. Қазақстанның қол жеткізген барша табыстарын Елбасымыздың есімімен байланыстырады. 2010 жыл еліміз Қазақстан үшін ерекше жыл болды. 2010 жылдың басынан Қазақстан әлемдегі ең беделді, құзіретті халықаралық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалыққа кірді.

Тәуелсіздік – көргені,

Ұлан өрге өрледі.

Елді баққа бөлеген

Елбасының еңбегі.

  1. 20 қазан 2009 жылы Қазақстан өз Тәуелсіздігін тұғырландыру бағытындағы тағы бір елеулі белеске көтерілді. Астананың төрінде Қазақстан мемлекеттілігінің басты бейнесі ретінде «Қазақ елі» монументі ашылды.

Америкалықтардың символы – Бостандық статуясы, франциялықтардың мақтаны-Эйфель мұнарасы, енді қазақстандықтардың да өз символы өмірге келді. Онда қазақ халқының құрылу, даму тарихы, жеңістіктеріне қысқаша шолу жасалып өткен. Монументтің биіктігі Қазақстанның Тәуелсіздік алған 1991 жылға үйлестіріліп, 91 метр етіп жасалған. Дүниенің төрт бұрышына қаратылған тқрт барельеф орналасқан. Олар «Халық және Тұңғыш Президент», «Қаһармандық», «Жасампаздық» және «Болашақ» деп аталады. Қазақстан тәуелсіздігінің символы ретінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі салынған. Оның биіктігі 5 метр. Елбасы қолын конституцияға қойып ант беріп тұрған сәтінде көрінеді. «Қазақ елі» кешені ұрпақтар байланысының белгісі деп ойлаймын.

«Қазақ елі тамаша мұнарасы.

Тарих көзі, шежіре сырнамасы

Дербестіктің символы асыл айғақ.

Қазағымның мәңгілік ар — намысы».

«Ел бірлігін саөтаған,

Елбасымен мақтанам.

Елім мынау сеніммен

Болашаққа аттаған».

ІІ Негізгі бөлім

І топ тапсырмасы: Қазақстаның ел билеу тәртібіне байланысты атаулары:

  1. Ауыл ақсақалы – ағайындас, туыстас бір ауылдағы жандарға ақыл-кеңес беріп отыратын, ағайын арасындағы дау-шар, жанжал, ұрыс-керістерді тәртіпке келтіріп отыратын аузы киелі, ағайын-туысқа құрметті жасы үлкен батагөй қария.
  2. Рубасы— ерте кезде бір атадан тараған адамдар бір рулы (туыстас, аталас) ел болып бөленген. Сол рулы елдің көші-қонын, дауларын, басқа елден алыс-берісін осы ру басы шешкен. Оларды рулы ел жиналып құрылтай ашық сайлаған. Рубасы болушы адам шешендігімен, көсемдігімен ел-жер, шариғат заңдарын жетік білуімен ерекшелінген.
  3. Би, Төбе би-би ерте кездегі қазақ арасындағы малға, жерге, жесірге талас, даулы мәселелерді шешетін шариғат және этнографиялық заңдарға жетік, шешен, алғыр, ақылды, әділ, сөзшең адамдардан халық сайлап қоятын, үкім шығарушы соттарды би деп атаған. Билерді әр рудың ақсақалдары жиналып ашық дауыспен сайлап қойды. Билердің үкімін сол өзі сайлаған аймақтың адамдары мүлтіксіз орындауға тиіс болған.
  4. Мырза-қазақта мырза-халыққа қайырымдылық жасап, мал-мүлкімен жоқ-жетікке көмектескен иманжүзді адамдарға халық беретін атақ. Мысалы, бір топ жетім балаларды өз ақшасына Уфа, Ташкент, Верный (қазіргі Алматы) қалаларына оқуға жіберіп оқытқан Маман байды Жетісу елі мырза атаған.

 

 

Кәсіпке байланысты атаулар

  1. Қойшы-қазақтың күн көрісінде төрт түліктің, оның ішінде ұой малының маңызы зор. Халқымыз қойдың еті мен сүтін азық етіп, жүні мен терісін киім-кешек, тұрмыстық жабдыққа, баспанаға пайдаланып келеді. Қойды бағудың мән-жайын жетік білуді мақұлдаған қазақ «Қой семізі-қойшыдан» деп қойшылық кәсіпті жоғары бағалаған.
  2. Сиыршы-сиыр малының сүті мол. Ол бір үйлі жанды сүтімен коректендіре алады. Қазақтың «Екі сиыр ұстағанның айраны мол» деуі осы ойды білдіреді. Сиырды табындап бағатын адамды сиыршы деп атайды.
  3. Түйеші-қазақтың «Нар жолында жүк қалмас» деуі түйенің жүк көтергіштігін білдіреді. Түйенің жүнінен киім-кешек жасайды. Сүті қою, қоректік қасиеті күшті келеді. Түйе сүтінен қымыран ашытады. Түйені көбінесе қария ақсақалдар бағады. Түйе бағушыларды түйеші деп атайды.
  4. Жылқышы-бұл төрт түліктің ішіндегі ең қадірлісі. Ол батырлар мінсе-пырақ, малшылар мінсе-көлік, аңшылар мінсе-серік, бәйгеге қосса-тұлпар. Сондықтан да ежелгі ата-бабамыз «Жылқы-малдың патшасы» деп ерекше бағалаған

Қолөнер кәсібі:

  1. Көнші (иші)-төрт түліктің терісін илеп тон, тұлып, тымақ, бөрік, шоқай, саптама етік тігіп, ат абзелдерін (қамыт, божы, жүген, ер-тұрман)жасау үшін малдың, аңның терілерін баптап илейтін адамдар болған. Оларды иші деп атайды.
  2. Етікші— ауылдың балаларынан бастап үлкендеріне дейін, малшылардан бастап, ауыл ақсақалдары-мырзаларға дейін, бойжеткен қыз-келіншектен бастап бәйбіше, қарияларға дейін әрқайсысына лайық аяқ киімнің сан түрін келістіріп тігеді.
  3. Тігіншілер – баланың, әйелдердің, ерлердің, мырзалар мен малшылардың бас және сырт киімдерін тігуші қол қнер шеберлері. Олар тымақ, бқрік, тақия, пұшпақ әшәк, қасыр ішік, түлкі ішік, шапан, тон, тұлып тоннан бастап, бойжеткен қыздардың жасауына қажетті сәукеле, кәмшат бқрік, шайы көйлек, қынама қамзол, т.б. асыл заттарға дейін даярлаған. Әрқайсысы бір бестілік бұл киімдерді сәндеп тіктіру үшін ел ішіндегі атақты шеберлерді қос атпен алдырып, арнайы тапсырмамен тіктірген. Асқан шебер тігіншілерге ақыны да мол төлеген.
  4. Үйші-ертеде қазақтың негізгі баспанасы киіз үй болған. Оның қаңқасын ағаштан жасайтын адамдарды үйші деп атаған.
  5. Ағашшы-тұрмыста қолданылатын ағаш ыдыстар: тостаған, қасық, ожау, тегене, табақ, астау, шелек, оқтау т.б. оларды сақтау үшін кебеже, әбдіре жасайды. Осы бұйымдарды жасаушыларды ағашшы немесе ағаш ұстасы деп атайды. Олар арба, шана да жасайтын болған. Әр затты қандай ағаштың түрінен қалай жасайтынын шеберлер жақсы білген. Бұл өнерге бүгінгі нарық заманында ауылды жерлерде аса қажеттілік туып отыр.
  6. Темірші— ұста. Қазақта қолдан жасалатын тұрмыстыұ заттар, құрал-саймандар өте көп. Теміршінің жасайтын заттары үй ішіндегі тұрмысқа да, атқа мініп аң аулауға да, мал бағуға да, қолға қару алып жауға шабуға да аса қажет. Сондықтан теміршілік өнер аса құнды, бағалы кәсіп.
  7. Зергер. Теміршілердің бір түрін зергерлер деп атайды. Олар көбінесе алтын, күміс, қорғасын сияқты асыл металдардан, асыл тастардан білезік, сырға, сақина, жүзік, түйреуіш, шолпы, алқа сияқты.
  8. Емшілік. Табиғи тума қасиет. Олардың кейбіреулері сынышқы деп аталады. Сынықшылар қол-аяқтың буыны шыққанда немесе жіліншілік, омытрқа сынғанда, майысқанда орнына келтіретін адамдар. Олар сынықты орнына келтірумен бірге, табиғи шөптерді, бал арасының өнімдерін, жылқының майын, қойдың құйрығын дәрі ретінде қолданады.
  9. Бақсылық. Кәсіп қазақ арасына шаман діні арқылы ертеде тараған. Олардың киім киісі, жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, емдеу тәсілдері байырғы емшілерден мүлде бөлек. Бақсылар көбінесе ел аралап жүріп, кездескен ауруды «жынын шақырып» емдейді. Олар қобызбен сарнап үрейлі, қорқынышты құбылыстар жасап, ауру адамды шошыту, қорқыту, үрейлендіру арқылы емдейді. Яғни, биоток, экстрасеанс, психотерапия арқылы ауруға әсер етуді көздеді.
  10. Аңшылық. Қазақ халқының өмірінде аңшылық кәсіп те ертеден дамыған. Көне земенде аңшылық тіршіліктің тұтқасы болып саналса, бертін келе аңшылық спорттың түріне айналған.
  11. Делдалшы. Бұл да саудагерліктің бір түрі. Әсіресе қалалы жерлерде ауылдан келгендердің сататын малын немесе шаруашылық өнімдерін арзан бағаға сатып алып, қайтадан жайма базардағыларға үстеме бағамен сататындар. Бұларды бұл күнде қалаларда маклерлер деп те атап жүр.
  12. Кірекеш. Ертеде еті тірі қазақтар ауылдан қалаға, қаладан ауылға жүк тасып, ақысына ақша алып күн көрген. Соларды кірекеш немесе қалада ат айдаушы деп атаған. Ат айдап күн көрушілер бүгін де қалада көбейді. Олар аттың орнына машина айдап ақша тауып бала-шағасын асырайды.
  13. Барымта. Ертедегі жиі кездескен жанкешті кәсіп болған. Шонжар-байлар, кейде рубасылар басқа рудан кек алу үшін білекті, жүректі, жілікті жігіттерге ат беріп, сойыл-шоқпар беріп «барып кел», «шауып келге» ұстаған. Екі елдің төбелес, мал талау барымтасында өлімге ұшырайтындармен жараланып, мүгедек болатындар көбінесе жалданған кедейлер. Барымтаға барғандардан немесе қарсыластардан осы ұрыс-төбелесте адам өлсе немесе жараланса құнын төлетіп, «мертік асын» беретін. Құнды өлтірген жақ қана емес, өлген адамды төбелеске жұмсаған мықтылар да бөліп төлеген. Құнын кесу билер соты арқылы Тәуке ханның «Жеті жарғысының» ережесі бойынша іске асырылған. Ердің бір қолы не аяғы сынса, бір көзі шықса, құнның бестен бірі төленген. Бүгінгі барымташылардың түрі де, кәсібінің мазмұны да өзгерді. Оларды «рэкеттер» деп атайды.

 

 

ІІ топ тапсырмасы: Мақалдардың мағынасын орыс тіліне аудара отырып, қазақ дүниетанымынан мағлұматтар жинау.

  1. «Жаяудың шаңы шықпас,

   Жалғыздың үні шықпас.»

Перевод: От пешего пыль не подымается, от одинокого звук не послышится (раздастся).

Так высказывается этой пословицей значение родового начала, на котором все зиждется у казахов

Человек без рода- сирота, а в степи: никто его не поддержит никто не защитит и не поможет ни в каких затруднениях или несчастьях, всем он чужой. Голос его не имеет значения в народе и толпе. Даже и сама жизнь одинокого казаха и его имущества не всегда в безопасности:  күн (плата за кровь), по народному суду за убитого взыскивают его родственники, а за одиного, безродного, никто не предъявит никакого иска, так что убийство одинокого казаха очень недавно могло быть совершено в степи вполне безнаказанно. Вот почему все одинокие и безродные искали прежде всегда покровительство ханов и султанов, охотно ходили в состав их тюленгутов (приближенных прислужников и телохранителей) для того, чтобы встать под защиту сильного человека и вступить всреду таких же, побольшей части безродных сирот, собравшихся с Серева, с Юга, с Востока и с Запада.

  1. « Өзі өлтірмес,

   Жат жарылқамас».

Перевод: Свой — не убьет,

Чужой — не защитит.

Эта пословица служит как бы дополнением к предыдущей и объясняет ее. Слово «өз» для правильного истолкования  смысла той пословицы, должно быть переведено словами: родственник, родичь, который по казахскому обычаю, должен заступаться и защищать своих родичей в спорах, драках и тяжбах с посторонними, причем даже всякая неправда, сделанная в пользу или в защиту родича, не только извинительно, но и обязательно.

Что же касается чужого человека- «жат», то от него казах никогда не ожидает себе добра и сам не сделает добра чужому, в особенности, если это добро может принести какой-либо ущерб или вред родственнику или родичу.

  1. «Жақсының жақсы бәлер сымбатын,

Жамандар қайдан білсін асылы менен қымбатын!»

Перевод: Хорошего (человека) хороший узнает наружность, худые (люди) откуда будут знать-благородное и дорогое?

По своему значению, пословица  это близко подходит к предыдущей, только она чаще употребляется для выражения характеристики не тактичного управителя, не умеющего отличать людей и относящегося без уважения к лицам, пользующимся влиянием и почетом в народе. Подобная нетактичность и занозчивость управителей часто служит причиной разлад между казахским народом и его управителями.

  1. «Жақсыны жолдасынан таниды».

Перевод: Хорошего (человека) узнают по спутнику (товарищу).

Значение этой пословицы совершенно аналогично с французской:

«Скажи мне с кем ты водишься , а я тебе скажу, кто ты».

  1. «Жаманның кесапаты тиер әр жерде,

Жақсының  шарапаты тиер тар жерде».

Перевод: (Вред от действия) дурного (человека) достигнет всюду.

Пословица это, усвоенная ныне казахским народом, без сомнения не казахского происхождения: как кесапаты, так шарафат арабские слова и надо полагать, что она усвоена казахским от сартов, язык которых богат арабскими и персидским словами.

При сопоставлении в пословице результатов зла и добра выражена, что вредное действие одного злого человека может принести убыток и даже бедствие целому народу. Добрые же действия и щедрость хорошего человека, как бы он богат и умен не был, могут принести существенную пользу относительно небольшому числу людей.

  1. «Ащы менен тұщыны татқан білер,

Алыс пенен жақынды жортқан білер»

Перевод: Горькое от сладкого отличит тот, кто попробует, дальность и близость узнает тот, кто проедет его или «Не спрашивай у старого, спрашивай у бывалого».

        Тыйым сөздер- халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Тыйым жаман әдет, жат пиғылдан, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Мысалы: нанды қадірлемеу- күнә, кесір-қылмыс, малды тебу- кесір, кесапатын келтіреді. «Әр заттың киесі мен иесі бар, оны қорласан киесі ұрады» деп халық өмір заңдылықтарын бұзбауға баурайды. «Бүйірін таяну-қайғының, жағын таяну-мұң-шердің, жүресінен отыру-әдепсіздіктің белгісі» деп танып, оған тыйым салған. «Малды теппе», «Ақты төкпе», «Бөркінді теріс киме», «Табалдырықты баспа», «Үлкеннің сөзін бөлме», «Құстың ұясын бұзба», «Жәндікті өлтірме», «Аққуды атпа», «Бұлақтың көзін бітеме», «Суды ысырап қылма», «Көкті жұлма», «Құмырсқанның илеуін бұзба».

Аузыңды ашып текке,

Ақты жерге төкпе

Өсіп тұрған далада

Жалғыз ағашты кеспе

Әдептен азбауды ойла

Қолыңды төбене қойма

Қанша етке тойсаң да

Нанды баспа аяққа

Үлгілі сөзді ұмытпа

Түкірмегін   құдыққа

Жөнін білмей лақпа

Таңдайыңды қақпа

Шыннан да қашпа

Сыннан да қашпа

 

Күн сіңірсең бойыңа

Ауыру кірмес ойыңа

Додашыл болсаң да

Модашыл болма

ІІІ топ тапсырмасы: Үш тұғырлы тіл- уақыт талабы:

Мемлекет басшысы 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағындай кірігу тілі»,- деген болатын. Казіргі таңда үш тілді білу-замана талабы болашақ ұрпаққа кажет. Сондықтан «Үш тұғырлы тіл» мәдени бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Үш тілде мақал- мәтелдерді айту

  1. Еңбек туралы:

«Ер жігітті сөзіне қарап емес, ісіне қарап бағала»

«Еңбек етсең- емерсін»

«Еңбексіз-өңбек жоқ»

«Не ексең, соны орасың»

«Еңбек етте-міндет ет»

  1. Білім туралы:

«Бір бастан екі бас артық»

«Данышпандар бір жерден шығады»

«Үйренуге ешқашан кеш емес»

«Қанша адам болса, сонша ой»

«Бір ғасыр өмір сүрсен де, бір ғасыр оқып үйрен»

  1. Адамгершілік туралы:

«Ойнап айтсаң да, ойлап айт»

«Аз сөз-алтын»

«Жақсы сөз-жарым ырыс»

«Ақыл — ауыздан, мерей-төзуден»

  1. Түрлі мақалдар:

«Сақтықта қорлық жоқ»

«Сөз — сабан, іс-дән»

«Жеті рет өлше, бір рет кес»

«Ештен кеш жақсы»

«Еріншектің ертеңі бітпес»

ІV топ тапсырмасы: Уақыт өлшемі

  1. Жыл, ай, аптаның ұзақтығын анықтау оңай болған жоқ. Адам баласы бұл мәселені шешу жолында мыңдаған жылдар өмірін өткізді. Алғашқы уақыт есебін жүргізу, календарды жасау тек жер кәсібі мен мал шаруашылығына көшкен заманда ғана басталады. Олар жыл мезгілдерін айыра білді. Алғашқы кезде бұл айыру дөрекі түрде, мысалы, өзендердің тасуы, тұрақты желдің өсуі, қардың жаууы сияқты жер бетіндегі тадиғи құбылыстар бойынша жүргізіп отырды.
  2. Халықтардың көпшілігі жыл мерзімін жаз, күз, қыс, көктем маусымдарымен есептеген. «Пәлен уақиғадан кейін бес жыл өтті» деудің орнына «бес жаз» немесе, «бес көктем» өтті деген. Мәдениет біртіндеп ілгері басқан сайын халықтардың уақыт жайындағы түсініктері молайып, календардың өрісі кеңи берді. Жылды бұрын халықтар екі, үш, төрт, алты бөлікке бөлген, енді осыдан жылдың бөлшектері 12 ай есебі туады. Алғашқы календарлар халықтың мыңдаған жылдар бойы жинақтаған өмір тәжірибиесінің нәтижесі. Римнің жоғары үкімет билігін әйгілі қолбасшы Гай Юлий Цезарь Мысырдың Александрия қаласында тұратын грек астрономы Созигенді шақырып алып, уақыт календарының жаңа жобасын жасауды тапсырды. Көп кешікпей Созиген жасаған жобаны Цезарь указбен бекітті. Міне сондықтан бұл календарь Юлий Цезарь атымен «юлиан календары» деп аталады.
  3. Қазақша календарь 1922 жылы жазылды.

Январь- дәлу, сентябрь-мизам, июнь-саратан, март-жамал, ноябрь-қауыс, август-сүмбіле, май-зауза, февраль-хұт, октябрь-ақырап, июль-әсет, апрель-сәуір, декабрь-жади. Бұл календарды 1929 жылы қайта өзгертті. 1931 жылы тағы да өзгертілді. Бұл календарды құрастырушы Б.Майлин мен І.Жансүгіров еді.

  1. «Көкек» айының атауы көктемде көкек құсының ұшып келуіне байланысты шыққан.

      «Мамыр» сөзі молшылықты, кеңшілікті білдіреді. Шындығында, қыстың бораны мен ызғарынан кейінгі мамыр айында жер аяғы кеңіп, мал жайылымға шығады, малшылар жайлауға көшеді.

     «Қыркүйек» атауы «қырғи» және «күйек» деген екі сөзден туындайды. Қырғи-жыртқыш құс, ұсақ құстардың жауы. Осы айда қырғи жылы жаққа қоныс аударады. «Күйек»-саулық қойға кигізетін жүн.

     «Қазан» айында күн суытып, қатты жел соғады, соған сәйкес ел ауызында  «қазанның қара дауылындай» деген мәтел бар.

Көшпелі халық үшін қыс ұзаққа созылған. 22 желтоқсанды «күн тоқырау» деп атаған. Осыдан кейін күн біртіндеп ұзара бастайды. Табиғаттың бұл құбылысына халқымыз «Желтоқсанда күн торғайдың адымындай, қаңтарда қарға адымындай, ақпанда ат адымындай ұзарады» деген мақал қолданған.

  1. Уақытты есептеуде қазақтар аспан денелерінің орналасуы мен қозғалысына сүйенген. Темірқазық жұлдызы жол бағдарлау қызметін атқарған. «Жеті қарақшы» қазақтар үшін сағаттың орнына пайдаланып, оның қозғалысы сағат тілінің қозғалысымен сәйкестендірілген.

Жыл мезгілдерін анықтауда «Үркер» жұлдызы ерекше орын алған. Үркердің   көк жиекке жақын көрінуі көктемнің белгісі екендігін халық: «Жатқанша Үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда не қалды», «Үркер жерге түспей, жер қызбайды»-деу арқылы білдірген. Ата-бабаларымыз жаз айларында «Үркер жерге түсті», ал күз айларында «Үркер төбеге келіп қалыпты», ал қыс айларында «Үркер төбеге келіпті, қыс ортасы болды»-деп, аспан денелері мен табиғат құбылыстары арасындағы сәйкестікті тереңінен болжаған.

V топ тапсырмасы: Қазақтың қасиетті сандарының мағынасы

       Ширек

Қазақ халқы бөлшектерден «ширек» және «жартыны» жиі қолданған.

Ширек –бүтінніңтөртен бір үлесі. «Ширек» сөзінің түбі- «Сирақ». Сойған малдың етін төрт кісі бөліп алғанда, қазақтар осы күні де «бір-бір сирақ алыпты» дейді. Ширек, сирақ сөздері кездесетін сөздер: ширегіне келмейді. Бүйректен сирақ шығарады. Сирағы шыққан кедей. Қара сирақ бала. Сырдың суы сирағына келмейді.

Жарты.

«Жарты» сөзін кейде, «жарым» деп те атайды. «Жарты(жырым)»-сөздері «жару (екіге бөлу)» сөзінен шыққан: «Екі жарты-бір бүтін», «Жақсы сөз-жарым ырыс». Жарым жас. Көңілі жарым.

        Бір.

«Бір» санына мағынасы жақын сөздер: жалғыз, жалқы, жеке, дара, сыңар. Бір елі ауызға-екі елі қақпақ. Жалғыз ағаш орман емес. Жалғыздың жары – құдай. Жалғыз қабат. Жалғыз ауыз. Жалғыз үй. Жалғыз аяқ. Сиырдың жеке жүрісі-жолбарыстың ырысы. Жалқы жігіт. Егіздің сыңарындай. Дара жынысты. Жеке дара. Сыңар езу.

      Екі.

«Екі» санына мағынасы жақын сөздер: қос, егіз, пар.

Үш санын қазақ халқы жиі қолданған.

  1. Үш жүз (аймақ): Ұлы, Орта, Кіші.
  2. Үш жұрт: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.
  3. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл.
  4. Үш ғайып: ажал, қонақ, несібе.
  5. Үш арсыз: ұйқы, тамақ, күлкі.
  6. Үш қадірсіз: жігіттік, денсаулық, жақсы жар.
  7. Үш жамандық: нақақ нан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
  8. Үш мұрат: жол мұраты-жету, дау мұраты-біту, қыз мұраты- кету.
  9. Үш тоқтам-Ақыл-арқан. Ой-өріс. Адам-қызық.
  10. Үш шырақ кету: Әділ болсаң, әкім шырақ. Ақылды болсаң, әйел шырақ. Аяңшыл болсаң, атың шырақ.
  11. Үш тәттті: Жан, Мал, Жар.

Бес

Бес парыз, бес қару, бес асыл, бес дұшпан.

Алты

«Алты» сөзі мына сөздерде кездеседі: алты арыс, алты құлаш ақ найза. Алты аласы, бес бересі жоқ. Алты ауыз қырдан асты. Алты батпан.

Жеті.

Жеті ата. Жеті қазына. Жеті қат көк.

Сегіз.

Сегіз саққа жүгіртті. Сегіз аяқ. Сегіз көз. Сегіз қырлы, бір сырлы.

Тоғыз.

Үйірімен тоғыз. Тоғыз жолдың тоғысқан торабы. Тоғызқұмалақ, т.с.с.

Он

Ойы онға бөлінді. Он саусағынан өнер тамған. Он саусағындай біледі. Он шақты.

Он екі.

Он екі мүшесі сау болса. Он екіден бір нұсқасы жоқ. Он екі құлаш. Он екі мүше. Он екі ай.

Қырық саны.

Қырық жамау. Қырық күн шілде. Қырық құбылды. Қырықаяқ. Қырықбуын өсімдік. Қырық уәзір. Қырық өтірік.

Алпыс.

Алпыс екі айласы. Алпыс екі тамыр. «алты жасар бала атқа мінсе, алпыстағы шал алдынан шығар».

Тоқсан.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Тоқсан баулы, тоқсан тоғыз.

Мың.

Мың алғыс. Мыңға балады. Мың болғыр. Мың да бір дауа. Мың құбылды. Мың сан. Мың жапырақ. Мың тамыр-өсімдік. Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жерде-соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады, т.с.с.

Тоқсан бір

Қазіргі таңда біз н киелі сан, «қазақ елі» монументінің биіктігі 91 метр, өйткені еліміз өз Тәуелсіздігін 1991 жылы алды.

Қазақ халқында қашықтық көштің өлшемімен де анықталған: қозы көш жер, өгіз көш жер, түйе көш жер.

Қозы көш жер деп 10км-лік қашықтыққа қоныс жаңалап қонуды айтады.

       Өгіз көш жер ұғымы 15-20 км аралыққа көшуді білдіреді.

Күніне 25-30 км шақырымға жуық жер жүруге тек түйелер ғана төзген, сондықтан мұндай аралықты «түйе көш жер» атауымен белгілеген.

       Сұйық дене (қымыз, сүт, су) көлемін ыдыстың сыйымдылығымен өлшеген, кеңінен тараған негізгі өлшем бірліктері:

А. Қасық-50г

Ә. Ожау-0,5л

Б. Тостаған-0,5л

В. Аяқ-1л

Г. Шара-1,5-2л

Д. Тегене-8-10л

Е. Торсық-8-10л (ешкі терісінен тігілген ыдыс)

Ж. Көнек-15-16л (бие сауғанда пайдаланылатын, былғарыдан тігілген ыдыс)

З. Саба-180-200л (жылқы терісінен тігілген ыдыс).

Сусымалы денелерді өлшеу бірліктері:

  1. Уыс
  2. Қалта
  3. Қоржын-40 кг
  4. Қап-4 пұт-54-65 кг
  5. Тағар-6-8 пұт-100-130 кг
  6. Батпан-3 тағар-300-450 кг

Салмақ өлшемдері:

  1. Пұт-16кг
  2. Қадақ-400 гр.

Ұсақ заттарды, асыл тастарды өлшеуде «мысқал» деген өлшем қолданған:

1 мысқал-100 арпа дәні салмағы

12 мысқал-50 г

1 түгерек-1 қадақ-96 мысқал.

Ұлттық тәрбиеге байланысты сұрақтар

  1. Қазақтың ұлттық ойындары: Ақсерек-көксерек, аңшылық, соқыртеке, асау көк, ағаш аяқ, орамал тастау, арқан тартыс, жаяк көкпар, бұқа тартыс, әйгөлек, жасарынбақ, т.б.
  2. Бата түрлері: Балаға бата, қызға бата, келінге бата, қарияға бата, жас отау иелеріне бата, той иесіне бата, халыққа бата, құдайы тамаққа бата, дастарқанға бата, Наурызға бата.
  3. Туыстық атаулар: Нағашы, қайын ата, қайын ене, жиен, жезде, бажа, күйеу бала, бөле, жеңге, келін, қайың сіңлі, т.б.

ІІІ Қорытынды: 1. Сонымен мына шумақ өлеңді оқып, ертеңгі күніміздің міндеттеріне тоқталайық.

Бір болған өткен күннің кемесінде,

Кешегі заманалар ел есінде.

Жаңарған Қазақстан жаңа жолмен

Жаңғырды жаңа ғасыр белесінде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығындағы «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасын жүзеге асыруымыз қажет. Олар:

  1. Әр адамды қазіргі заманғы әлемде іс істеуге, білім алуға, өмір сүре білуге үйрету, дайындау қажет.
  2. Ғылымды дамыту.
  3. Инновация жүйесін дамыту және жастарды білімділікке, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарасын өзгерту.

2.Үй тапсырмасы: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығындағы «Интеллектуалды ұлт-2020»

 

жобасын кеңінен оқып, танысу.

                   3.Бағалау.