Себеп бағыныңқылы сабақтас

46
Сыныбы 8
Пәні Қазақ тілі
Тақырыбы Себеп бағыныңқылы сабақтас
Жалпы мақсаты Сыни тұрғыдан ойлау  арқылы оқушылар  негізгі идеяны түсінуі, оқушылардың  қызығушылығын ояту.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мен оқуда негізгі идеяны жадына сақтауына бағыт беру.

Көшбасшылық анықтау

Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білім деңгейін анықтау және бірін-бірі бағалай білуге үйрету.

Сілтеме Топтық тапсырмалар

Сергіту сәті «Қызыл өрік»

Бағалау бетшелері

Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей) ҚРПКБАКБ (www.cpm.kz)

Оқыту нәтижелері Оқушы белсенділігін көрсетеді.

Өзара кеңес алады

Тақырыптың идеясын түсінеді.

Өзара пікірлесе алады

Шыдамдылықпен тыңдай біледі.

 Бағалауды үйренеді;

Кері байланысты үйренеді

Сұхбат арқылы кері байланысқа үйренеді;

Эмоциялық әрекет арқылы өзін -өзі реттейді.

Негізгі идеялар Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын тексере отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тапсырма көздері Берілген сөйлемдердің баяндауыштары қалай байланысып тұрғанын анықтау?
Жаңа сабақ меңгеру Себеп-салдар салаласқа мысалдар келтіру?

Себеп бағыныңқылы сабақтас қалай байланысып тұрғанын түсіндіріп, жаңа сабақты ашу.   

Қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?

Себеп-салдар салалас пен  себеп бағыныңқылы сабақтас қалай байланысып тұрғанын айту.

  1-тапсырма: Өтілген сабақтас құрмалас сөйлемдер түріне 2 мысалдан келтіріп, синтаксистік талдау жасау.
2-тапсырма: 138-жаттығу Баяндауыштары тұлғалас құрмаластардың қайсысы шартты, қайсысы салыстырмалы, қайсысы мезгіл бағыныңқылы екендігін ажыратыңдар.

1-топқа Көсеу ұзын болса, қол күймес. 2. – Жұрт сені қандай жақсы көрсе,оны да сондай көреді. 3. Енді айналып қарағанда, төрдегі Байтен баласының тобын көрді.

ІІ топ 4. Шахтаға түспестен бұрын, Еркін кішкене бөлмесіне келіп енді. 5. Енді Бақтығұл шынын айтса да, болыстың өзі жылымай отыр. 6. Ел ішіндегі, ауыл арасындағы жай осы болса, облыстық қаланың ояз бен болыс кеңселерінде біреуді біреу қаралап көрсеткен арыз айлар бойы тола берген-ді,

ІІІ топ 7. – Қара болсам, өзге қараласын. Нақ сендер қараласаңдар, көріп алармын, Құдай-ақ та! Мен не болсам, сен де солсың. 8. Ұл ұдайы ізетті боп тұрса егер, әке-шеше жүзі жайнап нұр себер.

ІҮ топ Зейнетке шыққанмен, Құрыммбай үйде тегін отырмайды. 10.Ғылым оқып білгенше, Тыным-тыныштық таппаған.

  3-тапсырма: 139-жаттығу Тыныс белгісі қойылмаған құрмаластың тыныс белгісін қойыңдар. Қарамен терілген сөздердің мағынасын ашыңдар.
  Сергіту сәті: «Қызыл өрік»

4-тапсырма: әр топ берілген тапсырмаларға мысалдар келтіріп, синтаксистік талдау жасап қорғау

І топқа Шартты бағыныңқылы сабақтасқа 2 мысал келтіріп, талдау

ІІ топқа Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасқа 2 мысал келтіріп, талдау

ІІІ топқа Мезгіл бағыныңқылы сабақтасқа 2 мысал келтіріп, талдау

ІҮ топқа Себеп бағыныңқылы сабақтасқа 2 мысал келтіріп, талдау

Кейінгі тапсырмалар Себеп бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не? Әдеби шығармалардан 5 сөйлем тауып, синтаксистік талдау жасап келу.
Кері байланыс Өзін-өзі бағалау
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау