Тіл ұстарту «Табиғат таң қаламын тамашаңа»

40

Сабақтың тақырыбы:   Тіл ұстарту «Табиғат таң қаламын тамашаңа»

ІІ.Сабақтың мақсаты:

1 . Тақырыпты ашық талқылауға бағыттау, ойлау сауаттылығын жазу арқылы үйрету.
2. Табиғатты сүюге, бағалауға, қорғауға тәрбиелей отырып, экологиялық түсінік алады.

  1. Оқушының тілін,қиялын еркін ойлауға , ой қорытуға дағдыландыру,шығармашылық ізденіске баулу.

 

ІІІ.Сабақтың түрі: бекіту,әдеби- экологиялық кіріккен сабағы

ІY.Сабақтың әдісі:  СТО стратегиялары «Болжау» стратегиясы, «Галереяға саяхат», «Бес жолды өлең»

Y.Сабақтың формасы: топпен

YІ.Сабақтың барысы:Бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отыра сабағымызды бастаймыз.
І .Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық даярлық /оқушылар назарын келген қонақтарға бірден аударып алу/
2. Оқушылар назарын сабаққа аудару
Топқа бөлу.

І.Қызығушылықты ояту.

Бейнеленген суретке назар аударамыз.  Бала, рогатка, қайың, бәкі.Берілген зат есімдерге сүйене отырып болжау жасап көріңдер.

  • Бейнеленген суреттегі сөздерді естігенде не ойладыңдар, қандай оқиға болуы мүмкін?

Топпен ақылдасып, суреттегі сөздерге сүйене отырып,мәтін құрастыру.

Болжау кестесіне назар аударамыз.

Сіз не болады деп шын мәнінде не ойлайсыз? Сізге қандай дәлел бар? Не болды?

Өздерінің мәтінін оқыту.

Мәтін оқылады.

Қожа  рогаткаға лайық аша іздеп жүріп, оны үй тұсындағы ақ қайыңның төменгі бұтағынан тапты.Қалтасынан бәкісін шығарып, ашаны кесіп

алды.Қайыңның түбінде отырып, оның қабығын тазалады.

  • Оқиға сіз ойлағандай болды ма?
  • Ендігі кезекте мәтін бөлімінде не болады деп ойлайсыз?
  • Суретке назар аударту
  • Тамшы, ашық аспан

Болжау кестені толтыру.

Мәтін оқылады.

Сол кезде қолына тамшы тамды. Қожа әуеге қарады. Аспан шайдай ашық. Ісін қайта жалғады. Көп ұзамай тағы да тамшы тамды. Қожа орнынан тұрып, қайыңның басына қарады.

 

  • Оқиға сіз ойлағандай болды ма?
  • Ендігі кезекте мәтін бөлімінде не болады деп ойлайсыз?
  • Суретке назар аударту

Қараса әлгі бұтағы қиылған жерден мөлтілдеп көз жасындай су шығып

тұр екен. Қожаның жүрегі сыздап кетті.

  • Әңгіменің негізгі ойы мен тақырыбын анықтап, мәтінге ат қою.
  • Қожаның қылығы сендерге ұнады ма?
  • Қайыңның бұтағынан көз жасындай мөлтілдеп су шығып тұр дегенді

қалай түсінесің?

  • Қайыңның жаны бар ма? Ол неге жылады?Қайыңның тілі болса саған не деп мұңын шағар еді?

«Қайыңның мұңы» монолог жазу.

Енді мына мәтінмен жұмыс жүргізейік.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша көктемде көктеп, күзде қурайтын өсімдіктің де өзіне тән жаны, мінезі бар көрінеді. Өсіп, жайқалып тұрған жапырақтарға биолог ғалымдар ультра жазу аппараттары арқылы мынадай қызықты тәжірибе жасапты. Сабағына арнайы байланыс құралын орнатып, өздері жапырақты жұлуға қол созған.Сөйтіп, жапырақтарды ұстағанда, экранда қорқыныш дірілі пайда болған. Ғалымдар одан әрменгі оқиғаны былайша бейнелейді.

  • Қауіп- қатер төнді! Тірі қаламын ба, жоқ па?!
  • Жарақат салды! Құрыдым!

Жапырақты жұлып алғанда, экрандағы қорқыныш дірілі де жоғалған.

Яғни бір ғұмыр үзілді.

Міне, көрдіңдерме? Яғни біз бір жапырақ жұлғанның өзінде табиғатқа қасірет әкеледі екенбіз. Ал, біз өзіміздің табиғатымызды көркейте білуіміз қажет.

  • Мәтіннің түрін анықта.
  • Қай ғылымға сай жазылған.Ішінен зат есімдерді тауып, талдау.
  • Табиғатты сүю,қорғау қажет десек, ел есік алдында, терезенің тұсында өсіп тұрған ақ қайыңнан басталады екен.

Мына бір күйге құлақ түріңдер ./Күй  тыңдату «Ақсақ киік»күйіі тыңдалады/сөздік қорын көбейту, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту\Күйден қандай әсер алдыңдар?Әр топ жазушы, суретші, идея беруші, бақылаушы болып рөлге бөліне отырып, суреттеу.

  • Қорғауға а лынған өсімдіктер мен жануарлар республикамызда «Қызыл кітабына» енгізіліп, табиғатқа зиян келтірген адам «Қылмыстық кодекс» бойынша жауапқа тартылады. Ендеше «Тілі жоқ, құр жүректе айтар айтар сөзі…» деген жолын негізге алып, ақсақ киіктің монологын жазу. Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Осы шығармада Сәкен Сейфуллин аңшылардың қатыгездігін бейнелейді. Қазақтың кең даласында киік саны азайып бара жатқанына жүрегі аурып көнілін жырлайды.

Табиғат

2 сын есім, 3 етістік, 4 сезңмдң білдіретін сөз тіркесі,5 синоним

«Адамдардың араласуы мұң екен, жер шары тез қартая бастады»деген Циолковскийдің сөзімен қорытындылай отырып,

табиғаттың сырын түсіне отырып, ақ қайыңды жылатып, ақ бөкеннің тыныштығын бұзбайық дегім келеді.

«Шаттық шеңбері» (Төменде айтылғанға келіссеңіз, қимылдарды жасаңыз)

—           Егер сіз табиғатқа адамзат өз тарапынан қамқор болу парыз деп білсеңіз , оң қолыңызбен бұлғаңыз;

—           Егер сіз ақ қайын, жасыл – желек қарағайлар,

секілді көзіміздің қарашығы деп  бағаласаңыз, бір қадам алға басыңыз;

—           Егер табиғатты қорғау жөнінде үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу міндетім деп білсеңіз, орныңызда секіріңіз;

—           Егер сіз Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі деп ойласаңыз, бір қадам артқа басыңыз;

—           Егер біздің еліміздің экологиясы сізді алаңдатса, алақаныңызбен шапалақ соғыңыз;

—           ЕгерЖер — Ананы жасыл етіп сақтаймыз деп   санасаңыз, екі қолыңызды жоғары көтеріңіз;

—           Егер Жер — Ананың байлығын орнымен пайдалануымыз керек десеңіз, екі қолыңызды алға созыңыз;

—           Егер нулы жердің нуын, сулы жердің суын, аққулы көлдің сәні  сіздің қолыңызда екеніне сенсеңіз, қолдарыңызды ұстаңыз.

«Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту.

Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңың да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының қаншалықты бақытты екенін білсең ғой. Мен кей кездері армандаймын, шіркін, ақын болғанымда ғой, сенің әрбір тасыңды да, топырағыңды да жырға қосар едім деп.

Бірақ мен сенің сұлулығыңды жүрегімнің түкпірінде сақтаймын!

Үйге тапсырма: Мына сөз тіркестерін қатыстыра отырып, мәтін құрау.

Керекті сөздер: Жұлдызды түн. Айсыз ашық аспан. Кәусар ауа. Әсем әуен. Таулы жер. Мүлгіген дала. Тылсым табиғат. Терең ой. Келбетті жігіт. Көркем қыз. Нәзік сезім. Шалқар көл.