Сөз тіркесі

53

Сөз тіркесі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: сөз тіркесіне байланысты оқушылардың

білімдерін  тиянақтап, тәжірибемен ұштастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық дәстүрді бағалай

білуге, халқын, салтын сүюге шақыру. Озық ойлы, кең

өрісті, мәдениетті азамат тәрбиелеу.

Дамытушылық: сөйлеу тілін қалыптастырып,

логикалық ойлауын дамыту, түрлі әдістер арқылы

шығармашылық қабілетін арттыру

Типі: бекіту сабақ

Түрі: сайыс сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, шығармашылық тапсырма.

Пәнаралық байланыс: интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар, суреттер

 Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық: А) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Ә) Бағалау жүйесімен таныстыру.

ІІ Сайыстың кезеңдерімен таныстыру .

 

 

  Бәйге
Көкпар

 

 

    Сайыс
  1. Бәйге кезеңі. Ой қозғау (сұраққа жауап алу). Шарты: белгілі уақыт ішінде қойылған сұрақтарға тез жауап беруі керек.

Ой қозғау сұрақтары (Оншақты сауал қойылады)

  1. Бойжазар кезеңі. Сайысымыздың бұл сатысында оқушылар грамматика әлеміне шолу жасайды.  Тақтамен жұмыс жүргізеді. Шарты: берілген кестеге сөз тіркестерін жазып, өз сыңарларымен жұптасу (бірдей жіптерді байлау)

 

І топ ІІ топ ІІІ топ
«Ойлан» «Тап» «Ізден»
1. Зат есім+зат есім 1. Есімдік+зат есім 1. Үстеу+етістік
2. Сын есім+зат есім 2. Септеулік шылау+етістік 2. Сын есім+етістік
3. Сан есім+ зат есім 3. Зат есім+етістік 3. Сан есім+етістік

 

Бойжазу мақсатында тапсырмалар үш топқа өздік жұмысы ретінде орындауға беріледі.

 

Сергіту сәті: («Қара жорға» сазы мен би билейді)

  1. Көкпар кезеңі: Ой толғаныс сәті. Бұл сайыста интерактивті тақтада сандар жазылған суреттер шығады. Әр топ таңдаған саны бойынша тапсырма алады.

Шарты: берілген сөз бойынша сөз тіркестерін жазу, жазылған сөз тіркестері бойынша тақырыпты қорғау.

  1. «Көкпар»; 2. «Қыз қуу»; 3. «Аударыспақ»
  2. Теңге алу кезеңі: Әр топ тақтаға көрсетілген теңгелерді таңдайды. Әр теңгенің артында сөйлемдер жасырылған, оқушылар бұл сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды (тақтамен жұмыс).

 

ІІІ. Сайысты бекіту: Венн диаграммасы .

 

ІV. Рефлексиялық бағалау кезеңі. Үш жолға әр топтың аттары қойылады, бағалау парағы және жиналған асық арқылы жеңімпаз топ анықталып, оқушылар білім деңгейі бойынша бағаланады.

 

  1. Үйге тапсырма: «Халқын сүйген – салтын сүйер» деген тақырыпта ойтолғау жазу, жазылған мәтіннен үш сөйлемге синтаксистік талдау жасау.