«Тұңғыш ғалымдар».

96

Сабақтың тақырыбы: «Тұңғыш ғалымдар».

Сабақтың мақсаты:

1) Тұңғыш ғалымдар туралы мағлұматтарды айта білу, шығармашылықтары туралы байланыстыра сөйлей білу;

2) Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың шығармашылық ойын дамыту, өз пікірін айта білуін қалыптастыру;

3) Белгілі адамдар өмірін өнеге етіп тәрбиелеу; оқушылардың қазақ тіліне деген белсенділік, қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, сызбалар, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, Венн-диаграммасы, коммуникативтік жаттығулар, ақпараттық- коммуникативтік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Бүгінгі сабақта біз тұңғыш ғалымдар, дарынды тұлғалар Ахмет Байтұрсынов, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин туралы тақырыптарды бекіте отырып, жаңа сөздерді қайталап, грамматикалық тапсырма орындаймыз және осы тұлғалар туралы баяндаймыз. Оқушыларды 3 топқа бөлемін. Ғылым, білім туралы мақал-мәтелдер сайысы өткізіледі.

ІІ. Қайталау.

Әр  топтан бір оқушы тақтаға шығып, грамматикалық тапсырма орындайды. Барлық тапсырмалар интерактивті тақтада орындалады.

1-тапсырма. Мына сабақтас құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар. Шоқан қазақ, қырғыз, ноғайлы әдебиетінің жазба мұраларын, тарихи шежірелерді жинап, бір жүйеге келтіріп, олар жөнінде ғылыми талдаулар жасады.

2-тапсырма. Мына сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңдар. «Ол мезгілді уақытында келе алмай, біз біраз кешігіп қалдық. Бүгін қара жел басылысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.»

3-тапсырма. Мына сабақтас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін дұрыс қойып жазыңдар.

1) Сонда үйленіп тұрып қалады.

2) Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болады.

  1. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерді хормен айту. Әр топтан бір оқушы ортаға шығады, сөздерді орысшаға аударады.

Сынып-оқушы ретінде жұмыс жасалады.

ІІІ. Бекіту.

  1. Топтық жұмыс. Әр топ біріне-бірі Ахмет Байтұрсынұлы, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин тақырыптарға сұрақ қояды.

1 топ – Ахмет Байтұрсынұлы тақырыбына қойылған сұрақтарға жауап береді.

2 топ – Ыбырай Алтынсарин тақырыбына қойылған сұрақтарға жауап береді.

3 топ – Шоқан Уәлиханов тақырыбына қойылған сұрақтарға жауап береді.

  1. «Тұңғыш ғалымдар» тақырыбын қорытындылай отырып, оқушылар Венн-диаграммасын толтырады.

1 топ – Ахмет Байтұрсынұлы мен Шоқан Уәлихановты салыстырады.

2 топ – Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсаринді салыстырады.

3 топ – Ахмет Байтұрсынұлы мен Ыбырай Алтынсаринді салыстырады.

 

1 топтың диаграммасы:

Ахмет Байтұрсынұлы

(1873-1937 жж)

Тілші, ағартушы, ақын, оқу құралдарын жазған, орыс-қазақ мектебін бітірген, мұғалімдер мектебі қазақ газетін шығарады

Көрнекті ғалым

 

Тұңғыш ғалым

 

Зерттеуші

 

Сауатты

Шоқан Уәлиханов

(1835-1865 жж)

Саяхатшы, тарихшы, мұсылманша оқыған, кадет корпусында оқыған, қазақтың ескі дінін зерттеген, ХV ғасырдағы рулардың тарихын зерттеген

Әр топтан бір оқушы ортаға шығып Венн-диаграммасын қорғайды.

  1. Шығармашылық тапсырма. Тұңғыш ғалымдар – шын мәнінде ғылым үшін туған адамдар. Бұл ойды қалай деп түсінуге болады? Пікір алмасу.

ІV. Сабақтың қорытындысы.

  1. Тұңғыш ғалымдарды ата.
  2. Олардың жазған еңбектерін ата.
  3. Тұңғыш ғалымдар кімнің пайдасына еңбек етті.

Үйге тапсырма: Ы. Алтынсарин туралы реферат жазу.