Нәтиже сабақ

64

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен тақырыптар бойынша сөздік қорын жүйеге келтіріп, байланыстырып сөйлеуге баулу;
  2. Оқушылардың ойын жүйелей отырып, тіл дамыту.

Сабақтың түрі: бақылау-пысықтау сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе сөз.

Оқушылармен әңгімелесу. Ы. Алтынсарин қандай адамгершілік қасиеттерге баулиды?

Ш. Уәлиханов қазақ халқының қандай рухани күшіне сенді?

Бүгін біз «Тұңғыш ғалымдар» тақырыбы бойынша сөздікті жүйелеп әңгімелейміз.

ІІ. Қайталау.

1.Оқушылар жеке тапсырма орындайды. Перфокартамен жұмыс.

Перфокарта №1. Мына сөздерді дұрыс аудар.

Окончив Умер Просветитель Переводчик Издан Честный Разностороний
Ағартушы +
Қайтыс болды +
Тілмаш +
Адалдық +
Жан-жақты +
Бітірген соң +
Басылып шықты +

 

Орындаған тапсырмаларды оқушылар өзара тексеріп, бағалайды.

2.Аудару жұмысы. Кім шапшаң аударып береді?

1 парақша. Қазақ тіліне аударыңдар.

1) Талантливый переводчик, просветитель, а также автор учебных пособий Ахмет Байтурсынов родился в Тургайской области.

2) Один из самых интересных трудов Шокана Уалиханова посвящено истории древней казахской религии.

3) Шокан умер в апреле 1865 года.

4) В начале он работает переводчиком, затем учителем в школе.

2 парақша. Орыс тіліне аударыңдар.

1) Шоқанның зертеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған.

2) Дарынды педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «қазақ хрестоматиясы» мен қазақтарға «Орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып, бастырды.

3) Ы. Алтынсарин әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы болған.

4) А. Байтұрсынұлы 1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін шығарды.

ІІІ. Реферат қорғау.

Зерттеулік жұмыс. Байланыстырып сөйлеу. Оқушылар тақырып бойынша жазған рефераттарын қорғайды. Әр оқушы рефератын жазған жоспар бойынша қорғайды.

Оқушылар алдына қойылған мақсат:

  • Оқушының ізденуі.
  • Тақырыпты ашуы.
  • Мәтінмен жұмыс.
  • Тіл дамыту жұмыстары.
  • Әдебиет, тарих пәндерімен байланыс.
  • Қосымша әдебиетпен жұмыс.

 

ІV. Рефлексия

Жедел-сұрақтар (Блиц-сұрақтар)

  • Ахмет Байтұрсынұлы қай жылдары өмір сүрген? (1873-1937 жж)
  • Ахмет Байтұрсынұлы немен айналысады? (әдебиетпен)
  • Ол қандай газет шығарды? («Қазақ»)
  • Шоқан Уәлиханов қай қаладағы кадет корпусында оқыды? (Омбыда)
  • Шоқан Уәлиханов нені жазып алумен айналысады? (аңыз, әңгіме, жырларды)
  • Шоқанның тамаша еңбектерінің бірін ата. («Алты шаһардың жайы туралы»)
  • Ыбырай Алтынсарин кімге арнап мектеп ашты? (балаларға)
  • Оның қандай өлеңін барлық балалар жатқа біледі? («Кел, балалар, оқылық»)

Үй тапсырмасы.

Оқушыларды бағалау.