Есім сөздердің орнына жүретін сөздер есімдік деп аталады.

43

Есім сөздердің орнына жүретін сөздер есімдік деп аталады.

Есімдіктің түрлері:

Жалпылау (определительные) есімдіктері:бәрі,бүкіл,барлық,түгел,-все

Мысалы: Барлық оқушы сыныпқа кірді.

Болымсыздық( отрицательные) есімдіктері:ешкім,ештеңе,ешқашан,ешбір,ешқайда-нигде

Мысалы: Ешкім уақытында келген жоқ.

 

 Жаңа сөздер:

қопару-раскапывать                                шашу-раскидать

қорлау-издеваться                                 тегістеу-выровнять

таңғалу-удивиься                                      қажетті-необходимый

себебі-причина                                      зейін-внимание

 

 

                                                        Жер-ана

(Матушка-земля)

Бейбіт балабақша ішінде жер қопарып ойнап жүр еді,бір қария:

-Әй,балам,Жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой,- деді.

Таңғалған Бейбіт

-Менің анам үйде,аты Зейнеп,-деді.

-Балам,онда сол Зейнеп анаңнан сұра,түсіндіреді,-деп қария

кете берді.

Бейбіт үйге келіп анасынан Жер-ана туралы сұрады.

-Балам-ай,ол кісі саған дұрыс айтқан.Жер-бәріміздің анамыз.Онсыз өмір жоқ.Жер-ана дейтін себебіміз-ішетін суымыз,жейтін нанымыз жердікі.Адамға қажеттінің бәрі жерден шығады…

Бейбіт анасының әр сөзін зейінмен тыңдады.Түстен кейін барып,бақшаға барып,ашып ойнаған топырақты тегістеді.

Үй жұмысы: Тірек сөздердің көмегімен «Қыс» туралы ауызша әңгімелеу.

Қыс-зима,айлар-месяца,суық-холодно,ауа райы-погода,күндер-дни, қысқа-короткий,мереке-праздник,болады-бывает

 

 

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Есімдік (Местоимение)

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Жер-ана

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін                                  арттыра отырып, жаңа ұғымдардан түсінік беру, cөздерді дұрыс айту мен дұрыс жазудың нормаларымен таныстыру.

Дамытушылық: ой-өрісін дамыта отырып, сөздік      қорын, тіл мәдениеті туралы түсініктерін дамыту,  ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің ерекшеліктерін  білуі туралы түсініктерін жетілдіру.

Тәрбиелік: оқушыларды  еңбекқорлыққа,       адамгершілікке,  жерін құрметтеуге,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: аралас сабақ

 

Сабақтың көрнекілігі: кесте-сызба, оқулық.

 

Сабақтың өту барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

 

  1. Үй жұмысы.Тірек сөздердің көмегімен «Қыс» туралы ауызша әңгімелеу. Қыс-зима,айлар-месяца,суық-холодно,ауа райы-погода,күндер-дни, қысқа-короткий,бывает-болады.

 III.Жаңа сабақ. Есімдік. Жер-ана

Есім сөздердің орнына жүретін сөздер есімдік деп аталады.

Есімдіктің түрлері:

Жалпылау (определительные) есімдіктері:бәрі,бүкіл,барлық,түгел-все

Мысалы: Барлық оқушы сыныпқа кірді.

Болымсыздық( отрицательные) есімдіктері:ешкім,ештеңе,ешқашан,ешбір,ешқайда-нигде

Мысалы: Ешкім уақытында келген жоқ.

Мәтінмен жұмыс:

а)Сөздік жұмыс.

ә) Мәтінді мәнерлеп оқу.

б) Мәтінді мәнерлеп оқыту.

в) Топпен жұмыс. (ілеспе аударма)

Жаңа сөздер:

қопару-раскапывать                                шашу-раскидать

қорлау-издеваться                                 тегістеу-выровнять

таңғалу-удивиься                                      қажетті-необходимый

себебі-причина                                      зейін-внимание

 

 

                                           Жер-ана

(Матушка-земля)

Бейбіт балабақша ішінде жер қопарып ойнап жүр еді,бір қария:

-Әй,балам,Жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой,- деді.

Таңғалған Бейбіт:

-Менің анам үйде,аты Зейнеп,-деді.

-Балам,онда сол Зейнеп анаңнан сұра,түсіндіреді,-деп қария

кете берді.

Бейбіт үйге келіп анасынан Жер-ана туралы сұрады.

-Балам-ай,ол кісі саған дұрыс айтқан.Жер-бәріміздің анамыз.Онсыз өмір жоқ.Жер-ана дейтін себебіміз-ішетін суымыз,жейтін нанымыз жердікі.Адамға қажеттінің бәрі жерден шығады…

Бейбіт анасының әр сөзін зейінмен тыңдады.Түстен кейін барып,бақшаға барып,ашып ойнаған топырақты тегістеді.

Алдын ала қазақтың ұлттық бұйымы-қоржынмен таныстыру.

а)Тақтамен жұмыс.( мәтіннен есімдіктерді теріп жазып, сөйлем құрау,

мәтіндегі есімдіктер: сенің,менің,сол,ол,бәріміз,онсыз,әр)

ә)Табылған есімдіктер арқылы жалғау түрлерін қайталау. («Сиқырлы қоржын» ойын элементтерін қолдану)

     IV.Сабақты бекіту:  Сөйлемдерді аудару арқылы есімдігі бар сөйлемді табу,ережені пысықтау.

1.Мұғалім сабаққа кірді.                           2.Есімдік дегеніміз не?

2.Асан бес дәптер сатып алды.                     3.Есімдіктің түрлерін ата.

3.Асылдың әдемі көйлегі бар.                       4.Жер-ана тіркесінің мағынасы

4.Бәріміз мектепке келдік.

 V.Үйге тапсырма:  а) Жазбаша аударма.

ә) Мәтінді рөлге бөліп оқу.

б) Сөздік жаттау

VI.Оқушыларды бағалау