« Жаңа ғасыр аясында »

28

 

« Жаңа ғасыр аясында »

— Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

 

Құрметті оқушылар, жанкүйер қауым! Қазақстан жерінде тұратын әр адамның қасиетті борышы атамекенін сүю, мәдениеті мен тілін білу және қастерлеу. «Қазақстан жаңа ғасыр аясында » аталған ойын — сайысымызды қазақ тілі
апталығына арнаймыз.

Бүгінгі сайысымызда 7, 8 — сынып оқушылары қатысады. Шыншыл әділқазы алқасымен танысайық:

Олар: 1. Бердалина Әлия Еділбайқызы

  1. Қамырова Айым Біржанқызы
  2. Күлшікова Жанна Мәулиқызы

Қамтылатын бөлімдері: I. Бәйге

  1. Полиглот

                                                  III. Жеті ғажайып бақ

  1. Шешен
  2. Жорға

 

  1. Бәйге. Ойынның шарты берілген сұрақтарға тез қол көтеріп жауап беру. Жауабы
    дұрыс болмаса, екінші оқушы, үшінші оқушы жауап берулеріне болады. Дұрыс
    жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа толық жауап беру қажет.
  2. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? ( егеменді, тәуелсіз мемлекет )
  3. Оның рәміздері бар ма? ( Иә, бар. Еліміздің туы, елтаңбасы, әнұраны бар )
  4. Қазақстанның туында не бейнеленген? Түсі қандай? ( Алтын күн мен дала қы-

раны бейнеленген. Түсі көгілдір. )
4. Елтаңбада не бейнеленген? ( Алтын жұлдыз, киіз  үйдің  шаңырағы,  қанатты екі
ат, астында « Қазақстан » деген сөзі жазылған )
5. Қазақстан Республикасының әнұранының сөзін және әнін кімдер  жазды?
( Әні: Шәмші Қалдаяқов,   сөзі: Жүмекен Нәжимеденов, Нұрсылтан Назарбаев )

  1. Қазақстанның бірінші астанасы қай қала? ( Орынбор қаласы )
  2. Қазақ тіліне тән дыбыстардың саны нешеу? ( 9-10 әріп )
  3. Киіз үйдің төбесін қалай атайды? ( шаңырақ )
  4. Диалог дегені не? ( екі кісінің сөйлесуі )

10.Біздің облысымыз қалай аталады? ( Солтүстік — Қазақстан облысы деп

аталады )

Әділқазы алқасы өз жұмысын жүргізе береді, яғни бағаларын қояды.

 

 

 

  1. Полиглот — жұмбақты шешу. Әр сайыскер өзінің жауабын қазақ, орыс, ағылшын
    тілдерінде жауап беруі керек. Дұрыс жауапқа үш ұпайдан беріледі.

Жұмбақтар:

  1. Жайшылықта жекесің,

Қарай қалсаң екеусің ( айна, зеркало, mirror )

  1. Мен — ақ қалам, ақ қалам,

Жазған сайын жоқ болам ( бор, мел, chalk )

  1. Қыста келген, көктемде еріген ( қар, снег, snow )
  2. Көреді бәрін өзгенің

Көре алмайды өздерін ( көз, глаза, eyes )

 

III тур Жеті ғажайып бақ. Жеті саны қасиетті сандардың бірі. Осы жеті
санының ішіндегі бір санды таңдап, сол санның сұрағына жауап беру. Дұрыс
жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Сұрақтары: 1 — қазақ тілі, 2 — қазақ әдебиеті, 3 — тарих, 4 -ән — күй,

5 — география,   6 — биология, 7- ағылшын тілі

  1. Қазақ тілі: қазақ алфавитінде неше әріп? ( 42 )
  2. Қазақ әдебиеті: М. Әуезовтың атақты романы — …… .( « Абай жолы »)
  3. Тарих: Мемлекеттік рәміздері …….. . ( ту, әнұран, елтаңба )
  4. Ән сабағы: ұлттық аспап …….. . ( қобыз, домбыра, жетіген )
  5. География: Қазақстан Республикасында неше облыс орталығы бар? ( 14 )

6.Биология: Адам маймылдан пайда болған гипотезаны кім ұсынған (Чарльз Дарвин)

  1. Ағылшын тілі:

Әділқазылар алқасы ұпайларын есептеп, ұпайы төмен оқушыны ойыннан шығарады.

 

IV турШешен. Мақал — мәтел. Бұнда балы төмен оқушы кестеден бір санды таңдайды. Сол санның сұрағына «иә», «жоқ» деп жауап береді.

Сұрақтары: Үйде оңбаған, түзде оңбайды ( иә )

Адамның сырты алдамшы ( иә )

Жаман жолдастан, жақсы дұшпан артық ( иә )

Кісінің көркі киім емес — білім ( иә )

Ойыннан балы төмен сайыскер ойыннан шығады

 

V тур — « Жорға » деп аталады. 1 минут ішінде көп сұрақтарға жауап беру керек. ( екі оқушының бірін сыртқа шығару керек )

Сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті кім? ( Назарбаев )
  2. Республиканың күні ( 25 қазан )
  3. Киіз үйдің төбесі ( шаңырақ )
  4. Қазақстан Республикасының ақшасы валютасы ( теңге )
  5. Тәуелсіздік күні? ( 16 желтоқсан )
  6. Қазақстан Республикасының астанысы? ( Астана )
  7. Конституция күні ( 30-тамыз )
  8. Қазақстан Республикасының бірінші ұшқышы кім? ( Т. Әубәкіров )
  9. Қазақстан Республикасынында неше облыс орталығы бар? ( 14 )
  10. Қазақстан Республикасынында ең биік шың? ( Хан тәңірі )
  11. Алғашқы мектепті кім ашты? ( Ы. Алтынсарин )
  12. Абайдың шын аты кім? ( Ибрагим )

 

 

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? ( қазақ тілі )
  2. Қазақ тілі кімдердің ана тілі ( қазақтардың )
  3. Аптаның үшінші күні ( сәрсенбі )
  4. Әнді орындайтын адам ( әнші )
  5. Нешінші сыныпта оқисың?
  6. Сынып жетекшің кім?
  7. Облыс орталығы ( Петропавл)
  8. Мектеп директоры кім?

Осымен біздің сұрағымыз да, сайысымыз да аяқталды. Сөз кезегін әділқазылар алқасына беріледі.

Әділқазылар алқасы жауабын бағалап, жеңімпазды анықтайды.

Құттықтау. Барлық оқушыларға алғыс білдіру.