Шешенге қойылатын талаптар

141

 

Сабақ тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар

Мақсаты: Білімділік: шешендік өнер туралы алған білімдерін бекіту,

ойларын ортаға салып қорыту.

                   Дамытушылық: шешендік сөздерді оқыта отырып, оқушы

бойына көркем, әдеби сөйлеу өнерін дамыту, шығармашылық

ізденістерін арттыру.

                   Тәрбиелік: шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баулу және

туған елінің тарихын , әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: пікірталас сабағы

Сабақтың әдіс- тәсілі: сөз әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ой

қозғау, жазылым, тыңдалым, оқылым, тест сұрақтары мен

сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд, плакат,

карточка, бағалау парағы, тақта,

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих, химия, өмірмен байланыс

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі:

                                    2 Үй тапсырмасын тексеру:

                                    Тест сұрақтары

1 Шешендік сөздің түрлерін тап.

а) арнау, толғау, дау

б) жуан, жіңішке, ашық, қысаң

с) аралас, сабақтас, салалас

 

2 Құрмалас сөйлемді тап

а)  Белгісіз солдат ағаш арасына сүңгіп кете барды.

б)  Соқаның тісі тонға тисе , ауызың майға тиер.

с)  Мен- бастауышы.

 

3 Қазақтың алғашқы биі кім болған?

а) Малайсары би

б) Төле би

с) Майқы би

 

4 Қосымшаның неше түрі бар?

а) 4

б) 2

с) 3

 

5 Шешендік арнау дегеніміз не?

а)  бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл , бата

б)  заттық мәселелерді зерттейтін әдет заңы

с)  шешендік мақал, нақыл, мысал, жұмбақ

 

6  Сөздік құрам деген не?

а)  Жалпы халыққа ортақ сөздер

б)  Тілдегі сөздердің жиынтығ

с)  Қолданыстан шығып қалған сөздер жиынтағы

 

7 Қазақ шешендік өнері неше кезеңнен тұрады?

а) 5

б) 6

с) 4

 

8 Тәуелденген сөзді анықта.

а) ұстазбын

б) ұстазға

с) ұстазым

 

9 Қазіргі шешендіктің түрлері қанша?

а) 3

б) 6

с) 5

 

10 Жақсыз сөйлемді тап

а) Сабақтан кешігуге болмайды.

б) Балалар кітанханаға кірді

с) Ауыл. Топталған адамдар.

 

Жаңа сабақ: Балалар бүгін біз шешенге қойылатын талаптармен таныса отырып, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін біліп , үйренеміз.

«Шешендік- білім нәтижесі» деген Цицирон шешен болу үшін ең басты үш нәрсеті атап көрсеткен.Ол:

Адам бойындағы талант

Терең білім

Қалыптасқан дағды

Шешендік өнер – ұлы өнер. Оны игеру, оған ие болу оңай іс емес. Сондықтан да шешендерге артылар жауапкершілік пен қойылатын талап та үлкен

 Шешенге қойылатын талаптар:
Біріншіден-
тілдік қабілеті мол
Екіншіден- білімділік
Үшіншіден-
шыншылдық
Төртіншіден-сөйлейтін мәселені
анық білу
Бесіншіден-
жинақылық
Алтыншыдан –
аңғарымпаздық

 

Шешен адам көпшілік алдында сөйлейтін болғандықтан, шешен өзін ұстау әдебін біліп, мәдениеттілік сақтауы тиіс.

 

Шешеннің өзін ұстау әдебі мен мәдениеті
Біріншіден- бет-жүзі, дене қимылы шешен сөзінің табиғатына сәйкес болуы тиіс
Екіншіден- бет-жүзі, дене қимылы көмекші құрал болуы тиіс
Үшіншіден- ым- ишара шешен сөзінің әсерлігін арттыруы тиіс
Төртіншіден- ым- ишара табиғи болуы тиіс
Бесіншіден-дауыс саздылығы, мақам, сөз ырғағы, кідіріс

 

Жаттығу жұмысы: 81-бет 75 – жаттығу тапсырма

Берілген тақырыптар төңірегінде ой алмасу.

1 Мұнай өндірісі- Қазақстан бюджетінің ең маңызды кіріс көзі болып табылады.

2 Айналымдағы ақша саны көбейген сайын, өның құны кемиді.

3 Қоғамды дамытудағы шағын бизнестің рөлі.

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топтың өз атауы болады. Топ басшылары тобының атын таныстырады. Топ басшысына бағалау парақтары таратылады.

 

“Өткенге қарайық” Сөзжұмбақ

1 Достық сөзінің антонимі

2 “Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интелегент емес”- деген кім?

3 “Тіл байлығы, тіл тазалығы- ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі белгісі” – деген кім?

4 Жаңбыр жауса, жер жетім.

Басшы болмаса, не жетім?

5 Қазақтың ең тұңғыш саяхатшы ғалымы

6 Шешендік сөздің бір түрі?

7 “Шутка сөзін аудар”

8 Кіші жүздің биі кім болды?

9 “Искусство” сөзін аудар

10 “Құтты білік” жазба әдебиетінің авторы кім?

11 Тәуке ханның ордасында қазақтың  әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы қалай аталды?

12 Пікірталастың бір түрі

Соңында «Шешендік өнер» деген сөз шығады.

 

Сөйлем талдау, тақтамен жұмыс.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылдың 18- қаңтар айында қазақ халқына жолдауы берілді.Оның тақырыбы:   «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» дейді. Ендеше біз мына бір сөйлемге талдау жүргізейік. 3 оқушыны тақтаға шығарып синтаксистік, морфологиялық, фонетикалық талдау жүргіздіртем.

«Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» .

 

Деңгейлік тапсырмалар.  3 оқушы тақтада талдау жұмысын жасап жатқан сәтте, сыныптың өзге оқушылары деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі.

Сергіту сәті.

 

Карточка 1

1 Дауысты дыбыс деген не? Түрлеріне ажырат

2 Тұрақты сөз тіркесі деген не? Мысал келтір

3 Жіктік жалғауларын ата. Мысал келтір

 

Карточка 2

1 Ықпал деген не , неше түрі бар, ата, мысал келтір.

2 Салт және сабақты етістік деген не? Мысал келтір.

3 Сөйлем мүшелері деген не? Неше түрі бар? Ата.

 

Карточка 3

1 Тәуелдік жалғауларын ата.Мысал келтір

2 Омоним деген не? Мысал келтір

3 Деректі және дерексіз зат есім деген не? Мысал келтір

 

Карточка 4

1 Есімшенің жұрнақтарын ата.

2 Салалас құрмалас сөйлем деген не?

3 Диалект деген не? Мысал келтір

 

Карточка 5

1 Табу.Мысал келтір.

2 Орфография мен орфоэпияның айырмашылығы неде? Мысал келтір

3 Осы шақ етістік. Мысал келтір.

 

Оқушылардың тілінің дамуын, бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін байқау барысында “ Мектеп ережесі әрқашан сақтала ма?” – деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру.Өқушылар 2 топқа бөлініп, өз ойларын ортаға салады. төңірегінде сынып оқушылары жақтаушы топ және даттаушы топ болып, екіге бөлінеді де, пікірлерін ортаға салады.

 

Бекіту: Шешенге қойылатын талаптар

Қорытынды.

Оқушы білімін бағалау

Үйге тапсырма:

84 –бет 76- жаттығу

Берілген тақырыптар төңірегінде ой бөлісу.