Менің ауылым

99

Тақырыбы: Менің  ауылым
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Сабақтың міндеттері: 
І. Білімділік:
Жаңа сөздерді жаттату, оларды ауызекі сөйлеуде қолдану.Жаңа  сөздермен  таныса  отырып, мәтінді  аудару, сурет бойынша сұхбат құру.

ІІ. Дамытушылық:
Саяхат сабағы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, үйден сурет салдыру арқылы оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу, тілін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды суретке қарап, сөз тіркестерімен өз беттерінше әңгіме құрай білу деңгейіне жеткізу, өз беттерімен ізденуге баулу.
ІІІ. Тәрбиелік:
Өз туған еліне, тұрған жерлеріне, сол арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Өз елін, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат  сабақ
Сабақтың типі: Әңгіме сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, мәнерлеп  оқу, аудару, сөздік, қайталау

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер мен тапсырмалар, әріптер фонетикалық жаттығуы, сызбалар.
Сабақтың  барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

Ашық сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қай ай?
-Аптаның қай күні?

-Ақпанның нешесі?
Тақтаға бүгінгі күнді жазу.

–Балалар, бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, саяхат сабақ. Біз сендермен ауылға саяхатқа шығамыз, ауылға дейін автобуспен барамыз. Ауылға дейін әр аялдаманың тапсырмаларын орындағанда ғана жетеміз. Сонымен,
1-аялдама:

  1. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген 6- тапсырманы оқыту, ішінен көмекші есімдерді табу.

 III. Білімін жан- жақты тексеру.
2-аялдама: Мәтінді аудару. Сыныпты 5 топқа бөліп, әрқайсысына орыс тілінде мәтін беру.
ІҮ Жаңа сабақ. —Жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабақта кездесетін жаңа сөздермен таныс болайық.

3-аялдама: Сөздікпен жұмыс:


Ауыл – аул

Тағам – пища

Тұрақ – стоянка

Қауын – дыня

Қарасай ауылы

Дәмді тағам

Автобус тұрағы

Тәтті қауын

 

 (Тақтадағы сөздерді хормен оқытып, сөйлемдер құратып,  дәптерлеріне жазғызу)
4-аялдама: Оқулықтағы өлеңді мәнерлеп оқытып, мазмұнын орыс тілінде сұрау:

Қазақ тағамы

 

Барғанымда ауылға

Тойдым қарбыз, қауынға.

Бірақ есте қалғаны-

Әжелердің тағамы.

Шіркін, қазақ тағамы-

Халқымыздың талғамы!

Жоғалтпастан соны біз,

Жалғастырсақ, болғаны.

 

5-аялдама:  2- тапсырмадағы сурет бойынша әңгіме құру.
Ү жаңа сабақты түсінгенін тексеру

6-аялдама: Дәптермен жұмыс. 3- тапсырманы орындау.

Сөйлемдерді жаз, сөйлеп үйрен.

Менің ауылым қаланың қасында.

Сенің ауылың таудың жанында.

Сіздің ауылыңыз өте әдемі.

Оның ауылы  орманның ішінде.

 7-аялдама: Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар

Үп – үлкен болып өседі.
8-аялдама: Ауылға қалай баруға болады?

4- тапсырма бойынша оқушылардың жауабын тыңдау.

9-аялдама: 5- тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Мен /в аул/ келдім. /В ауле/ көп адам тұрады. Ферма ауылдың /возле/. Ауылдың /за/ өзен бар. Біздің /аул/ өте әдемі.

 

Стадион
Пошта

Осымен Қарасай ауылына да келіп жеттік. Қарасай ауылында не бар?

Үйлер
Қарасай ауылы
Дәрігерлік пункті

 

 

 

Аялдама
Дүкендер
Мешіт

 

 

 

 

 

VІ.  Бекіту.
10-аялдама: Оқушылардың «Мен өскенде ауылыма…» тақырыбы бойынша салған суреттерін қорғау.

Өздері тұратын Қарасай ауылы туралы мағлұмат беру.
VІІ.  Үйге тапсырма, бағалау.
157-бет, 1-тапсырма (жаттау)
Оқушылар білімін бағалап, күнделіктеріне қою.

VII.  Қорыту. 
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Ауыл туралы қысқаша  мағлұмат.

 

 

 

 

 

 

 

 

Карасай Алтынайулы, более известный как Карасай батыр  — казахский батыр, полководец из рода шапрашты Старшего жуза. Всю жизнь провёл в походах и сражениях, защищая свою землю от джунгаров.

Карасай батыр совершил много подвигов и был хорошо известен не только в казахской степи, но и за ее пределами. Первый свой подвиг совершил Карасай, когда ему было семнадцать лет. На быстроногом тулпаре ворвался он, во время одной из битв, в стан врага, и водрузил знамя на горе Суыктобе. После этой победы боевым кличем у казахов племени шапрашты стал Карасай.

Карасай батыр не различал казахов по жузам, родам и общинам. Для него существовали единый народ, единое Отечество, священные рубежи Родины, сохранности которых он посвятил свою жизнь. И состарившись, батыр жил чаяниями своего народа. Он учил молодых военному искусству, решал мирские споры.

 

 

Қарасай Алтынайұлы (1589-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына айналған аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс — шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға жөне олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999).

Сөз орайында айта кеткен жөн,  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы. Атап айтқанда Қарасайдан Көшек, одан Айдар, одан Мырзатай, одан Кенбаба, одан Еділ, одан Сапақай, одан Назарбай, одан Әбіш, одан Нұрсұлтан туады.