Рахмет , саған әліппе

Рахмет , саған әліппе

Мақсаты: білімнің сара жолы,  бастауыштан басталатынын «әріп» дыбыс «буын» ұғымдарымен танытқан әліппе – білімнің негізі екендігіне көз жеткізу. Алған білім , үлгі – өнегелерін әліппемен қоштасу мерекесінде бекіту. Оқушылардың білімімен қатар өнерін тамашалау, ата-аналармен байланысты нығайту. Өз отанымыздың адал ұлдары мен қыздары болуға тәрбиелеу .

Көрнекілігі: нақыл сөздер. Слайд. Суреттер, буындар.

Мұғалім:Қымбатты балалар ! Құрметті біздің қонақтарымыз:ұстаздар , ата-аналар , ата-әжелер. Бүгін бізде ерекше күн. Бүгін әліппемен қоштасу сәті осыдан аз уақыт бұрын балаларыңызды жетектеп мектепке әкелген едіңіздер . Балаларыңыз бүгін білімнің алғашқы баспалдағынан өтіп әліппені аяқтап отыр ,инжнер ,академик , дәрігер , президент,ұшқыш,аспазда осы әліппеден хат таныған . Әліппенің арқасында қысқа уақыт ішінде біздің балалар оқуға,жазуға мектеп ережелерін орындауға үйренді. Өздеріне дос тапты. Оған осы ертеңгілік барысында куә боласыңдар.

Хадиша:Әліппем менің, әліппем

Сені қолға алып мен

Көзін аштым білімнің

Әріптерді танып мен

Абылай:Енді біз оқи аламыз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған қаламыз

Сүйікті біздің Әліппе

Жанерке:Әріптерді үйреніп

Таңбаларын саламыз

Қолға қалам аламыз

Небір сөзді жазамыз

Бержан:Сүйікті менің әліппем

Ризамын саған мен

Қуантамын ата-анамды

Тек жақсы деген бағамен

 

Мұғалім: Олай болса неге ортамызға әліппені шақырмаймыз.Сендердің алған білімдеріңді көріп риза болсын,куә болсын

Хор:Әліппе

Гүлназ:Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Жақсы білім көрімдік

Болсын сізге халайық

Не үйрендік ,не білдік

Қане ортаға салайық

Анель:Алфавиттер шығыңдар

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық қане айтысты

Жібермейік намысты

Адайбек:Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің

Амина:Ғалым болсаң ғылымда

Ғажайыптар аша біл

Ғарыштың да тыңында

Ғылым дәнін шаша біл

Думан.А:Шындықты сақтаймыз

Шыншылды жақтаймыз

Шаршы топ алдында

Шығарып мақтаймыз

Томирис:Қиындықтан қорықпа

Қаймығып еш тарықпа

Қайратың мен жігерің

Қолғанатың жорықта

 

 

Думан.Қ:Есті бала ержетіп

Елдің қамын ойлаған

Ессіз бала кері кетіп

Есерлігін қоймаған

Айзахан:Отан менің ата-анам

Отан-өлкем астанам

Отан досым бауырым

Отан-туған ауылым

Санжар:Спортпен айналыс

Сұлулық  сыйлаған

Сол саған пайдалы іс

Сауық пен кинодан

Арман:Кім үлкенді сыйласа

Кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болмақ өзі де

Үлкен болған кезінде

Қарақат:Әдептілік дегенің

Әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің

Әуре салсаң әлегің

Нұрым:Біз –атаның ұлымыз

Біз-ананың гүліміз

Адалдыққа үйреткен

Асыл ана тіліміз

Дәулет:Атам менің әманда

Бол дейтұғын тілалғыш

 

 

Үлкендерден соданда

Алып жүрем  кіл алғыс

Ердәулет:Атам менің әманда

Ынтымақшыл бол дейтін

Бірлік болса адамда

Шын бақыт қой ол дейтін

Тамирлан:Жау,жау,жаңбыр,жау,жаңбыр

Жау егіннің көгі өссін

Сұлудай бұраң құрақты

Айдын  шалқар көлі өссін

Мөлдір:Гүл өсірем үйде

Су құямын күнде

Гүл күткенді біледі

Бойын сылап күледі

Күнде гүлін ашады

Жұпарын маған шашады

Мейрамбек:Жарықсың ғой электр

Алыпсың ғой электр

Сен үйіме келмесең

Мультфильм де көрмес ем

Әліппе:Оқушылар мен сендерге ризамын менімен қоштасып Ана тілімен достасыңдар .Сендерге сәттілік тілеймін

Ана тілі ,Ана тілі:Ортамызға келіңіз .

Қуанышымызға ортақ боп

Тойымызды көріңіз

Сәлеметсіздер ме, балалар,

Құрметті ата-аналар !

Тойларыңыз құтты болсын !

 

Балалардың жүздері шаттыққа толсын .

Туған елдің тілімін.

Білімімен танылам

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам

Ана тілін сүймейтін

Іштеріңде барма адам?

Мен үйретем бәріңе

Ертегі,өлең,әңгіме

Жаттығу,мақал,жұмбақты

Үйретемін сендерге

Хор: Сылдыр, сылдыр қоңырау.

Ана тілімен бірге математиканы да ортаға шақырайық.Білгенімізді  ортаға салайық.

Санамақ

1 дегенім-бесік,

Шықтың содан өсіп.

2 дегенім-елім,

Далам,тауым,көгім.

3  дегенім-үміт,

Үміт артар жігіт.

4  дегенім –төзім,

Төзе білем өзім.

5 дегенім –бақыт,

Бағалайтын уақыт.

6 дегенім-ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

7 дегенім –жалау,

Жүректегі алау.

8 дегенім-сөзің,

Серт беретін кезің.

 

9 дегенім-тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

10 дегенім-Отан,

Қорға соны, ботам!

Хор: Отан.

Ойын есеп.

Табақтағы бауырсақтың

Біреуін бердім ағама

Біреуін бердім анама

 

Біреуін алды атам да

Бесеуі қалды табақта

Қане енді есептеші

Қанша болған басында. 8

Тауда отырған бес торғайдың

Аяқтарын санайық

Жауабын тез табуға

Күшімізді салайық

Біздің бүгінгі қуанышымызға ата-аналарымыз да қуанып , келіп отыр.

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға басқа кітап аламыз

Ата-анамыз қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз

Самира.

Мен кішкента баламын,

Айтқан тілді аламын.

Апам нанға кеткенде,

Үйде ойнап қаламын.

Шкафтарды ашпаймын,

Кітаптарды шашпаймын.

Текшелерден үй жасап,

Қызық ойын бастаймын.

Қарындашты аламын,

Қағазға сурет саламын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де

Ойлап тапқан балалар!

«Күнім,жаным» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді,

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

«Толған айым» дегенді

Ойлап тапқан аналар!

Хор: Топ-топ балақан

Біздің балалар әліппені оқып қана қоймай сахналауды да үйренді .

«Бауырсақ»

Біз мектепке келіп не үйрендік не білдік осыны паш етіп ант қабылдайық

Ант қабылдау.

1.Отанымды сүюге (жанерке)

2.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге (Тамерлан)

3.Отанымызды мақтаныш етуге (Ердаулет)

4.Ата-ананы қадырлеуге (Томирис)

5.Білімге ұмтылуға (Думан)

6.Салауатты өмір салтын ұстануға (Қарақат)

7.Табиғатты аялауға (Анель)

8.Мектеп ережесін сақтауға (Хадиша )

  1. Үлкенді құрметтеуге (Абылай)

10.Кішіге қамқор болуға (Нұрым)

АНТ ЕТЕМІЗ!

Жеке номерлер : Апа тұған күніңмен Жанерке

Шығыс биі

Вальс

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!