Халқын сүйген –салтын сүйер!

155

Халқын сүйген –салтын сүйер!

Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт- дастүрін, мәдени мұрасын, окушылар бойына дарытып, теориялык білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата-аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, халықшылыққа, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар бойына рухани байлығын сіңірту, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Cабақтың барысы:

 

I.Сәлемдесу

Әр топ өздерін таныстырып кетеді.  9 «а», «в», «г» сыныптары қатысады. .

 

ІІ Бәйге!

Бұл бөлімде оқушыларға салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады Сұраққа ұтымды, дәлелді жауап беру.

 

Мұғалім:

Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

 

1.Сүйінші  дегеніміз не?

Жауап:Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

 

 2.Көрімдік дененімізне?

 Жауап:  Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.

 

3.Базарлық  дегеніміз не?

Жауап:Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

 

4.Шашудегеніміз не?

 Жауап: Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

кіндік кесу

5. Кіндік шеше  дегеніміз кім?

Жауап:Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен кейін нәрестені жерден көтеріп алатын әйел немесе ауылдың тәжірибелі әйелдерінің бірі ырымын жасап, нәрестенің кіндігін кескен әйелді «кіндік шеше» деп атайды. Ол қазақ салты бойынша екінші анасы есептеліп құрметтеледы. Кіндік шешеге көйлек-көншегін сыйлап, жолдық береді.

 

6.Бесік той дегеніміз не?
 Жауап: Жаңа туылған баланы бесікке бөлеу жорасы «бесік той» деп аталады. Үй иесі бір малын сойып ауыл әйелдерін және баланың кіндік шешесін шақырады, келген әйелдер балаға арнап шашу, жейде, тана-моншақ, үкі, тағы басқаларды әкеледі.

 

7.Айдар тағу дегенді қалай түсінесің?
Жауап:Қазақта ұл баланы зарығып жүріп көрген ата-ана ұлына кішкене күнінде төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Мұны ертеде қазақта көп қолданған. Тарихи деректерге қарағанда, кенесәрі мен оның немересі атақты наурызбай батырда айдар болған екен.
бала он неше жасқа келіп айдарынан намыстанған кезде оның айдарын алып тастау барысында бірер мал сойып тойлайтын әдет болған.

 

8.Тана тағар дегенді қалай түсінесің?
Жауап:қыз балаға тұлым өріп, құлағын тесіп, тана тағу ырымы ертеден жалғасып келе жатқан салт. Тана тағарда туыс-туған, көрші-қолаңдарының әйелдерін шақырып шағын тамаша өткізіп береді, мұны қазақта «тана тағар» деп атаған.

9.Кекіл  дегеніміз не?

Жауап: (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

 

  1. Беташар дегеніміз не?

Жауап:Беташар(дәстүр). «Уә   әлеумет! Енді беташар тыңдайық!». Жаңа түскен келінді «беташар» дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі «беташар» жасалады. Оған тойға жиналған туыс туғандар тегіс қатынасады. Жас келіннің екі жағында екі көргенді келіндері тұрады. Мұнда «Беташар» жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар «көрімдік» береді. Бет ашатын жігіт ән жырды желдірте, көңілді көтере жыр төгуі керек.

 

                                                ІІІ.Ойлан да,тап!

 (екі топқада ортақ сұрақ)

Бұл бөлімде оқушылар сұрақтарға ойланып ойша жауап берулері керек:

 

1.Үйде әжелеріміз қыз балаға тәрбие бергендешашыңды жайма жаман ырым деп, шашын өріп, түйіп жүруді айтып отырған. Бірақ өкінішке орай қазіргі кезде шаштарын жайып жүретін нәзік жанды қыздарымыз бен апа ,аналарымыз көбейіп кетті.

 

Сұрақ: Әжелеріміз неге шашты жайған жаман ырым деп санайды, оның мәнісі неде?

 

  1. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көк шөптен есіп жасайды, малдың тоқ ішегінен де өреді,ала жіптен де жасайды.

 

Сұрақ: Осы жіптерді дайындаудың себебі неде?

 

3.Қазақ халқы жетімін тентіретпеген, жесірін жылатпаған халық.Баяғы заманда күюі қайтыс болғанда, оның әйелін салт -дәстүрымыз бойынша інісіне қосқан яғни әйел ретінде алған?

 

 Сұрақ: Осы салтты қазақта қандай салт деп атайды?

 

ІV.Қонақ күту.

Мұғалім:                         Қонақ келсе үйіне,

                                          Жалғыз қойын соятын.

                                          Барын алға қойатын,

                                          Біздің халық  ер халық ,- дегендей

       қонақасы бергенде ,  оқушылар қой етінен  мүшелеп  табақ тарту  туралы айтып береді. (сұрақ-жауап)

Еттен табақ тарту реті:

  1. Бас табаққа қойдың қандай мүшелері салынады?
  2. Сый табаққа қандай мүшелер салынады?
  3. Орта табаққа қандай мүшелер салынады?
  4. Аяқ табаққа қандай мүшелер салынады?
  5. Қыздар табағына қандай мүшелер салынады?
  6. Құллық дегеніміз не?

 

Жауаптар:

Бас табақ. Бас,жамбас, омыртқа, қазы-қарта, жал-жая, сияқты кәделі мүшелер салынады. Басты қонақтың жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір беделді кісі ұстайды.

Сый табақ. Сый табақ негізінен құдалық рәсім кезінде таратылады. Бас, жамбас, басқа да кәделі  мүшелер қонақтың жасына қарай салынады,

Орта табақ. Асық жілік, ортан жілік, кейде жамбас та түседі.

Аяқ табақ. Кәрі жілік, жауырын, құм жілік

Қыздар табағы. Жүрек, бүйрік  салынады.

 

Оқушыларды мараппаттау!