Сөз мерген сайысы

218

Сөз мерген сайысы

Жүргізуші: Құрметті жиналған студенттер, оқытушылар бүгін колледжімізде  жоспарланған класстан тыс іс-шаралар айлығында өткелі тұрған тіл білгірі сайысысына Қош келдіңіздер!

Армысыздар,алқалы жұрт көз көрген,

Құралсыншы ойларыңыз інжу-маржан сөздерден.

Тіліміздің тереңдігін,байлығын да көрсетер

Алдыңызда тіл сайысы –«СӨЗ МЕРГЕН»!

Бүгінгі –«СӨЗ МЕРГЕН»сайысына 3топ қатысады.

Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де,жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де,жылағанды жұбатып,күлгенді жылатанды да-осы тіл. Ең ащы да-тіл,ең тәтті де –тіл.Қазақ тілі-дүние жүзіндегі бай,бейнелі тілдердің бірі. Соның ішінде мақал-мәтел үлкен орын алғандықтан бүгінгі ойын көбіне сол төңірекке арналған.

Беташарын додамыздың бастайық,

Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.

Ортамызды сайыскермен толтырып,

Қошеметпен шақырайық қол соғып.

№101топ студенттері:1. Юлмуханбетов Азат, Оразғали Еркін,Таукелов Қанат.

№102 топ студенттері: Ермағанбетов Ақжол, Жолдасқалиев Мерболат, Куйсенов Мади.

№103 -№104топтарынан құралған каманда: Нанбай Мөлдір, Хасенова Гүлнара, Нурғабылова Гүлжанат

 

Ал енді осы топтың қайсысы оза шабатынын,қайсысы  ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ-қазыларымызбен танысайық.

  1. Тарих пәнінің оқытушысы Биржанов Марал Қансұлтанұлы
  2. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Апетов Қатан Петржанұлы.
  3. Колледж әдіскері НесіпбаеваРоза Мәлікқызы.

I кезең  «Сәлем-сөздің атасы»

Үш топ өздерінің аттарын, ұрандарын, төсбелгілерін таныстырып өтуі керек.

Сөз кезегін  қатысушыларымызға береміз.

-Көп Рахмет!

II кезең «Мықты болсаң тауып көр».

Бұл кезеңде мықтылықтырынды көрсетесіңдер

1

Тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашасыңдар..

1)Құлын,ат,тай,жылқы.(таңба басқандай)       алыс

2)Жылқы,қой,түйе,сиыр.(аузынан шөп алмас)   момын

3.Сүйек, қаңқа, ит,ет.(терісін басына қаптау)    ұрысу

4.Ит,төбет, күшік, қасқыр ( өлген жер)  алыс

5.Жақ, құлақ,тіл, айыз (алғыш)  қарамақарсы сөз тіл азар

6.Колқа, көмекей, өңіш, тамақ (созды)   өңешін созды   ұрысу

7.Аймақ, жер, таяқ, күн (тепсінді)      қатты ұрысты

  1. Тас, су, жер, ет (бауыр) мейірімсіз
  2. Ұлдың, қыздың,ананың, әкенің (жиған жүгіндей) әсем, көрікті
  3. Көз,сөз, қол, аяқ (ілмеді) ұйықтамады.

Жүргізуші:                                     Додаға түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?!

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие білім табар ма?!

Бұл бәйге-ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға-сол алда!

III кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр»

Жасырылып тұрған сөзді тауып,сол табылған сөзді  орысшаға аударып айту.

Бірлігі жарасқан  * * бұзылмас.              (ел- страна)

Татулық табылмас * * * * *.                  Бақыт-счастье)

* * *  -ұлы қару.            (сөз-слова)

Адамды  * * * * үйретеді.           (өмір-жизнь)

Еңбек-таптырмас * * * * *.       (байлық-богатство)

Тәрбие басы-* * *.                  (тіл-язык)  

IV-сайыс. «Ойлы болсаң, тауып көр»

бұл кезеңде берілген сөздерден мақал құрамыз.

1.жатқан,қария,дария,ақылды,ағып.

(______________________________________________________)   

  1. 2. асқар,ағып,тау,бала,жатқан,әке,бұлақ.

(______________________________________________________)

2

3.тамған ,тамар,у,бал.тілден.,

(______________________________________________________)

  4.үйдің ,жылы туған,түтіні.

(______________________________________________________)

5.шықпас шаңы,үні,жаяудың, жалғыздың.

(______________________________________________________)

6.қорқытады,терең,көп,батырады.

(______________________________________________________)

  V-сайыс. «Кім жылдам?»

Қолдарыңызға берілген сөздердің синонимін табамыз.

Ертеде————-баяғыда

Үлкен—————дәу

Ажар—————келбет

Тамақ————дәм

Таңертең——азанда

Кішкентай—-биттей

  Берілген сөздердің мағынасын ашу:

Төбесі көкке жету——қуану

Қырық пышақ болу—-араздасу

Ит өлген жер———алыс

Тіс жармады———үндемеді

Қыздың жиған жүгіндей——әдемі

Жерден жеті қоян тапқандай—-мәз-мәйрам болуы

VI кзең  «Озық болсаң озып көр».

Топтарға сұрақ қойылады, әр дұрыс жауап 10 ұпайдан есептеледі.

1 топқа: 

1.ҚР қашан тәуелсідік алды?       (1991 ж. 16 желтоқсанда)

  1. Қазақстан тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
  2. Шоқанның әжесі? (Айғаным)
  3. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш)

3

  1. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
  2. Үстеудің неше түрі бар? (7).

2-топқа:

  1. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).
  2. Күй атасы кім (Құрманғазы).
  3. Орфография қай елдің сөзі? (грек)
  4. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).

5.Қазақ тілі алғаш мемлекеттік  мәртебесін қай жылы алды?  (1989)

  1. Абайдың туған жылы? (1845)

3- топқа:

  1. Қазақ даласының жарық жұлдызы (Шоқан)
  2. Ақылды сөзінің түбірі? ( ақыл)
  3. Қазақ алфавитін жасаған ғалым? (а.Байтұрсынов)
  4. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде)
  5. Тұңғыш кемеңгер? ( Ыбырай)

6.Алғашқы романист жазушы? (М. Дулатов «Бақытсыз Жамал».

VII кезең «Тапқырлық»  деп аталады.

Бұл кезеңде ойыншылар берілген сөздерден мақал  табуы қажет.дұрыс жауапқа 5 ұпайдан

  1. Халық—————

     Жұрт———————Бесік                    Ел іші -алтын бесік

Туған жер————-

            Ел———————-

  1. Атамекен

Отан—————-Бұлбұл                       Отансыз адам-ормансыз бұлбұл

Жер

Су

  1. Алып

Қорқақ——————-Ана               Алып анадан туады

Палуан

Батыр

4

5.Ағаш

Орман—-күймес      Көсеу ұзын болса, қолың күймес

Көсеу

Қалақ

5.Ауыз

Таңдай———Құлақ    Аузың біреу, қүлақ екеу

Ерін

Мұрын

  1. Ана

Әке ——————ал                 Анасын көріп, қызын ал. Аяғын көріп,асын іш

Бала

Немере

  1. Жаңбыр

Өзен—————————ел    Жаңбырмен жер көгерер, Батамен ел көгерер

Көл

Орман

  1. Ұл

Ана————Жұрт                      Қыз-жат жұрттық.

Қыз

Бала

 

  Ана тілім,өзгелерден бөлексің,

Бала жүрек саған арнап жыр төксін.

Қай асылға теңесем де жарасар,

Ана тілім баға жетпес өнерсің   дегендей,келесі сайыс-

VIII кезең   «Тіл өнері»    берілген сұраққа мақал-мәтелмен  жауап беру. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1.Жылан інінен қалай шығады?

Жылы-жылы сөйлесең жыланда інінен шығады.

2.Қар жана ма?

Қалауын тапса қар жанады

5

3.Инемен құдық қазуға бола ма?

Оқу инемен құдық қазғандай.

4.Ең тәтті не?

Ананың сүті тәтті,баланың тілі тәтті

5.Не қорқақ,не батыр?

Көз қорқақ,қол батыр.

6.Кімнен кім жаман?

Олақтан салақ жаман.

7.Тауық түс көре ме?

Тауықтың түсіне тары кіреді.

8.Оттан да ыстық не?

Отан оттан да ыстық.

9.Шошқа үре ме?

Ит жоқта шошқа үреді.

10.Ер қаруы нешеу?

Ер қаруы бес қару.

11.Отқа түсіп күймеуге бола ма?

Отан үшін отқа түс күймейсің.

12.Жігітті шал деген жөн бе?

Жаман жігіт жасында шал болар.

13.Үлкен сөз, үлке көз бола ма?

Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен.

 

IX  кезең  «Ой толғау» Соңғы кезең. Берілген тақырыптарға мақал тауып жазу.(қойшы,бірлік,жер,ит,еріншек,білім,тіл,отан, гүл,өтірік,той,әке).

Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап,жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Міне,осымен тіл мерекесіне арналған «Сөз мерген»сайысыда өз мәресіне жетті.Ата-бабаларымыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын мына жаһандау заманында жоғалтпай,құндылығын арттыра берейік!

6