СӨЗ – МЕРГЕН

59

 

Тақырыбы: СӨЗ – МЕРГЕН

Мақсаты: Балалардың ойын дамытып, ана тіліндегі сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын және тіл байлығын молайту, ана тілінің қадір-қасиетін бағалау, оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын, білім-білік дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер

Барысы:

І кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»

Бұл кезеңде 9 тапсырма орындалады.

Бірінші бағанда көрсетілген төрт мағыналы сөздердің екінші бағандағы жалғас сөзге қатысын тауып, тұрақты сөз тіркесін құрап мағынасын түсіндіру

Саусақ қарыс

 

 

 

қарыс

Құлаш
Ауыз
Азу
Құлақ  

алақандай

Саусақ
Көз
Қол

 

Ақ  

 

жіп

Қара
Ала
Қызыл
Қой  

шөп алмас

Сиыр
Түйе
Жылқы

 

 

 

Ант  

қуырдақ

Серт
Уәде
Сөз
Жүрек  

 

түк

Бас
Кеуде
Аяқ

 

Тымақ  

ұшу

Тақия
Қалпақ
Малақай
Қант  

 

жалау

Мұз
Қан
Тұз

 

 

 

Мал  

тері

Құс
Аң
Ит

 

 

1.Азуы алты қарыс  — қаһарлы

2.Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау

3.Жүрегінің түгі бар – батыр

4.Ит терісін басына қаптау – ұрысу, балағаттау

5.Көзі алақандай болу – қорқу

6.Қой аузынан шөп алмас – момын

7.Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру – алдау

8.Қан жалау – таяқ жеу

9.Қалпақтай ұшу – құлап түсу

Ұпайы ең төмен қатысушы сыйлықпен марапатталып, ойынмен қоштасады және өзі қалаған бір сөзді айтады. Сол сөзге көрермендер тұрақты тіркес ойлап айтады. Ұйымдастырушы тарапынан берілетін сыйлықты көрермендердің арасынан белсендісіне ұсыну құқығына ие болады.

ІІ кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр»

Бұл кезеңде 7 тапсырма орындалады.

Кестеде мағыналы төрт сөз берілген, жалғас сөз арқылы мақал-мәтел құрастыру

 

Ат  

тақым

 
 

Нар
Бие
Түйе
Үш  

білім

Бес
Жеті
Тоғыз

 

Тал  

 

екі

Терек
Емен
Қайың
Өкпе  

теңіз

Жүрек
Бүйрек
Бауыр

 

 

 

Ата  

Алла

Әже
Әке
Ана
Әке  

 

тон

Шеше
Ата
Апа

 

Алтын  

бай

Астық
Алтын
Жер

 

 

 

 

  1. Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысады

2.Еменнің иілгені —  сынғаны,

Жігіттің екі сөйлегені – өлгені.

  1. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

4.Жері байдың – елі бай.

5.Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

6.Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең.

7.Анасын танымаған, Алласын танымас

Ұпайы ең төмен қатысушы сыйлықпен марапатталып ойынмен қоштасады және өзі қалаған бір сөзді айтады. сол сөзге көрермендер мақал-мәтел ойлап айтады. Ұйымдастырушы тарапынан берілетін сыйлықты көрермендердің арасынан белсендісіне ұсыну құқығына ие болады.

ІІІ. «Ойлы болсаң, озып көр»

Бұл кезеңде 3 тапсырма орындалады.

Кестеде мағыналы төрт сөз берілген, жалғас сөз арқылы көнерген сөздің мағынасын ашу

 

Ыдыс  

 

қағұт

Тағам
Ат әбзелі
Қару
Тамақ  

жаппа

Киім
Баспана
Ыдыс

 

 

 

Мешіт  

 

қылует

Тамақ
Мектеп
Жазу

 

Қағұт –тарыдан істелетін тағам түрі

Қылует – жер асты мешіті деген мағынаны білдіреді

Жаппа — көші-қонда пайдаланатын уақытша баспана.

Қорытынды. Қорытындысын шығарып, жеңімпазға «СӨЗ – МЕРГЕН» дипломы және сыйлықтар табысталады.