Лексика әлеміне саяхат

57

 

Тақырыбы: Лексика әлеміне саяхат

Мақсаты:


лексика бөлімінен алған білімдерін қайталау арқылы жинақтау, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау. Оқушының тілін, ой өрісін және өз пікірін сауатты жеткізе білу қабілетін дамытуға ықпал жасау. Сабақта қолданылатын  дидактикалық материалдар негізінде оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке, достыққа, ой ұшқырлығына тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ұлттық ойын түрлеріне байланысты суреттер, қиықша, карта т.б

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың типі: ойын сабақ

Әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, семантикалық картат.б

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме!

(Әр ұлт өз тілінде сәлемдеседі)

  • Қане, бәріміз орнымыздан тұрайық. БіздеПоэзия минуты»

Амансыңдар ұл – қыздар,

Әзірмізбе сабаққа.

Қазақ тілі сабағы,

Сай келейік талапқа.

 

Шырайлым: Барма үйден дайындық,

Асылбек: Тапсырмаңыз дұрыспа.

Айжан: Оқымасаң уайым қып,

Сұлтан: Тығылмаңыз қуысқа.

 

Ақнұр: Ойымызды айтайық,

Нұрбек: Білімімізді байқайық.

Бәрі:Тексеруші ұстаздар,

Қалсын бір сәт марқайып.

  • Өте жақсы отырыңдар!

ІІ. Үй тапсырмасың тексеру

  • Күнделік – достарынды алып толтырайық.
  • Үйге не берілді?
  • Үй жұмысын ашып қойыңдар. (дәптерді жинап алу)

ІІІ. Қайталау – оқу анасы «Шашу-шашу» әдісі  

  • Құрметті делегаттар кең байтақ қазақ жеріне, қазақ еліне қош келдіңіздер! Келген қадамдарыңыз құтты болсын деп, шашу шашайық.

(Шашу шашылады)

  • Шашу. Бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Әдетте, шашуға кұрт, ірімшік, өрік, кейіннен қант, кәмпит пайдаланылған. Шашуды жаңа түскен келінге, алғаш босаға атаған күйеуге, түсауы кесілген балаға, алғаш атқа мінген балаға,т.б. жақсылықтарға шашады. Шашудыңмәні -жақсылық, молшылық, кұт-береке тілеу.
  • Бізге шапшаңдылық қажет. Шашудан алып ашайық. Сұрақтарға жауап берейік.
  1. Лексика нені зерттейді? (сөз мағынасын)
  2. Диалект сөз дегеніміз не?
  3. Кірме сөз дегеніміз не?
  4. Көнерген сөз дегеніміз не?
  5. Кәсіби сөз дегеніміз не?
  6. Ескі наным бойынша атын тура атамай тыйым салынған сөздер қалай аталады?
  7. Бір – біріне қарама – қарсы сөздер?
  8. Сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуы……………..?
  • Құрметті делегаттар сіздер қазақ жеріне бұдан бұрын талай келіп ұлттық құндылықтарымен, мәдениетімен танысқан болатынсыздар. Ал бүгін мен сіздерді қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстырмақпын.

    «Қыз қуу».

  • Қыз қуу – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.
  • Қыз қуу ойынын ойнауға қалай қарайсыздар. Ендеше тақтаға бір ер бала, бір қыз бала шықсын. Қоржыннан тапсырма алыңыздар, тапсырманы бірінші біткен бала жеңіске жетеді. Ал бастайық, қамшыны басыңыздар.
  • Жеңген ер бала қыздың бетінен сүйеді, қыз женсе жігітке қолқа салады.

Тапсырмалар

1 кеспе

  1. Мәтелдерді теріп жаз.

Есесі қайтпас еңбек жоқ.

Еңбек етсен ерінбей,

Тояды қарнын тіленбей.

Әлін білмеген – әлек.

Жақсы адаға жау жоқ.

  1. Тұрақты тіркестердің мағынасын аш

Бармағын тістеу – …………………..өкіну

Қолды болу – …………………………ұрлану

Су жүрек- ……………..қорқақ

 

2 кеспе

  1. Мақалдарды теріп жаз

Ауыртпалық ақыл қосар.

Бидайдың кеудесін көтергені –дақылы жоқтығы,

Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы.

Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз.

Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысар.

  1. Тұрақты тіркестердің мағынасын аш

Тайға таңба басқандай –……………………….. анық

Қырғи қабақ болу — ……………… ұрысу

Тас бауыр — ……………………..мейірімсіз

  • Келесі ұлттық ойын түрі – Жамбы ату.
  • Алтын қабақ (жамбы ату)– шауып келе жатқан атың үстінен нысананы дәл көздеп , атып түсіру. Бұл ойының нұсқалары басқа халықтарда да кездеседі. Шығу тегі әскери ойынның  пайда болуымен байланысты болған,  оның қажеттігі 18 ғасырға дейін сақталған. Мұндай жарыс өткізілетін мерекелерде биік  бағана, болмаса ұзын сырық қадалып, оның ұшар басына нысана ретінде жамбы (күміс құймасы) ілінетін болған. Оны қылмен немесе жібек жіппен байлаған. Атпен шауып кележатқан кісі садақпен жамбыны атып түсіріп, жеңіске жетуге тырысқан. Нысананы дәлдеудің басқада  түрлері кездескен. Мысалы, жерде тұрып, немесе ат үстінде отырып, мылтықпен атуда қолданылған. Жамбы ату жігіттерді шабандоздыққа,  мергендікке үйрету де елеулі роль атқарған.
  • Бұл ойынды ойнауға қарсы емес деп ойлаймын. Бізге бұл ойында семантикалық карта көмекке келеді.

 

Мысалдар Тура мағына Омоним Синоним диалект Көп мағыналы Ауыспалы мағына Табу Дисфемизм Эвфемизм
Күннің көзі +
Сым +
Әдемі, көрікті, сұлу +
Ара +
Ерке бала +
Жейде +
Боқмұрын +
Сөзуар +

Тағы бір ойын түрі – теңге алу

Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.

  • Бұл ойынды ойнауға қарсы емес деп ойлаймын. Мен сіздердің алдарынызға сөздер жазылған кеспе беремін. Яғни сөзді алып тиісті орынға апарып жапсырасыздар. Тақырып бөлініп беріледі. Кім жылдам, кім епті, кім білімді, кім мерген байқайық. Қане!
  1. (Хан патша уәзір садақ жебе адырна патсайы биқасап сәукеле кебеже

ұрын бару  жәшік кереует бөтелке нөкер ұлыс аймақ мектеп  тарих әдебиет білім емтихан  квадрат глобус  антоним елтаңба нарық атауыз  тышуыр  пышқы    терімші  қоза  әңгелек) кім бірінші бітеді сол теңгені алады.

Дәптермен жұмыс.

  1. Бір сөзге сөйлем, мәтін құрау.
  2. Қорытынды

Құрметті делегеттар міне біз бүгін ұлттық ойынның түрлерімен таныстық. Біраз шаршаған боларсыздар. Қазақ халқы қонақжай халық. Сіздерге осындай біздің мәдениетімізге, қызығушылық танытып, келіп жатқандарыңызға алғыс ретінде табақ тартамыз.

«Бала табақ»

Баласын бақытына балайтын қазекем олардың рухани өсіп жетілуіне ерекше мән береді, сонымен бірге азықпен қоректендіруге де аса мән беріп, бала жолы бал, үлкен жол деп үйге келген балаларға «бала табақ» тартып, ас-дәм сыйлап отырған.

Бала табаққа асық жілік, жауырын, ортан жілік, арқа, белдеме, тіл жақ, қабырға салады. «Баланы қуыс үйден құр шығарма» деп, оларға киім-кешек, тәтті тағам сияқты әр алуан балаларға тән тарту ұсынады. Баланың меселін қайтарма, қалағанын бер, «сәбидің көңілі қайтса, кедей боп қаламыз», «бала бақытынан асқан бақыт жоқ» деп ырымдайды. Осыдан -ақ баладан дана тәрбиелеген халқымыздың дәстүр-тағылымы көрініп жатпай ма?!

Баланы баласыну, бәлсіну, яки көзге ілмей, яғни азаматтық жолға да, арға да үйлеспейді, тәрбиеге де дұрыс келмейді. Баланы бала демей, дана деу, оған дұрыс мәміле жасаудың өзі үлкен кісілік парыз. Парыз ғана емес, мойынды қиып түсер парыз. Оны әрбір есті адам есінде берік сақтауы қажет. «Алыстан алты жастағы бала келсе, ауылдың алпыс жастағы ақсақалы сәлем береді» деп, бұрынғы өткен көнекөз қарттар амандаса барған ғой. Баланы бала демей, даналарша сыйласқан ғой. Әуелі екі қария таныса қалса, ел амандығынан соң, «қанша балаң бар?» деп сұрап, «бақытты екенсің» деп жатады. Қанша ақшаң, қанша малың бар деп сұраған емес. Өркениетті ел өренімін деп мақтанады.

Рефлексия – ас үстінде әңгімеле отырайық.

асық жілік – Болашақта қандай бала болуды қолға аласың?

Жауырын – Бүгінгі сабақ барысында не білдің?

Ортан жілік – Бүгінгі сабақ барысында неден қорықтың?

Арқа — Бүгінгі сабақ барысында қуанған сәтін?

Тіл жақ – Біздің қандай бала болуымыз керек?

  1. Үйге тапсырма

Үйге: 5 сұрақтан тұратын тест құрастыру.

VII. Бағалау

  • Өзін – өзі бағалау дәптерін алып баға қоямыз.
  • Сабақ аяқталды,
  • Сау болыңдар!