Матасу

 

Сабақтың тақырыбы:             Матасу

         Сабақтың мақсаты: 1) матасу туралы түсінік беру,жазылу жолдарын ұғындыру,сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;

3) оқушыларды патриоттыққа, жігерлікке, жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

         Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

         Сабақтың әдісі: түсіндіру, топтық оқыту, интерактивті оқыту, сұрақ – жауап,

         Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақтадағы сызбалар,кітап,үлестірмелі тапсырмалар.

         Сабақтың барысы:              І.  Ұйымдастыру бөлімі (амандасу,түгендеу).

Сыныпты екі топқа бөлемін

Бүгінгі сабағымыздың айдарымен танысайық. ( Абайдың отыз бірінші қарасөзінен)
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрат алу керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселдерінен қашық болу керек. Барлығымыз ойымызды жинақтап , сабағымызды бастайық (1слайд)
                                                   ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау:

1) Сөздердің байланысу түрлерін ата

2) Қиысу дегеніміз не? Мысал келтір

3) 244-245жаттығу.

                                      ІІІ.Жаңа сабақ. Интерактивті тақтадағы сызбалармен түсіндіру,толықтыру. (2 слайд)

 

 

Матаса байланысқан есімді  сөз тіркестеріМатаса байланысқан (заттанған)                                                                                                                             етістікті  сөз тіркестері
Бағыныңқы сыңарыБасыңқы              сыңарыБағыныңқы сыңарыБасыңқы              сыңары
Ілік септік жалғаулы сөзТәуелдік жалғауын қабылдаған зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеуден боладыІлік септік жалғаулы сөзЕсімше, тұйық етістік тұлғасындағы етістіктен болады
Таудың басы, менің ойымКөптің айтқаны, жолаушының оралуы

 

         Матасудың негізгі белгілері:

  • Матаса байланысатын сөздер — ілік септікті сөздер мен тәуелдік жалғаулы сөздер
  • Матаса байланысатын сөздер көбіне есімді тіркес болады, себебі басыңқы сыңары тәуелдік жалғаулы сөз болады, яғни не зат есім, не заттанған басқа сөз табы болады.
  • Матаса байланысатын сөздердің кейде бірінші, кейде екінші компоненттерінің жалғауы түсіп те айтыла, жазыла береді.
  • Матаса байланысқан сөздердің компоненті көбіне екеу, кейде одан да көп болып келеді. (4 слайд)

         Тәжірибе бағыты. Бұл бағытта жаңа сабақтан алған білімдерін іс жүзіне асыра білуі керек.

а) Кітаппен жұмыс.Тақтаға жаздыру.

247-жаттығу. Шарты: Сөйлемдерден матаса байланысқан сөз тіркесін тауып, әр сыңарына талдау жасаңдар

ә) Интерактивті тақтамен жұмыс  (5слайд)

Сыңарларын тауып жаз. Байланысты көрсет. Оқушылар тақтаға жазады.

а) Адамның …

ә) Кітаптың …

б) Ағаштың …

в) Егіздің …

Семантикалық карта

МысалдарҚиысуМатасу
Бие сүті +
Айнара әндетті+ 
Кітаптың беті +
Мен жүгірдім+ 

Сергіту жаттығуы. «Кім тапса, сол айтып берсін». (6 слайд)

Мына жұмбақтан матаса байланысқан сөз тіркесін және жауабын табыңдар.

1.Әуеден күбі түсті,Күбінің түбі түсті. (Күннің күркіреуі)

2.Құдықтың ішінен,

   Құдық көрдім.

   Бірінде- су қайнайды,

  Бірінде — от жайнайды.   (Самауыр)

  1. Жасыл тонының бояуы,

   Жыл он екі ай оңбайды,

   Діңі, бүршікті сояуы,

  Қысқы аязға тоңбайды.  (Шырша)

  1. Гүлдің нәрін жинайды,

  Адамға бал сыйлайды.

 Ұнатады бірлікті,

 Қоғамдасқан тірлікті.   (Ара)

                   Ізденіс бағыты  (Әр оқушы  матаса байланысқан сөз тіркесі бар мақал — мәтел айтуы керек.)

  1. Ер — ырыстың кілті
  2. Жері байдың елі бай
  3. Егемен елдің еңсесі биік
  4. Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада

  1. Туған жердің түтіні де тәтті
  2. Тәуекелдің түтіні суға батпас
  3. Рахаттың түбі — кеңіс,

Еңбектің түбі — жеңіс.

  1. Жердің сәні — егін,

Ердің сәні — білім.

  1. Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.
  2. Мыңның жүзін білгенше,

Бірдің атын біл.

  1. Ата — баланың қорғаны.

              1.Үлестірмелі қағаз (3 — 4 оқушы)

Берілген мысалдардың сыңарын тауып, матаса байланыстырып, сөз тіркесін жаса

а)Үй ………                                       үйі

Ақжарқын ……..                           есігі

Менің …………                               дәптерім

        

ә)  Оқушы …………                    терісі

Түйенің ……….                     кітабы

Ағасы ………..                      сағаты

 

 

 

  1. Сәйкестендір

а) Мектепке бару                              қиысу

Аттың жүйрігі                                 меңгеру

Ол оқыды                                         матасу

 

ә)Үйге келді                                     қиысу

Күннің жылуы                              меңгеру

Біз келдік                                      матасу

 

  1. 248 — жаттығу. Шарты: Берілген сөздерді қатыстырып матаса байланысқан сөз тіркесін жазып , сөйлем құра.

         Теория бағыты. Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы алған білімдерін бекіту.            (7 слайд)

1.Матасу дегеніміз не?

2.Есімді тіркес дегеніміз не? Мысал келтір

3.Ілік септігінің сұрағы мен жалғауын кім айтады? Мысал келтір.Зат есім дегеніміз не?

4.Матаса байланысқан сөз тіркестеріне кім мысал келтіреді?

5.Венн диаграммасы                 (8 слайд)

                   Үй тапсырмасы:

1.Матасу

  1. 249 — 250 — жаттығу