Жалаң және жайылма сөйлемдер

50

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер

Білімділік мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы

түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра

білуге үйрету,сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне

дұрыс талдай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты: Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту,

оқушылардың ой-өрісін,тіл байлығын кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты:      Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты,таза

жазуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақты өздігінен меңгерту

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар

 

Жүрісі:

І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

ІҮ Жаңа сабақты бекіту

Ү  Қорытынды

ҮІ Үйге тапсырма беру

ҮІІ Бағалау

І Ұйымдастыру кезеңі. 1) Оқушылармен амандасу

2) Сынып оқушыларын түгелдеу

3) Оқушылардың сабаққа назарын аудару

4) Сабақ бастауға жағдай жасау

ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:

  • Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
  • Жай сөйлем дегеніміз не?
  • Жай сөйлемнің түрлері қандай?
  • Жақты және жақсыз сөйлем дегеніміз не?
  • Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары қандай?

                                    ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Тақтаға сөйлемдер жазып,сөйлем мүшелеріне талдату арқылы түсіндіремін.

Жаңбыр жауып тұр.Күн күркіреді.

  • Қандай ерекшелік байқадыңдар?
  • Екі сөйлемде тұрлаусыз мүше жоқ.

Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне келтірту. Қорытындыны оқушылар айтып, жалаң сөйлемнің ережесін шығарады.

Оқушылар мынадай ережелер шығарады:

  • Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.
  • Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.

Оқушылар шығарған ережені оқулықтағы ережемен салыстыруы керек.

 

Жалаң сөйлем

 

 

 

 

Бастауыш                                                                   Баяндауыш

Тұрлаулы мүше

 

Берілген сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосуға болады.

Жаңбыр жауып тұр. Жаңбыр себелеп жауып тұр. 

Күн күркіреді.  Күн қатты күркіреді.

   Екі сөйлемнің айырмашылығын ажыратады.

Оқушылар сөйлемді талдап, жайылма сөйлемнің ережесін айтады.

  • Тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
  • Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

Мысалдардан көріп отырғандарыңдай, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге        айналдыруға болады екен. Жалаң сөйлемдерсіз жайылма сөйлем болмайтындығын көрдік.

Шығарылған ережені оқулықтағы ережемен салыстырып, оқушылардың ойларының дұрыстығына көздерін жеткіземін.

 

Жайылма сөйлем

 

 

Бастауыш                                                        Баяндауыш

 

Анықтауыш            Пысықтауыш                     Толықтауыш

 

Мысалдарды оқушыларға талдатып, ерекшелігін түсіндіру.

Берілген мысалдарды сөйлем мүшелеріне талдатып, жай және жалаң сөйлемдердің ерекшеліктерін тапқызу.

. Жақсы сөз жалын мен оттан жаралады. Қызықты кітапты оқи бергің келеді.

Мысалдардан жалаң және жайылма сөйлемдер құрылысына қарай жақты, жақсыз болатындығына көз жеткізеді.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

  1. Оқулықпен жұмыс.  77-жаттығуды ауызша орындау.

79-жаттығуды жазбаша тақтаға орындау.

  1. «Ойлан,тап?»
  1. Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге , жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

Абай отыр. Хамит күндегісінен ерте тұрды.

  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемнің түрін ажырат.

               Өнер алды-қызыл….(тіл)

               Білімді-… жығар ( мыңды)

  1.  «Талдау-табыс кілті»

1  «Жаңбыр» сөзіне математикалық-фонетикалық мінездеме беру

2.«Кітапты» сөзін сатылай кешенді талдау.

3.«Қызықты» сөзіне лексика-грамматикалық сатылай талдау жасау

                                                            «Кім жылдам?»

Мәтіндегі сөйлемдер қай шығармадан, авторы кім?

Жалаң және жайылма сөйлемдерді анықта.

  1. Қозы алып қашылды. Қой жараланды. Бұзаулар өлтірілді.Бірнеше құлындар

желінді.Тұтқын болған кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды

  1. Күзде оқу басталды. Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол

зеректігімен көзге түсті. Мұғалім келмеді. Оқуымыз келе жылға тоқтаған еді.

                                     Семантикалық кесте

 

  р\с             Жай сөйлем түрлері Жақты сөйлем Жақсыз сөйлем Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
1  Үлкендерге құрмет көрсету керек    +    +
2  Қар жауды         +     +
3 Өзеннен балық аулаймыз         +     +
4 Біз мақтан тұтамыз         +    +
5 Жеті жұрттың тілін біл         +    +
6 Ұрлық түбі-қорлық         +     +
7 Оқыған озады         +     +
8 Менің    бұл сөзге қосылғым келмеді    +     +
 9 Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген         +     +
10 Маған сабақтан қалуға болмайды    +     +

 

  1. Шығармашылық жұмыс

Жалаң және жайылма сөйлемдерді қатыстырып, «Қыс келбеті» тақырыбына шағын шығарма жаз.

 

Ү.Үйге тапсырма беру кезеңі.

1.78-жаттығу, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру

  1. Көркем әдебиеттен жалаң және жайылма сөйлемге сөйлемдер тауып

жазып келу