Т.Әбдіков «Қонақтар»

 

Сабақтың тақырыбы: Т.Әбдіков «Қонақтар»

Сабақтың мақсаты: Прозалық шығарманы талдау, шығарманың тақырыбын, идеялық мазмұнын ашу, шығарма мазмұнын көркем тілмен баяндауға дағдыландыру.

Дамытушылық: өз пікірін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру, шығарманы өмірмен байланыстыра отырып дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Халқымыздың озық салт-дәстүрін ардақтау, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, ата-ана алдындағы перзенттік парызын сезіндіру.

Түрі: Бекіту сабағы.

Көрнекілігі: Төлен Әбдіков портреті, Венн диаграммасы, топтастыру әдісі, компьютерден слайд көрсету.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу.

Ф.Оңғарсынованың «Бала» өлеңінен:

Бала сүйсең, жаныңда таң атады,

Сәбисіздің жазылмас жара табы.

Жақсы бала дос-жарды сүйсіндіріп,

Жаман бала жауына талатады.

Бала өсірсең, өміріңнің сол тірегі,

Байқалмайды балаңның олқы жері.

Жақсы бала жоқтатпай жоқтығыңды,

Жаман бала тірілей өлтіреді.Осы өлең жолымен сабағымыз ашылады. Парақша арқылы топтарын табу. (парақшада ата-ана туралы мақал-мәтел жазылған, жалғасын табу арқылы топты құру, мақал мағынасын бір оқушы түсіндіру).

  • Ұлдың ұяты-әкеге.

Қыздың ұяты-шешеге.

  • Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

  • Отбасы толған жансың,

Бір-біріңе мейман жансың.

4). Ағасы бардың-жағасы бар,

Інісі бардың-тынысы бар.

5).Үлкенді сыйласаң-қадірлі боларсың,

Кішіні сыйласаң-құрметті боларсың.

6). Туған үйдің түтіні жылы.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасын конверт сұрақтар әдісі бойынша тексеру. (Әр топ алдына конверт сұрақтар салынып қойылады).

І топ: Конвертте:

1).Т.Әбдіковтыңөмірінен не білесің?

2). Жазушының атқарған қызметі?

3). Т.Әбдіковтың қандай шығармаларын білесің?

4). Баланың ата-ана, туған жер алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесің?

ІІ топ:Конвертте:

1). Шығармадағы кейіпкерлерді ата.

2). Ерекеңнің арманы не?

3). Ұлына Ерекеңнің көңілі не себептен толмады?

4). Шығарма неліктен «Қонақтар» деп аталған?

(Әр топтан топ басшысы сайланып оқушылардың сабаққа қатысын бағалап отырады. 3 балдық жүйемен бағалайды)

ІІІ. Топпен жұмыс:

І топ. Зерделеу. «Ти» стратегиясы (іш-жағымды, сырт-жағымсыз) арқылы шығармашылық идеясын табу.

ІІ топ. ТВ шоу әдісі. )оқушылар өздері таңдаған «Сыр-сұхбат» бағдарламасы негізінде тапсырманы орындады)

(Бір бағдарлама негізінде ата-ана туралы мәлімет беру)

(Бір топ бағдаршам әдісі арқылы: жасыл-өте жақсы, сары-жақсы, қызыл-қанағаттанарлық, екінші топ қол белгілері арқылы: бармақ-өте жақсы, шапалақ-жақсы,бармақ төмен қарай-қанағаттанарлық деп бағалайды).

Дәптермен жұмыс:

І топ: Ата-ана туралы мақал-мәтелдер жазу.

ІІ топ:Ерекеңе, Сапабекке, олардың ой-толғаныстарына, сөздеріне сүйене отырып, мінездеме бер. Тапсырма дайын болған соң оқылады.

 

Сапабек

 

Ерғабыл

ІҮ. Шығармашылық тапсырма: «Теңіздейін тебіреніп, мен де бір сәт толғанам»

Екі топқа бірдей: «Ата-ананың қадірі» тақырыбында эссе жазып, сол жерде оқыту.

Ү. Сабақты қорытындылау: Балалар, қалай ойлайсыңдар, Тома сияқты әдет-ғұрыпқа немқұрайлы қарайтын, білгісі де келмейтін кесірлі келіндер, Жеңіс сияқты қиқар немерелер, Сапабек сықылды туған ата-анасына көңіл бөлуге мұршасы келмейтін, курорттан қолы тимейтін, ата-ана алдындағы парызын ұмытқан перзенттер бар ма бүгінде?… Ендеше, балалар, бұл шығарма өміршең шығарма екен.

«Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» демекші, дүниедегі ең жақын адамдар, бізге өмір сыйлаған аяулы ата-аналарымыздың қабағына кірбің түсірмей аялауымыз керек. Осы орайда қазақ халқының «Атадан жақсы ұл туса, жалғыз да болса онмен тең», «Ата-анаңды сыйласаң көп жасарсың, сыйламасаң жан қиярсың» деген мақалдары еріксіз еске түседі.

Сондықтан қамшының сабындай аз ғана ғұмырымызда бір-бірімізге кешірімді болып, әсіресе ата-ана алдындағы перзенттік парызымызды ұмытпайық, балалар!

ҮІ.Оқушыларды бағалау:

Әр топтағы топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды.

ҮІІ. Үйге тапсырма: «Егер мен Сапабек болсам…» эссе жазып келу.

Сабақтың соңы.