Жануарлар әлемінде.

44

Сарсенбаева Динара Жанатқызы

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы

 № 2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

оқытушысы

Пәні: қазақ тілі  сыныбы: 5 а,б,в.

Сабақтың мақсаты: Жануарлар әлемінде.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Лексикалық тақырып Жануарлар әлеміндегі жануарлар туралы түсінік беру. Олардың пайдасы мен қызметі туралы түсіндіріп өту.

Грамматикалық тақырып: Есімдік түрлері. Иелік форма.

2.Дамытушылық: Көзбен көру арқылы оқушылардың тіл байлықтары мен лексикалық қорларын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Төрт-түлікті аялауға, әрқашан жануарларға қамқор болуға, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақ түрі:жаңа

Сабақтың көрнекілігі: Жануарлар суреті мен мақал-мәтелдер

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу. түсіндіру

Көрнекілік: жануарлар суреті мен тапсырмалар

Сабақтың барысы.

I .Амнадасу сынып оқушыларын түгендеу. Назарларын жаңа сабаққа аудару.

I I. Үй тапсырмасы: Тексеріп, бағалау.

Тақтаға жануарлар суреттерін іліп, оқушылар сендер бүгінгі сабақта не байқап отырсыңдар?

Бұлар нелердің суреті? Проблемалық сұрақтар қою арқылы Жаңа сабақтың тақырыбын тауып алдырамын.

Ендеше оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз Жануарлыр туралы болмақ. Біз бүгін Жануарлар әлеміне саяхат жасамақпыз.

I I I.Сабақтың мақсаты.Жануарлар туралы түсіндіремін. Олардың  жабайы жануарлардан айырмашылықтарын айтамын.

I V. Кітаппен жұмыс.

1-тапсырма. Суреттер мен сөйлемдерді пайдалана отырып, диалог құраңдар.

Түйе боздайды, боталайды.

Жылқы кісінейді, құлындайды.

Сиыр мөңірейді, бұзаулайды.

Ешкі маңырайды, лақтайды.

Қой маңырайды, қоздайды.

Грамматикалық тақырып. Есім сөздердің орнына қолданылатын сөзді есімдік деп атаймыз

Мысалы: мен, бұл, кім, өзім.

Есімдік

Жіктеу       Сілтеу        Сұрау        Өздік

Мен,сен,сіз,ол,

біз,сендер,сіздер,олар.

Кім?  Бұл,сол, ол, мына, осы, міне, анау,

кай,қайсы  Кім? не? неше? қай?

қалайша, қашан  өз,өзім,өзің,өзі кім?

Дәптермен жұмыс.2-тапсырма. Төмендегі сөздерге сілтеу есімдіктерін қосып, сөз  тіркестерін құраңдар.

Үлгі: сол бұзау, мына жылқы.

Бұзау, лақ, жылқы, сиыр, қой, ешкі.

Иелік форма.

Соңғы дыбыс      жұрнақ      Мысал

дауысты     нікі    ботанікі

Ұяң з,ж,

Үнді й,у, л, м, н, н

дікі

сиырдікі

Қатаң және б,в,г,д        тікі    лақтікі

 

  1. Тақтамен жұмыс. Сөзге тиісті жұрнақты жалғап жазыңдар.

Қозы                       дікі,нікі.

Сиыр

Қой

Ешкі

Түйе

Жылқы

Жұрнақтарды қойып орналастыру.

Әр оқушыларға жануарлар туралы тапсырмалыр беру.

V I. Сергіту сәті.

V I I. Бекіту. 1.Түйе не істейді?

  1. Сиыр не істейді?

3.Ешкі не істейді?

  1. Қой не істейді?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

V I I I. Қорытындылау. 1.Сиыр бізге не береді?  (сүт,айран, т.б)

2.Жылқының сүтінен не жасалады?

3.Түйе сүтінің пайдасы қандай? Одан не аламыз?

Ұй тапсырмасы: Есімдік түрлерін жаттау. Төлдердің пайдасы туралы мәліметтер жинап әкелу.

Бағалау. Сабаққа белсене ат салысқан оқушыларды бағалау.

Сабақ аяқталды    Сау болыңдар.