Сабақтас құрмалас сөйлем

 

Сабақтың тақырыбы Сабақтас құрмалас сөйлем
Сілтеме Топтық жұмыстағы рөлдерді бақылау .                                                                  Сын тұрғыдан ойлау
Жұптық,топтық жұмыс
Жалпы мақсатыСабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық  түрлері мен ерекшеліктерін, жасалу жолдарын түсіндіру. Түрлі сұрау-тапсырмалар мен сызба кестелер, дидактикалық жаттығулар арқылы сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.
Оқушылар  үшін оқу нәтижелері·         Оқушылар әр түрлі топтық жұмыстарды орындау арқылы бір-біріне қарым-қатынастары өзгереді. ·         Бір-бірін шынайы бағалай алады(критерий құру арқылы.·         Әр оқушы өз ойын жеткізуге мүмкіндік алады.
Сабақта туындаған негізгі идеяларОқушылар тақырып бойынша әркелкі жұмыстар арқылы сыни ойлауға дағдылана бастайды, сонымен қатар сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Топпен жұмыс арқылы бір-бірімен қарым –қатынастары жақсарады.
Орындалатын жұмыстар

 

 

1.      Оқушыларды  топқа бөлу.

2.      Топпен топ ережесін естеріне түсіру.

3.      Сабақтың мақсатын түсіндіру.

4.      Сабақтың тақырыбын ашу

5.      Тақырып бойынша негізгі тапсырмаларды орындату

6.      Рефлексия

                                Сабақтың эпигарфы:

                                          «Сендерді, ең алдымен, қалыптасқан тұлғалар,

      тамаша кәсіпқойлар және

                                  шынайы патриоттар тұрғысында көремін»

Н.Ә.Назарбаев.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу, түгендеу.

2. Сынып топқа бөлінеді. /өз қалауларымен/

3.Күн мен айды жазу.

 

«Абылай ханға арнау» өлеңі оқылады./оқушы шығармашылығы/

 

Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

 

 

1.Сабақтың мақсатын түсіндіру.

2.Бағалау критерийлері жазылған парақтар үлестіру.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

 

1.Сабаққа назар аудару

2.Сабаққа психологиялық жағынан дайындалады

3.Бір-біріне деген жақсы  қарым-қатынас орнатады

 

 

Топтарға салалас құрмалас сөйлемдер жазылған парақтар беріледі, оқушылар сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай орналастырады.

Сөйлемдер:

1.Мен әрі толқыдым, әрі өзгеше бір сенімділік барын сезіндім./ыңғайлас/

2.Олар уәделі жерге кеш жетті, өйткені көлік таппай қатты қиналыпты.

3.Мен айтарымды айтып салдым,-ескертуіме елең  еткен Еркінді көрдім.

4.Я көңіліміз аспандап жеңіске жетеміз, я абыройымыз аяқ асты боп жеңілеміз.

5.Құс қанатын жазып бірде көкке самғады, бірде төменге құйылды.

6.Қатты толқығаны  сонша-жанары жасқа толып кетті.

7.Қаталдықтың екі түрі болады: ақылды қаталдық, есерсоқтық қаталдық.

8.Ректорат мынаны еске салады: студенттерді ерте бастан ғылыми еңбек жазуға төсілдіру.

9.Ол өз бумасын көтерді және жол көрсету үшін алға түсті.

10.Ол кітаптарды достарына беруге асықты, мен де көтеретін кітаптар бумасын бөліп алды.

11.Биыл астық жақсы шықты, өйткені жаңбыр жақсы жауды.

12.Байсалды қалыпта сыр бермей тұр, бірақ жанарын тайдырып әкете берді.

13.Бәріміз шақырған жерге барайық немесе күйбең тірлігімізді жалғастырайық.

14.Кейде бұлтпен бірдей боп көзге шалынбайды, кейде нақ төбеге кеп қалықтайды.

Сабақтас сөйлемді түсіндіру.Сабақтас сөйлемді салалас құрмалас сөйлеммен салыстыру.
1-тапсырма: Оқушыларға сабақтас құрмаластың жасалу жолдары жазылған парақтар беріледі.

 

Оқушыларға парақтардан өздеріне тиісті жасалу жолдарды таңдап алып, постер жасайды. Мысалмен дәлелдейді.

Топтан 1-1 оқушы шығып постерін қорғайды.

1-топ: шартты бағыныңқылы сабақтас

2-топ: қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

3-топ: мезгіл бағыныңқылы сабақтас

4-топ: мақсат бағыныңқылы сабақтас

5-топ: қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

6-топ: себеп бағыныңқылы сабақтас.

2-модуль /Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

2-тапсырма:

«Қазақ әдебиеті» топтар ұяшықтарды таңдайды.

Үзінді қай шығармадан алынған? Авторы кім? Сабақтастың мағыналық түрін анықтау.
Тапсырмалар
1-ұяшық:  «Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді» / Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке» мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем/

2-үяшық: «Мұзға ыққан ер азаматтардың алдын орап кісі шаптырайын десе, көлік жоқ» /Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» қарсылықты бағыныңқылы сабақтас/

3-ұяшық: Біраз отырған соң, күндіз жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды. / Ы.Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы» мезгіл бағынықылы сабақтас/

4-ұяшық: Өзен жағасы жарлау болғандықтан, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді. /Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас/

5-ұяшық: Әкесі бүгін әдейі бір үй іші кеңесті оңаша сөйлесейін деп, Мағаш, Әбіштерді осында шақыртқан.

6-ұяшық: Енді Бақтығұл шынын айтса да, болыстың өзі жылымай отыр.

3-тапсырма: топтар тақырыптарды таңдап, тақырыпқа орай сабақтас құрмалас сөйлем қатысқан мәтін құрастырады.«ЕХРО», «Экология», «Экономика», «Көшпенділер кино», «Маңмаңгер» клип.

«Қазақстан»

4-модуль /АКТ/

4-тапсырма:

«Айтыс және қайым айтыс»

«Салалас пен сабақтас» тақырыптары бойынша оқушылар айтысады.

5-модуль: /Талантты және дарынды балалармен жұмыс/

5-тапсырма: «Кино кейіпкерін сомдау»Оқушылар берілген кино үзінділердің кейіпкерлерінің орнына өздерін қойып сөйлейді.

/Құрамында сабақтас құрмалас сөйлем қатыстыру./

Ойтолғаныс

«Дебат»

Топтар «Сабақтас пен салалас құрмалас » сөйлем

5-модуль: /Талантты және дарынды балалармен жұмыс/

Дереккөздер және жабдықтар:  «Көшпенділер» кинодан үзінді, слайд, компьютер, интерактивтік тақта.»Ғашық жүрек» киносынан үзінді

 

 

 

Сыни тұрғысынан ойлау.

Жұптық,топтық жұмыс

АКТ

Талантты және дарынды балалармен жұмыс

Оқу үшін бағалау.

Үй тапсырмаӨлеңді жаттау немесе шығарма жазу.
Рефлексия.

Смайликтерге өз көңіл күйлерін білдіріп стикер жапсырады.

Сабақты бағалау: 3-модуль /Оқу үшін бағалау/

 Бағалау критерийлері:

Оқушының аты-жөніҮй тапсырма1-тапсырма

/постер қорғау/

2-тапсырма

 

 

3-тапсырма

 

4-тапсырмақорытынды