Тұрақты сөз тіркестері

637

Сабақ тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері

 

Сабақтың мақсаты: тұрақты сөз тіркестерін еске түсіру, қайталау

тұрақты сөз тіркестерінің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығын айыра

білу, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

 

Күтілетін нәтиже: тұрақты сөз тіркестерін біледі, еркін сөз тіркестерінен айырады, күнделікті                                                                        қо                                                 өмірде қолданады

 

Сабақты бағалау:  СТО стратегиялары

«Ти» кестесі , Қызықты суреттер, Венн диаграммасы, Символдар, Тест,

Диалог, Жасырынбақ, «Бұл кім?» , Еркін жазу

 

Сабақтың құрылысы.

 

І. Қызығушылықты ояту

 

«Бүгінгі білім – болашақта бағындыратын биіктеріңнің бастауы»

 

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішінде қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Абай.

А. «Бұл кім?»  ( қызығушылықтарын ояту мақсатында тақтаға бүгінгі сабаққа алынған эпиграф

Сөйлем мен өлең шумағы жазылған плакат ілінеді де, оның авторын балалар сұрақ қою арқылы

Табады )

 

ІІ. Мағынаны тану

 

Б. «Еркін жазу»

Тұрақты сөз тіркестері дегенде ойымызға не келеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ереже шығару.

В. «Категориялық топтастыру»

(тапсырмадағы тұрақты сөз тіркестерін әр топ өзіне берілген сөзге байланысты теріп жазады.)

Тірек сөздер: Көз, ауыз, жүрек, тіл-тіс, мұрын-құлақ, қол –саусақ

Топтастырып теріп жазады, мағынасын айқындайды, 3 тұрақты сөз тіркесіне сөйлем құрайды.

 

Тапсырма № 1

 

Ала көзімен атты, аузынан салбырап түскендей, ақ саусақ, жүрегінің түгі бар, тіс жармау,

мұрны қанамау, екі көзі төрт болды, аузына құм құйылды, қолы ашық, тас жүрек, тіс қаққан,

құлақ қағыс ету, екі көзі шарасынан шығу,аузынан бір елі тастамау, қол ұшын беру, су журек,

тісі шыққан, құлаққа ұрған танадай, жүзіктің көзінен өткендей, аузына қақпақ болу, қол қу

сыру, жүрегі орнына түсу, тісін қайрау, құлағын түру, иненің көзінен өткендей, жұмған

аузын ашпау, қолы жүру, жүрегі зу ету, тілін тістеу, құлағын бұрау, көз байлау, аузы-аузына

жұқпау, тырнақ астынан кір іздеу, жүрегі шайлығу, тілін табу, көз болу, ауыз бастырық беру,

он саусағынан өнер тамған, ақ жүрек, көз жазып қалу, аузымен орақ ору, қол алысу, көз

шырымын алу, қой аузынан шөп алмас, көзді ашып-жұмғанша, аузын буған өгіздей, бес

саусақтай білу, жүрегі аттай тулады, бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ, иісі мұрнына кірмеу

бармақ тістеу, жүрегі аузына тығылды, тілі қышыды, есек құрты мұрнына түсу, журегі

алып ұшу, тілі байлану, жаны мұрнының ұшына келу, тілге келмеу, мұрнынан шаншылу,

мұрнын шүйіру.

 

С. «Диалог»

Өздерінің қалауы бойынша тақырып таңдап диалог құрайды, ішінде тұрақты сөз тіркестері бо

Луы шарт. ( мысалы: «Ауруханада», «Дүкенде», «Сабақ үстінде», «Әжемнің ақылы» т.б

Д. «Қызықты суреттер»

2 тұрақты сөз тіркесі бойынша сурет салады , келесі топтар оны шешуі тиіс

Е. «Жасырынбақ»

 

«Жасырынбақ»

1.Бит қабығынан ….. тоқыған.

2.Жұмыртқадан …. қырыққан.

  1. Балақтағы …. басқа шапқан.
  2. Мойны ырғайдай, …. торғайдай.

5.Кеудесіне ….піскен.

  1. ….. айрылған бақсыдай.
  2. Жер астынан жік шықты, ….. тік шықты.
  3. …. басына қаптау.
  4. Иттің құлы …..
  5. Көк ала ….ету.
  6. Қадалған жерінен ….алу.
  7. Құрғақ уәдемен …. қуыру.
  8. …. шаққан құрлы көрмеу.
  9. Сүтке тиген ….. болу.
  10. …… су көтермеу.
  11. ….. тағаладың ба
  12. Түйенің танитыны ……
  13. ….. қу шөппен сүрту.

 

Берілген тапсырмадағы тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер жасырынып қалған

Соны табу, мағынасын айқындау

Ж. «Символдар»

Әр топ тақтаға ілінген суреттерден таңдап алады да, сол суретке байланысты тұрақты сөз тірке

Сін айтады ( Ай,ат,гүл, ит, қой, 5 , 12 )

З. «Ти» кестесі

Берілген тұрақты сөз тіркестерінің синонимдері мен антонимдерін табу

 

                     «Ти» кестесі                                          

                           Синонимдер                                            Антонимдер  

 

 

Білімді               көзі ашық                                                                    әліпті таяқ деп білмеу

Жас                   он екіде бір гүлі ашылмаған                                     асарын асап, жасарын жасаған

Батыр                жүрегінің түгі бар                                                       су жүрек

Алыс                 ит өлген жер                                                              тиіп тұр

Момын              қой аузынан шөп алмас                                              иненің көзінен өткендей

Дос                    жұлдызы жарасқан                                                      жұлдызы қарсы

Менсінбеу         көзге ілмеу                                                                              құрдай жорғалау

Туылу                 дүние есігін ашу                                                       дүниеден өту

Ұнату                жаны құмар                                                                 жаны қас

Тату                    арасынан қыл өтпеу                                                 ала ауыз

Хабарласпау      ат ізін салмау                                                            ат ізін суытпау

Қуану                  екі езуі екі құлағына жету                                        зәресі зәр түбіне кету

Жомарт               қолы ашық                                                                 аузын қу шөппен сүрту

әдемі сөйлеу       сөздің майын тамызу                                               сөзі түйеден түскендей

 

ІІІ. Толғаныс

 

И. «Венн» диаграммасы

Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығын табу

 

 

 

 

Л. Тест тапсырмасын әр оқушы жеке орындайды ( 16 сұрақ) Бірін –бірі тексереді

 

      «Тұрақты тіркес»  тақырыбы бойынша тест сұрақтары

 

  1. Қай тұрақты тіркес «әділ» деген мағынаны береді?

А. тонның ішкі бауындай

В.Ала жіпті аттамау

С.Он саусағынан бал тамған

Д.Қара қылды қақ жарған

Е. Мұрнынан шаншылу

  1. Антонимдес фразеологизмдерді табыңыз.

А. Су жүрек – жүрек жұтқан

Б. Мойнына су кету- ит өлген жер

С. көз жұмды-жүріп кетті

Д. көзге түртсе көргісіз- тайға таңба басқандай

Е. Шашбауын көтеру- тақиясына тар келу

  1. Қай тұрақты тіркестің мағынасы дұрыс көрсетілген?

А. мұрнын шүйіру-дәмелену

Б. Сөз беру- таң қалу

С. зығыры қайнау- өлу

Д. сілесі қату-әбден шаршау

Е. Сүттей ұйыды-келіспеді

  1. Мағынасы синонимдес тұрақты тіркестерді табыңыз.

А. Бауыр басу-ақ саусақ

Б. Таяқ тастам жер- сүт қайнатым уақыт

С. Екі езуі құлағында-төбесі көкке жету

Д. Ит арқасы қиянда-маңдайының соры бар

Е. Көз ілмеу- көз шырымын алу

  1. Идиомалық тіркесті тап

А. Жазда Асанбай ауылы осы төңіректің сай- саласын мекендейді

Б. Бұл өңірдің ауылдары алты бақан ала ауыз боп біріккен емес

С. Күз келісімен, бұлар қыстауға көшудің амалына кірісті

Д. Данагүл саумалы малдарды сатуға қарсы шықты.

Е. Шаруаның ісі бітпейтінін ол енді түсінгендей болды.

  1. Мақал- мәтелден тұрақты тіркесті тап

А. Денсаулық – зор байлық

Б. Ештен кеш жақсы

С. Сабыр түбі сары алтын

Д. Оқу инемен құдық қазғандай

Е. Көп түкірсе, көл болады.

  1. «Алыс» мағынасындағы идиомалық тіркесті тап

А. Ит жеккен

Б. Ер қашты

С. Асқар тау

Д. Көз аларту

Е. Ат арытып, тоң тоздырып

  1. Бастауыш қызметіндегі тұрақты тіркесті тап.

А. Олар көптен бері қырғи қабақ болып, бір-бірін аңдысып жүр.

Б. Ауызы күйген үрлеп ішер

С. Олар  суықта қалып, тісі-тісіне тимей жаурады

Д. Істің насырға шапқанын сезген Оспан сыртқа шығып кетті

Е. Ұяттан кірерге тесік таппаған бала қып- қызыл болып кетті

  1. Тұрақты тіркесті тап.

А. Ырыс алды- ынтымақ

Б. Бойшаң кыз

С. Ат ізін салмау

Д. Туған жер

Е: Түйме тағу

  1. «Маңдай тер» деген қандай мағына береді?

А. Үлгілі, озат

Б. Шаршау

С. Адал еңбек

Д. Қуану

Е. Бірлігі бұзылмау

  1. «Билігі күшті» дегенді тұрақты тіркес түрінде қалай айтады?

А. қолы ашық

Б. Көз салу

С. жұлдызы оңынан туу

Д. құрығы ұзын

Е. Бас имеу

  1. «Төбесі көкке жету» тұрақты тіркесінің мағынасын тап.

А. өкіну

Б. Қуану

С. ұйықтау

Д. ұшу

Е ойнау

  1. Тұрақты тіркесті тап

А. қоян жүрек

Б. Адамның жүрегі

С. жүрегі соқты

Д. жүрегі лүпілдеді

Е. Жүрек ауруы

  1. «Тез» деген сөзді тұрақты сөз тіркесі түрінде қалай айтады?

А. ит өлген жер

Б. Ауызға іліну

С қас пен көздің арасында

Д. дегбір таппау

Е. Еті тірі

  1. «Тонның ішкі бауындай» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы

А. мықты

Б. өте жақын, өз адамындай

С. анық

Д. күш көрсету

Е. Оңай, жеңіл

  1. «Әліңе қара» дегенді сөз тіркесі түрінде қалай айтады?

А. қаймағы бұзылмау

Б. Қабақ шытысты

С. көрпеңе қарай көсіл

Д. кежегесі кейін тарту

Е. Жер болу

 

М. «Бағалау парақшасын» топтаса отырып толтырып, өзара бірін-бірі бағалау жүзеге

асады.

 

Б а ғ а л а у    п а р а қ ш а с ы

Оқушының аты-жөні Дәптермен жұмыс. Ереже кластер 1.

Теріп жаз, сөйлем құра

2.

Диалог құрау

3.

Қызықты суреттер

4.

Жасырынбақ

5.

Символдар

6.

«Ти» кестесі

7. Венн диаграммасы 8.

Тест

(Балл)

Қоры тынды
1 оқу жылы