М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі (қорытынды сабақ) ( 7-сынып)

 

Тақырыбы:  М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі (қорытынды сабақ)  ( 7-сынып)

Мақсаты:

Әңгіменің идеясын жан-жақты талдай отырып ашу;

Адамдар мен көк бөрінің іс-әрекеттерін саралай отырып,

адамзат  табиғатпен  психологиялық  тепе-теңдікті сақтау

керектігіне көздерін жеткізу; іскерлік дағдыларын

қалыптастыру, ойларын еркін жеткізе білуге баулу,

көк тәңірісі көк бөрі екенін дәлелдеп, түрлі

деңгейлік тапсырмалар беру арқылы таным көкжиектерін

арттыру.

Түрі: сын тұрғысынан ойлау, игерілген білімді қорытындылау

 

 Әдісі: талдау, жинақтау, дәлелдеу

Көрнекілігі:мультимедиа

 

Сабақ барысы:

  1. Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету

Үй тапсырмасын пысықтау, жинақтау.

 

  1. Композициялық жоспар:

( экрандағы композициялық жоспарға назар аударту)

Р/с

 

Әңгіменің композициялық

элементтері

Композициялық жоспарӘңгіменің көркемдік әдіс-тәсілі
1Оқиғаның басталуыҚараадыр табиғаты.Қасқырлар мекені.Суреттеу
2Оқиғаның байланысыАдамдар шабуылы. Көксеректі

асырауы

Баяндау

диалог

3Оқиғаның дамуыКөксеректің ауыл тірлігін жатсынуы.Баяндау

Суреттеу

4Оқиғаның шиеленісуіКөксеректің өз қандастарына қосылуыСуреттеу
5Оқиғаның шарықтау шегіКөксеректің жойқын күшке айналуыБаяндау

Суреттеу

6Оқиғаның шешіміҚұрмаштың қазасы. Көксеректің

жазасын тартуы

Баяндау

Диалог

 

  1. II. Композициялық жоспарға сүйене отырып, нақты  дәлелдер-

мен   Көксерекке   мінездеме беру

 

III. Семантикалық карта

 

Әрі қарай сабағымызды семантикалық картамен жалғастырамыз.

(Экраннан көрсетіледі)

Кейіпкерлер сөзі кімдікі?

Кейіпкер сөзіАуыл адамдарыЖұмашҚұрмаштың

әжесі

Бейсембай
Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем ?+
Кәпір қырыс, неме , кеудесін бермейді, жасымайды.+
Мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті, тұқымын сезген екен, мұны өлтіріп,

терісін алайық .

+
Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала

төбетім бір-ақ

соғады.Араша

лай алмасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді.

+
Іздегендерің-

нің  өзі-сол,

бәрін істеп жүрген сол.

Енді соны бір қолға берсе-ау!

+
  1. Суретте- Көксеректің сыртқы кескін-келбетін суреттеңіз
  2. Салыстыр- Аққасқа мен Көксеректі салыстырыңыз
  3. Зертте- Көк бөрінің қадір-қасиеті туралы әңгімелеңіз
  4. Талда- Кейіпкерлер тағдырын талқыға салыңыз.

V  Проблемалық сұрақтар:

  1. Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
  2. Адамдардың бөлтірікке жасаған іс-әрекеттеріне қалай қарайсыздар?
  3. Әңгіменің идеясы не?
  4. Көксерек Құрмашпен неге тез тіл табысты?
  5. Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
  6. Құрмаштың өліміне кінәлі кім?

     Қорытынды:

Ата-бабамыз қасқырды «Көк бөрі» деп атап қадір-қасиет тұтқан,оның атын атамай, «ұлыма», «итқұс», «жаманауыз» деп атаған.Оны орман санитары деп те атайды, ол-түз тағысы , ол еш уақытта цирк ареналарына шықпайды, қолға үйренбейді.

Әңгімедегі бейкүнә  бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ . Себебі, адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар. Ендеше, балалар, табиғатты зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін емес!

 

Үйге тапсырма:

«Адам  және табиғат» (эссе ) жазу

Бағалау