Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың  тақырыбы:  Лексикадан өткенді қайталау

 

Сабақтың мақсаты:

 

а) Білімділік: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда  қалғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру, білімдегі олқылықтарды жою.

ә) Дамытушылық: Сөз байлығын дамыту, сөздік қорын байыту, күрделендіру, ойлау қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелік: Білімге құштарлыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау,СТО,

 

Сабақтың түрі: бекіту,қайталау.

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті  тақта,кесте

 

Сабақтың барысы

 

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) Оқушылардың түгелдеу

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

 

 

Біздің бастапқы сөзіміз лексика тарауын қайталап, пысықтауға арналмақ.

 

  1. Лекика ғылымы нені зерттейді?
  2. Омоним дегеніміз не?
  3. Синоним дегеніміз не?
  4. Антоним дегеніміз не?
  5. Диалект сөз дегеніміз не?
  6. Мақал- мәтел дегеніміз не?
  7. Табу дегеніміз не?
  8. Эвфемизм, дисфемизм неңдей сөздер?
  9. Тұрақты тіркес туралы не білесің?
  10. Кірме сөздер неңдей сөздер жатады?

 

Тапсырмалар

 

  1. Мына үзіндіден көнерген сөзді тауып, көнерген сөздің қай түріне жататынын айт.

 

Айтулы ерлер бар екен,

Жүйріктері баптаулы.

Найзалары саптаулы ,

Дұшпанға атар жебесі.

Қорамсақпен қаптаулы.

 

  1. 2. Үзіндіден кірме сөзді тап.

 

Дастархан  жайып құрметтеп,

Төкті түрлі жемісті

Жез самаурын қайнаулы,

Союға бағлан байлаулы.

 

3.Антоним сөздерді тап.

 

:    Көл дария, көл болса,

Бай мен жарлы тең болса,

Диханшылық көп болса,

Қатерсіз- дағы ел болып

 

Жаман сөз-жанға кірген тікен,

Жақсы сөз-таусылмайтын ем.

 

  1. Төмендегі тұрақты сөздер тіркесінің мағыналарын анықтап,сөйлем құра.

 

Ит терісін басына қаптады-

Қыздың жиган жүгіндей-

Жұмған аузын ашпау-

Ат ізін салмау-

Көрер таңды көзімен атырды-

Көзді ашып-жұмғанша-

Төбе шашы тік тұру-

 

 

 

 

уәзірқозазағипұрысүгіретглобусұлыматерең өзенөткір тілғарышӘдемі,

көрікті

пәнИт арқсаы қияндаеркежан
Эвфемизм
Дисфемизм
Кәсіби сөз
Термин сөз
Табу
Көнерген сөз
Жаңа сөз
Синоним
Кірме сөз
Тура мағына
Ауыспалы мағына
Тұрақты тіркес
Диалект сөз

 

212,220-жаттығу.

Тест жұмысы

1.Синоним сөздерді тап

А)амандасу,есендесу      В)бал,әсем      С)сұлу,сүлгі      D)тарих,қақпа

2.Ағаш ұсталығына қатысты кәсіби сөзді тап

А)шанышқы                     В)қоза              С)сүргі              D)Керней

3.Эвфемизмге жататын сөзді белгіле

А)бақиға аттанды            В)қасқыр       С)найзағай      D)Мылжың

  1. «Мырза жігіт», «кенже бала»сөздері қай сөзге қатысты?

А)тұрақты тіркес             В)табу      С)көнерген сөз

D)Омоним

5.Антонимнің анықтамасы

А)қарама-қарсы сөздер   В)мағынасы жақын сөздер

С)Сыпайы сөздер       D)Дыбысталуы бірдей,мағынасы басқа сөздер

6.Жаңа сөздерді тап

А)космос,самолет    В)кеден,зейнеткер      С)емтихан,әдебиет

D)адрес,помидор

7.Математика ғылымына байланысты сөздерді тап

А)бөлшек,квадрат     В)жер шары,жұлдыз   С)сақ,тайпа

D)лексика,тарихи сөз

8.Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөзді қалай атайды?

А)Кірме                    В)Диалкет сөз              С)Эвфемизм

D)Кәсіби

9.Тұрақты тіркестің әдеби балмасын анықта «Төбе шашы тік тұрды»

А)суды төкті             В)мақтады                    С)ұрысты

D)қорықты

10.Мақалдың жалғасын тап

Оқу білім бұлағы…

А)еңбек-ырыстың бұлағы   В)еңбек-бақыттың шырағы С)білім-өмір щырағы

D)жер-ырыстың кіндігі

 

INSERT  cтратегиясы.

 

 

Нені білемін?

 

Нені білдім?

 

Нені білгім келеді?

 

Бағалау.

Үйге тапсырма.

221,222-жаттығу