Тыңдау әдебі

368

 

Сабақтың тақырыбы: Тыңдау әдебі

Сабақтың мақсаты: Әдеп, тыңдау әдебі туралы түсінік беріп, сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, әдептілікке, біреудің пікірін тыңдай білуге қалыптастыру.

Сабақтың түрі:                дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар, постерлер, слайдтар

Пәнаралық байланыс:          әдебиет, өзін-өзі тану

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Сатамын, сатып аламын…» психологиялық ахуалды қалыптастыру.

І.  Қызығушылықты ояту.

«Конверт-сұрақ» әдісі. (Деңгейлік тапсырмалар)

ІІ.  Мағынаны тану

Сөзжұмбақ

  1. Заттың атын білдіретін сөз табы.
  2. «Және, үшін, мен» қай сөз табы болады?
  3. Ілік септігінің сұрағы.
  4. Көзге көрінетін зат есімдер.
  5. Бастауышы жоқ сөйлем.
  6. «Ыстық» сөзінің антонимы.
  7. «Сұлу» сөзінің синонимы.
  8. … мыңды жығады.
  9. «Кіші» сөзінің антонимы.
  10. Кімге? Неге? Сұрағына жауап беретін септік.
  11. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын түрі.
  1. «Басқаны тыңдай білу де өнер» дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. Қарым-қатынас кезіндегі тыңдай білудің рөлі қандай?
  3. Тыңдау және есту ұғымдарының айырмашылығы неде?
  4. Сөйлеуші сөзін толық түсіну үшін қандай демеуші сұрақтар берген орынды?

«Әдептілік» дегенге   топтастыру жасау.

Оқулықпен жұмыс.  31-жаттығу.

Мазмұнды сөзге құлақ қойып ықыласпен тыңдай білуге де дағды керек.

Сөйлей білу адамға қаншалықты керек болса, тыңдай білу де соншалықты керек.

 

32-жаттығу. Мына сөздерге математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңдер.

Дәстүрлер, қасиетті, ертегілер, ұшқын, ғажайып.

 

Сергіту сәті. «Поэзия минуты» Әр оқушы бір-бір шумақ өлең оқиды.

 

ІІІ. Ой толғаныс. 33-жаттығу. Мақалдың біреуін тақырып етіп алып, әдеп туралы эссе жазу.

 

ІҮ. Бағалау.

 

Ү. Кері байланыс. «Бағдаршам» әдісі. Бүгінгі сабақ сендердің көңілдеріңнен шықты ма?

«Жасыл» — көңілімнен шықты

«Сары» — орташа деңгейде өтті

«Қызыл» — сабақтан ештеңе түсінбедім

 

ҮІ. Үйге тапсырма. 35-жаттығу. Жұрттың, қасындағы, тақсыр, мұжық сөздеріне математикалық тәсілмен мінездеме беру.