«Менің қалам»

32

 

Тақырыбы:   «Менің қалам»

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: «Қала» модулі бойынша алған білімдерін пысықтау және тереңдету.
  • дамытушылық: әңгіме, мақал-мәтелдер, диалог арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.
  • тәрбелік: туған жерге, қалаға сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздену, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер қима қағаздар, плакаттар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезңі
  2. Тілдік ортасына кіру
  • Біз қай Республикада тұрамыз?
  • Қай қалада тұрамыз?
  • Бүгін нешесі?
  • Аптаның қай күні?
  • Балалар, бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан сендер өз білімдеріңді «Қала» модулі бойынша жақсылар көрсетуге тырысыңдар.

Бүгін нәтиже саба, туған жеріміз, туған өлкеміз туралы әңгімелесіп, өткен тақырыпиарды қайталаймыз. Сол үшін сабағымызды саяхат ретінде өткіземіз.

Балалар, «Мектеп» аялдамасынан «Вокзал» аялдамасына дейін қай автобуспен барамыз

  1. Алдымен біз автобусқа кіріп не айтуымыз керек

Диалог «Автобуста»

  • Сәлеметсіз бе!
  • Мына бос орынға отыруға рұқсат етіңізші!
  • Отырыңыз.
  • Келесі аялдама қандай?
  • Келесі аялдама «Орталық»
  • Рахмет.
  • Сіз шығасыз ба?
  • Жоқ, мен шықпаймын.
  • Өтуге бола ма?
  • Иә болады. Өтіңіз.
  1. Автобусқа отырдық. Бірінші аялдама  «Абай алаңы»

Тапсырма: сұрақтарға жауап беріңдер

  • Сен қай қалада тұрасың?
  • Қала қай жерде орналасқан?
  • Ол қанадай қала?
  • Қалада қанша тұрғын бар?
  • Қалада қанша ұлт өкілдері бар?
  • Неше мектеп бар?
  • Ескерткіштер бар ма?
  • Қала көшелері қандай?
  • Сен қай көшеде тұрасың?
  1. Келесі аялдама «Орталық аурухана»

«Менің қалам» деген сөз тіркесі қандай ассоциацияларды туғызады

  1. Келесі аялдама  «Нан зауыты»

Өскемен қаласы туралы кім әңгіме құрастырады

  1. Келесі аялдама «Мектеп»

Отан туралы мақал-мәтелдерді аяқта

  • Отан оттан да …..
  • Ел іші — ……..
  • Әркімнің өз жері — ….
  • Туған жердің күні де ыстық, түні де ….
  1. Келесі аялдама «Светлана» дүкені

Тапсырма мына сөздермен сөйлем құрастыр

  1. Қалада
  2. Әдемі, кең
  3. Киім- кешек

Т. Молдағалиевтің «Астана» өлеңін жатқа оқу

Үй тапсырмасы: «Болашақ қала» атты тақырыпта эссе жазу.

Сабақтың нәтижесі. Осымен біздің саяхат сабағымыз аяқталды.

Сау болыңыздар.